6483
ӨТІНІШ БЕРІЛДІ
3974
ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
47,50 млрд. тг.
БЕРІЛГЕН ЖӘНЕ МАҚҰЛДАНҒАН ӨТІНІШТІҢ САНЫ

Baspana-baqyt
Тележүргізуші, журналист, актриса Майя Веронскаяның халықтың ипотекасы 7-20-25 туралы ізденіп, түсірген циклды хабарының алғашқы бөлімі. Мұнда Майя бағдарламаның шарттарын қарапайым тілмен түсіндіріп, өз көрермендеріне 7-20-25ке қалай қатысуға болатыны жайлы баяндайды.
Бағдарлама туралы видео
Қазақстан қаржыгерлерінің VIII Конгресі аясындағы "7-20-25" бағдарламасының панельді сессиясы
7-20-25 "Нұр-Отан"
Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбековтың қатысуымен брифинг
«Хабар» арнасында тікелей эфирде «7-20-25» бағдарламасын талқылау
Рахым Ошақпаевпен дөңгелек үстел
"7-20-25" бағдарламасының негізгі шарттары

Банктердің қарыз беру рейтингісі
1. Банк Центркредит
4371 өтініш берілді. 36 447,13 млн. теңге көлемінде 3095 өтініш мақұлданды.
2. АТФ Банк
622 өтініш берілді. 2 846,22 млн. теңге көлемінде 229 өтініш мақұлданды.
3. Халық банк
572 өтініш берілді. 3 009,6 млн. теңге көлемінде 235 өтініш мақұлданды.
4. Bank RBK
281 өтініш берілді. 1 314,47 млн. теңге көлемінде 110 өтініш мақұлданды.
    5. Цесна Банк
    180 өтініш берілді. 1 464,12 млн. теңге көлемінде 117 өтініш мақұлданды.
    6. Fortebank
    232 өтініш берілді. 434,9 млн. теңге көлемінде 38 өтініш мақұлданды.
    7. Еуразиялық банк
    70 өтініш берілді. 432,81 млн. теңге көлемінде 31 өтініш мақұлданды.

    Қарыз берудегі аймақтардың рейтингісі
    Астана қаласы
    2056 өтініш берілді. 19 726,54 млн. теңге көлемінде 1353 өтініш мақұлданды.
    Алматы қаласы
    1701 өтініш берілді. 12 325,07 млн. теңге көлемінде 951 өтініш мақұлданды.
    Маңғыстау облысы
    401 өтініш берілді. 2 040,32 млн. теңге көлемінде 249 өтініш мақұлданды.
    Шығыс Қазақстан облысы
    368 өтініш берілді. 2 156,80 млн. теңге көлемінде 240 өтініш мақұлданды.
    Ақмола облысы
    297 өтініш берілді. 1 830,65 млн. теңге көлемінде 213 өтініш мақұлданды.
    Ақтөбе облысы
    313 өтініш берілді. 1 563,88 млн. теңге көлемінде 180 өтініш мақұлданды.
    Батыс Қазақстан облысы
    188 өтініш берілді. 1 101,78 млн. теңге көлемінде 131 өтініш мақұлданды.
    Атырау облысы
    197 өтініш берілді. 1 507,95 млн. теңге көлемінде 121 өтініш мақұлданды.
    Қарағанды облысы
    151 өтініш берілді. 1 031,43 млн. теңге көлемінде 93 өтініш мақұлданды.
    Алматы облысы
    188 өтініш берілді. 1 195,94 млн. теңге көлемінде 108 өтініш мақұлданды.
    Шымкент қаласы
    194 өтініш берілді. 980,2 млн. теңге көлемінде 93 өтініш мақұлданды.
    Қостанай облысы
    166 өтініш берілді. 711,23 млн. теңге көлемінде 102 өтініш мақұлданды.
    Жамбыл облысы
    90 өтініш берілді. 428,76 млн. теңге көлемінде 49 өтініш мақұлданды.
    Қызылорда облысы
    57 өтініш берілді. 367,37 млн. теңге көлемінде 37 өтініш мақұлданды.
    Павлодар облысы
    104 өтініш берілді. 473,28 млн. теңге көлемінде 49 өтініш мақұлданды.
    Солтүстік Қазақстан облысы
    12 өтініш берілді. 61,54 млн. теңге көлемінде 5 өтініш мақұлданды.
    Түркістан облысы
    0 өтініш берілді. 0 млн. теңге көлемінде 0 өтініш мақұлданды.

    Бағдарлама бойынша сұрақ-жауаптар
    1. Бағдарламамен және оның талаптарымен қайдан толығырақ танысуға болады?
    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында http://www.nationalbank.kz/?docid=3555&switch=russian сілтемесі бойынша танысуға болады.
    2. Бағдарламаның негізгі талаптары қандай?
    Мөлшерлемесі жылдық 7%
    Бастапқы жарна - 20%
    Қарыз мерзімі – 25 жылға дейін
    3. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің (СЖТМ) мәні қандай?
    СЖТМ есептік шама болып табылады және қарыз мерзіміне байланысты ерекшеленетін болады. Мәселен, СЖТМ қарыздың 25 жылдық мерзімі кезінде шамамен 7,2%-ды құрайды. Алайда қарыз алушы үшін сыйақы бойынша нақты төлемдер жылдық 7% көлемінде есептелетінін түсінген жөн.
    4. Бағдарлама қандай мерзім ішінде жұмыс істейтін болады?
    Бағдарламаның мерзімі жоқ.
    5. Қарызды қай валютада алуға болады?
    Тек теңгемен ғана алуға болады.
    6. Банктер қандай комиссиялар алатын болады?
    Қарызды бергені және оған қызмет көрсеткені үшін комиссия алуға тыйым салынған.
    7. Қарызды алу үшін қашан және қайда өтініш жасауға болады?
    Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін қатысушы банкке өтініш жасау қажет.
    Қарыздарды беру рәсімінің басталуы және қатысушы банктердің тізімі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына http://www.nationalbank.kz/?docid=3555&switch=russian сілтемесі бойынша қосымша орналастырылатын болады.
    8. Бағдарламаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет?
    Қатысу үшін қарыз алушының Бағдарлама талаптарына, оның ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуына қатысты талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттар, сондай-ақ банктің талаптарына сәйкес өзге де құжаттар қажет.
    9. Қарыз алу үшін қандай талаптар қойылады?
    Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін жеке тұлға мына талаптарға сәйкес келуге тиіс:
    1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
    2) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;
    3) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы;
    4) Бағдарламаға қатысушы банкке өтініш берген сәтте меншік құқығында Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйінің болмауы.
    Банктер қарыз алушыға Бағдарламаның талаптарына қайшы келмейтін қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.
    10. Егер менің ешқандай ресми кірісім болмаса, еш жерде жұмыс істемесем, Бағдарлама бойынша қарыз ала аламын ба?
    Кірісі жоқ, яғни төлем жасауға қабілетті болып табылмайтын азамат Бағдарлама бойынша қарыз ала алмайды.
    11. Қарыз алу үшін жалақы (кіріс) мөлшері қандай болу қажет?
    Қарыз алушы кірісінің ең төмен деңгейі Бағдарламада белгіленбеген. Сонымен қатар қарыз алушының ипотекалық қарызға қызмет көрсету үшін жеткілікті, расталған кірісінің болуы қажет.
    Қарыз алушының кірісі жеткіліксіз деңгейде болған жағдайда, қосалқы қарыз алушы тартуға рұқсат етіледі.
    12. Қоса қарыз алушыны тартуға бола ма? Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары қоса қарыз алушы бола ала ма? Меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы жөніндегі талап қоса қарыз алушыға қолданыла ма?
    Қоса қарыз алушыларды тартуға рұқсат беріледі. Бағдарламада қарыз алушылар үшін белгіленген талаптар қоса қарыз алушыларға қолданылмайды, оларға қойылатын талаптарды банк дербес белгілейді.
    13. Басқа өтелмеген қарыздардың болуы қарыз алу үшін кедергі бола ма? Бұрын менде кредиттер бойынша мерзімін кешіктіру болған, маған қарыз беріле ме?
    Бағдарламада өтелмеген ипотекалық тұрғын үй қарызы бар адамға қарыз беруге тыйым көзделген.
    Басқа қарыздарыңыздың болуы Сіздің кредит төлеуге қабілеттілігіңізді бағалауға және Бағдарлама бойынша әлеуетті қарыз мөлшеріне әсер ететін болады.
    Қарыз алушының кредиттік тарихындағы мерзімі өткен қарыздар қарыз алушының Бағдарламаға қатысушы банк жүзеге асыратын кредит төлеуге қабілеттілігін бағалауға теріс әсер етеді.
    14. Қарыз алушының шекті жасы жөнінде Бағдарлама шеңберінде шектеулер бар ма?
    Бағдарлама бойынша қарыз алушының жасы бойынша шектеулер көзделмейді. Қарыз алушы қарыз мерзімін банкпен келісім бойынша айқындайды.
    15. Бағдарлама бойынша кредит беру кезінде қарыз алушының зейнеткерлік жасының туындауына дейінгі мерзім ескеріле ме?
    Бағдарламада қарыз алушының зейнеткерлік жасының туындауына дейінгі мерзім мен қарыз мерзімі арасында тәуелділік белгіленбейді. Қарыз алушы қарыз мерзімін банкпен келісім бойынша айқындайды.
    16. Бағдарламаға мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, мүгедектер, көп балалы отбасылар қатыса ала ма? Аталған азаматтар үшін арнайы жеңілдіктер көзделген бе?
    Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық санатының қатысуына рұқсат беріледі.
    Бағдарлама талаптары барлығы үшін бірдей болып табылады, сондықтан азаматтардың жекелеген санаттары үшін қандай да бір жеңілдіктер көзделмейді.

    Бағдарлама бойынша сұрақтар қалды ма?
    Жауапты алыңыз