Жоба туралы "250+" бағдарламасы шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына кең жолақты мобильді Интернетке қол жеткізуге, ал онымен қоса телемедицина, онлайн-білім және т.б. цифрлық Мемлекеттік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ауылдық өңірлерде дамыған инфрақұрылымға ие болуының арқасында Kcell үкіметтің "250+" бағдарламасы бойынша алға қойған міндеттерін тез әрі тиімді шешуге септігін тигізуде. Жоба аясында 828 ауылға қазіргі таңда сапалы әрі үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін оптикалық талшықты интернет қосу алға қойылған. Бұл желінің көмегімен 2,5 мыңға жуық мемлекеттік мекеме байланысқа қол жеткізбек. |