“Зиян шаңды ұстап қалады, лас жерді өзі анықтайды”:
Stan.kz бас редакторы Dreame Z20 AquaCycle™ және Z30 AquaCycle™ шаңсорғыштарын сынақтан өткізді
Шаңсорғыш таңдағанда қиналатынымыз рас. Әдетте біз мықты, бірақ көлемі тым үлкен емес, оңай басқарылатын модель іздейміз. Қазір құрылғылардың түрі көп. Алайда тек шаң, нан қоқымдарын ғана емес, жерге төгілген сұйықтықтан бастап, диван, көлік ішіне дейін еш қиындықсыз тазарта алатын, көпфункциалы әрі ыңғайлыларын табу қиын. Балалы отбасыларға, үй жануарларын ұстайтындарға, тіпті үй жинауды суқаны сүймейтіндерге қолайлы болатындай әмбебап шаңсорғыш табуға бола ма? Stan.kz бас редакторы Dreame компаниясы ұсынған Z20 AquaCycle™ және Z30 AquaCycle™ шаңсорғыштарын үйде және кеңседе шынайы тұрмыстық жағдайда сынап көрді.
Комплектация, дизайн және ыңғайлылық
Екі шаңсорғыш та заманауи әрі стильді көрінеді, ал олардың жасалуына мән берсең, ұсақ-түйекке дейін ойластырылған:
Шағын әрі жеңіл екенін бірден артықшылыққа баладым. Пәтердің ішінде оңай жылжытуға, тіпті бір қолмен алып жүруге болады. Екеуінің де салмағы 2.2 кг.
Интуитивті ЖК-дисплей қуат деңгейін, ластану дәрежесін және қандай режимде тазалауға болатынын көрсетеді.
Еденге қойылатын док-станциясы бар. Ол көп орын алмайды және шаңсорғышты автоматты түрде қуаттайды.
Басқаруға жеңіл. Бір ғана батырманы бастым, жұмыс істеп кетті.
Алғашқы әсерім жаман емес. Дизайны мен құрастыру сапасы жоғары деңгейде екенін бірден айтайын. Екі модель де сенімділік пен премиум сапаны қамтамасыз ететіні көрініп тұр. Шаңсорғыш арнайы док-станция арқылы қуат алады: Z20 AquaCycle™ үшін 3,5 сағат, ал Z30 AquaCycle™ үшін 4 сағат. Док-станцияға кейбір саптауларды орнатып қоюға болады, бірақ бәрі сыймайды екен. Мысалы, Z20 AquaCycle™-да 7, ал Z30 AquaCycle™ -да 9 саптама бар.
Шаңсорғыштар қаншалықты жақсы тазалайды?
Мен бұл шаңсорғыштарды бірнеше жағдайларда сынап көрдім:
Кеңседе сұйықтық төгіп тексердім
Біздің кеңсе 200 шаршы метрді алады, бірақ кілем жоқ, тек ламинат. Екі шаңсорғыш та ұсақ қоқысты: нан үгінділерін, шаңды және аяқкиім іздерін тез тазалады.

Сондай-ақ мен AquaCycle тазалау жүйесі төгілген сұйықтықты қалай тазалайтынын сынап көргім келді. Еденге кофе мен шырын төгіп, 10 минут күттім, нәтижесінде құрылғы дақ қалдыра ма, жоқ па – соны тексермек болдым. AquaCycle™ дымқыл тазалау жүйесі екі модельде де суды жақсы алады екен, дақ қалдырмайды. Бірақ Z30 қуаттырақ болғандықтан, сұйықтықты тезірек тазалайды.
Үйге дымқыл тазалау жүйесін қолдандым
Шаңсорғыштардың бұл функциясы арқасында үй тазалауға арналған сұйықтықты қолданудың қажеті жоқ, себебі кәдімгі құбырдан алынған сумен оңай жуыла береді. 

Еденді 40 минутта тазалайды деп уәде етілген, расымен солай болып шықты. Бірақ турбо режимде қуаты тезірек таусылады. Егер бір қуаттап алып, еденді бөлек, одан соң басқа щеткалармен кілемді, диванды бөлек тазалап аламын десеңіз қуаты жетпей қалуы мүмкін. 
Щеткасы минутына 580 айналым жасайды. Бұл сүт, кофе сияқты сұйық заттар төгіліп, кір болған жерлерді жылдам тазартады. Ал лас судың бөлек сақталуы өте тиімді, себебі оны тікелей арнайы резервуарға жіберетін жүйе еденнің қайта ластануына жол бермейді. Жұмыс кезінде щетка таза сумен үздіксіз шайылып отырады. 

Щетканың ұшы икемді қозғалысының арқасында 90°С-қа дейін бұрылады. Құрылғының жиһаз астына және бұрыштарға оңай кіріп кетуіне мүмкіндік береді. Кәдімгі дымқыл шүберекпен салыстырғанда, AquaCycle™ еденді қатты суландырып, артынан су қалдырмайды.
Тағы не таңғалдырды?
Мен бұл шаңсорғыштарды бірнеше жағдайларда сынап көрдім:
CelesTect™ қос щеткаларындағы жарық шамдар. Бұл мен күтпеген қосымша құрал болды. Көзге көрінбейтін ұсақ шаңды шаңсорғыштың ұшына кіріктірілген жарық ап-анық көрсетіп тұрады. Мен таза деп ойлаған жерлерде де шаң жиналып қалғанын көріп, таңғалдым.
Z30 AquaCycle™ шаңсорғышында жануарлар жүнін тазалауға арналған щетка бар. Ол жүнді бірден контейнерге жинайды. Одан бөлек, жүнді тарайтын саптау арқылы артық жүнді алдын ала жинап, оның еденге не жиһазға түсуін алдын аласыз.
Шаңсорғыштың қол жетпейтін қиын жерлерді тазалауға арналған щеткасымен диванның бұрыш-бұрышын тазаладым.
Сүзгілеу жүйесі – шаң мен ұсақ бөлшектерді 99,99% ұстап тұрады. Бұл мен үшін маңызды, өйткені менің шаңға аллергиям бар. Расымен басқа шаңсорғышпен салыстырғанда шаңды көтермейтіні өте тамаша жетістік деп есептеймін. 
Еден жуу кезінде 390 м² жерге дейінгі аумақты бір рет жуу арқылы тазалауға болады екен.
Dreame Z20 AquaCycle™ және Z30 AquaCycle™- ды салыстырайық: маңызды техникалық сипаттамалар
Dreame Z20 AquaCycle™ мен Z30 AquaCycle™ -дың айырмашылығы жайлы айтқанда қуат күші, сүзгілеу және пайдалану ыңғайлылығына тоқталуға болады.
Сору қуаты
Z30 моделінде 310 аВт-қа дейін артық, бұл Z20-ға қарағанда (250 аВт) жоғары. Бұл әсіресе кілемдердегі шаң мен қоқысты тазартуда тиімді.
Сүзгілеу жүйесі
HEPA H14 екі модельде де бар, бірақ Z30 тазарту деңгейі жақсартылған (0,1 мкм дейін, ал Z20 – 0,3 мкм). Бұл аллергиясы бар адамдар үшін өте маңызды.
Батарея сыйымдылығы
Z30 – 8 × 3200 мА·ч, ал Z20 – 8 × 2850 мА·ч. Бұл Z30-дың ұзақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Қуатталу уақыты
Z30 көбірек қуатталатынын ескерте кетейін - 4 сағат, ал Z20 - 3,5 сағат.
Жинақ
Z30 моделі жануарлардың жүніне арналған щеткамен және шаңға арналған жұмсақ щеткамен жабдықталған, сондықтан үй жануарлары бар адамдарға таптырмас құрал.
Құрғақ тазалау
Құрғақ тазалауға арналған щеткаларында айырмашылық бар. Z30 Z20-ға қарағанда қосымша екі щеткаға артық.
Dreame Z20 AquaCycle™ және Z30 AquaCycle™ кімге ыңғайлы болады?
Бұл шаңсорғыш өмір салты мен қажеттіліктеріне қарамастан бәріне бірдей қолайлы бола алады. Соның ішінде:
  • Балалы отбасылар үшін.
    Себебі үйді тазалау жылдам әрі гигиеналық тұрғыдан таза өтеді. Әртүрлі саптамалардың арқасында әрі сору қуаты мықты болғандықтан, еденде дақ, нан үгіндісі мен тамақ іздері қалмайды.
  • Үй жануарларының иелеріне.
    Жануарлардың жүнін, аяқ іздерін және артынан қалдыратын қоқыстарды оңай тазалайды.
  • Үй жинауды ұнатпайтындар үшін.
    Бұл шаңсорғыш бәрін өздігінен жасайды деуге болады. Шаң басқан жерді жарық шамдары арқылы анықтайды, қуат режимін реттейді, щеткасын тазалап отырады.
Барлық құқықтары қорғалған