"Экраны сынды, шай төгіп алдым, құлап кетті": Ноутбугыңыз бұзылып қалса, не істеу керек?
Ноутбук – жұмыс, оқу және ойын-сауық үшін таптырмас көмекші. Дегенмен техника болған соң, ол да түрлі себеппен бұзылып қалуы мүмкін. Кейде оны жөндеуге біраз қаражат жұмсайтыныңыз соншалық, жаңасын ала салған жөн бе деп ойлайсыз. Бүгінгі материалда Stan.kz ноутбуктар әдетте не себепті бұзылатынына тоқталып, мұндай жағдайда не істеу керегін айтады. Оған қоса ASUS компаниясының ADP бағдарламасы арқылы ноутбукты түрлі жағдайдан қалай алдын ала қорғауға болатынын түсіндіреді.
Ноутбуктар қалай бұзылады? ТОП-5 жағдай
Техника жөндеумен айналысатын Максим Федоровтың айтуынша, адамдар көбіне мына шағымдарды айтып, ноутбуктарын көтеріп келеді екен:
1.“Ноутбугым қатты қызып кетті”
Ноутбук қатты қызып кетсе, салдарынан құрылғының процессоры, видеокартасы, тіпті жүйелік тақтасы зақымдалуы мүмкін.
2.“Экранымды сындырып алдым”
Ноутбуктың экраны сынса, оның сенсоры істемей қалуы, матрицасы бұзылуы, тіпті құрылғы толық істен шығуы мүмкін.
3.“Ноутбугыма су төгіп алдым”
Ноутбукқа шай, су немесе кофе сияқты сұйық төгілсе, пернетақтасы, жүйелік тақтасы және басқа да маңызды бөлігі істен шығады.
4.“Ноутбугымнан біртүрлі шулы дыбыстар шығады”
Ноутбуктан түрлі гуілдеген дыбыс шықса, оның салқындату жүйесі немесе қатты дискісі бұзылып қалған болуы мүмкін.
5.“Ноутбугым қосылмайды, қуатталмайды”
Құрылғы қосылмай қалса, мәселе батареясында, қуат көзінде не ішкі бөліктерінде болуы мүмкін.
Ноутбугым бұзылып қалды, не істеу керек?​​​​​​​
ASUS компаниясының ADP бағдарламасының кеңейтілген кепілдігі ноутбуктарды қалай қорғайды?
ASUS – өзінің сапалы әрі берік технология құрылғыларымен танымал компания. Олар өзінің өнімінің сапасына сенімді, сол себепті қандай себеппен болмасын, ноутбук бұзылып қалса, оны жөндеп беруге дайын. Осыған байланысты компания өзінің құрылғыларына кепілдік береді. Мәселен, компанияның ADP кеңейтілген кепілдігі құрылғыны алдын ала қорғап тұрады.
ADP пакеті – ASUS ноутбуктарына арналған қосымша кепілдігі. Бұл кепілдік кәдімгі кепілдіктер қамтымайтын ноутбук мәселелерін тегін жөндеп, жасап береді. Оның үстіне, ASUS компаниясының техникасын өзгелерге қарағанда өз мамандары жақсырақ біледі. Ал бұл мәселеңізді тез әрі оңай шешіп береді деген сөз. Мұндай кепілдіктің ең ұтымды тұсы мынада: адам ASUS ноутбугын сатып алса, оған ADP пакеті 1 жылға тегін беріледі.
Ноутбуктың кепілдігі бар-жоғын тексеріңіз
Кейде жеке мамандар ноутбукты жөндеуге қомақты қаржы сұрайды. Кейде бұл қалтаға ауыр салмақ. Сол себепті әуелі құрылғыңыздың кепілдігі бар-жоғын, оның мерзімі бітіп-бітпегенін тексеріп алыңыз. Ноутбук әлі де кепілдік мерзімінде болса, оны өз бетіңізбен бұзуға тырыспаңыз. Әйтпесе кепілдігі жарамсыз болып қалуы мүмкін. Мұндай кепілдік артық шығыннан құтқарады және ноутбукты арзанға не тегін жөндетіп алуға мүмкіндік береді.
Ноутбукты өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз
Ноутбукты өзім жөндеймін деп жағдайды одан әрі ушықтырып алмаңыз. Тәжірибеңіз болмаса ноутбукты өз бетіңізше ашып, бөлшектемеңіз. Құрылғының қажет бөліктерін жоғалтып, не сындырып алуыңыз ықтимал. Құрылғыға сұйық төгіп алсаңыз, оны фенмен кептірмеңіз. Бұлай істесеңіз, ыстық ауа металл коррозиясын үдетіп жіберуі мүмкін. Ең дұрысы мамандардың көмегіне жүгініңіз.
Құлап не соғылып бұзылған
Сұйық
төгілген
Экраны
сынған
ADP кеңейтілген кепілдігі қандай мәселені шешіп береді?
ASUS кәдімгі кепілдік түрлері қарастырмайтын ақауларды жөндеп беретін ADP (Accidental Damage Protection) деген кеңейтілген кепілдікті ұсынады. Мысалы, бұл кепілдік:
Қуат кернеуінен туындаған
Кепілдікке басқа себепті ақаулар да жөнделеді
ADP кеңейтілген кепілдігін қалай аламыз?
ASUS ноутбугын сатып аласыз. Одан кейін қарапайым мына екі қадамды істейсіз. Біріншіден, ASUS сайты арқылы тіркеліп, “өтінім жіберу” деген батырманы басу керек. Екіншіден, өтінімді толтыру қажет. Онда ноутбуктың артында не қорабында жазылып тұратын сериялық нөмірін жазу керек және құрылғыны сатып алғанын дәлелдейтін түбіртекті салу қажет. Бар болғаны осы, 30 жұмыс күні ішінде ASUS сізге электронды хабарлама жібереді. Бұл хат сіздің 1 жылға ADP пакетін қосқаныңызды, оны емін-еркін қолдана алатыныңызды білдіреді.
Бұл құрылғының барлығы сапалы, қуатты болып қана қоймай, ADP бағдарламасы бойынша берілетін кеңейтілген кепілдікке ие. Ноутбукты сатып алып, кепілдікті 1 жыл бойы тегін қолдануға мүмкіндік бар.

Қорытындыласақ, ASUS құрылғысын алған адам “ноутбугым бұзылып қалды” деп алаңдамайды. Есіңізде болсын, ADP сияқты кеңейтілген кепілдігіңіз болса, құрылғы ақауын және оны жөндеуді ойлап, бас қатырмайсыз, уайымдап жүрмейсіз!
ADP кеңейтілген кепілдігі бар ASUS-тың ТОП-6 ноутбугы
Барлық құқықтары қорғалған