«
ASUS ExpertBook B5602 OLED экраны
180 градусқа дейін ашылады. Егер пернетақтамен мәтін теру ыңғайсыз болса,
TouchPad көмекке келеді. Бұған дейін ноутбугімнің артықшылықтары туралы сөз еттім. Дегенмен оның артықшылықтары мұнымен бітпейді. Кейде жұмыс арасында телефон мен ноутбукты қуат көзіне қосуды ұмытып кетесің, бірақ ASUS ExpertBook B5 ноутбугін алғалы бұл мәселеге алаңдамайтын болдым.
Қуатты батареямен қамтылған ExpertBook В5-тің
толық қуаты 11 сағат үздіксіз жұмыс істеуге жетеді. Бұдан бөлек лептопта
microSD картасының порты,
екі USB-қосылымы,
HDMI-порт,
екі Type C қосылымы бар. Қажет жағдайда ноутбукті қуат көзі ретінде қолданып, телефонымды қуаттаймын», – деді Ренат Минхаиров.