Геймерлерге, 3D-жобалармен, графикамен, монтажбен айналысатындарға, стримерлер мен киберспортшыларға арналған қуатты құрылғылар. Ойын, сабақ пен жұмысты қатар алып жүргісі келетіндерге, пойызда, тауда, кафеде, шетелде – кез келген жерде еш қиналмай, ойын ойнағысы келетіндер үшін.
ТМД елдерінде ROG Strix SCAR G18 сатып алғандар ASUS Perfect Warranty қосымша кепілдігін алады.
Айтпақшы, ТМД елдерінде ASUS ROG Strix SCAR G18 ноутбугын сатып алғандарға ASUS Perfect Warranty деген қосымша кепілдік береді. Бұл кепілдік ноутбук кенеттен құлап кетсе, оны бір жерге соғып алып зақымдаса, су төгіліп кетсе, тоқ салдарынан күйіп кетсе, тіпті қолданушының кесірінен бұзылып қалса, тегін жөндеп береді. Ол үшін бар болғаны ASUS-тан парақша ашып, ноутбукты сатып алғаннан кейінгі 90 күн ішінде тіркеу керек. Осылай, құрылғыны кез келген уақытта сенімді пайдалана алады.
Бір сәтте бар шаруаңды тындырып береді
Intel® Core™ Ultra 9 275HX (24 ағынға дейін) және Intel® AI Boost NPU 13TOPS-қа дейін
NVIDIA® GeForce RTX™ 5090
18 дюйм, ROG Nebula HDR, Mini LED, QHD+, DCI-P3 100%, G-SYNC® және Dolby Vision®
ROG Strix Scar G18 – оқуға да, жұмысқа да, ойынға да ыңғайлы лэптоп. Бұл ноутбук кәдімгі құрылғылар көтере алмайтын “ауыр” ойындар мен тапсырмаларды оңай атқаруға мүмкіндік береді. Мысалы, ол арқылы көп ресурс қажет ететін AAA деңгейіндегі ойындарды 4К сапада қатпай ойнауға болады. Mini LED панелі бар экран түстерді анық көрсетіп, ойындағы ну орман жапырағын да, қала неонын да – бәрін шынайы етіп жеткізеді. QHD+ (2560×1600), 2000-нан астам жарықты басқару аймағы, 1200 нит жарқырауы және 100% DCI‑P3 болатын түс гаммасы кескінді анық, жарық әрі қанық етеді.
ROG SCAR G18 арқылы бір уақытта бірнеше істі атқаруға болады. Ойын ойнап, стрим жүргізіңіз. Подкаст көріп отырып, жобаңызды рендерлеңіз.
Сұйық металдан жасалған үш желдеткіші, буландырғыш камерасы, қос радиторы ойын ойнағанда ноутбукты қыздырып жібермейді. Ыстық ауа панельден бірден сыртқа шығып, суық ауа төмен жағынан, бүйірінен кіріп, ұзақ ойын ойнаса да пернетақтасы ысып кетпейді.
Ноутбукке шаң-тозаңнан қорғайтын сүзгілер орнатылған. Салқындату жүйесі бұрынғыдан әлдеқайда тыныш жұмыс істейді, тіпті «Турбо» режимінде де қатты дыбыс шығармайды. Strix SCAR G835 255 Вт-қа дейін қуат бере алады да, сенімді, тұрақты және қолданғанға ыңғайлы болып қала береді.
Ал Dolby Atmos технологиясы бойынша істейтін төрт динамигі бар: ойын, фильм немесе стрим кезінде дыбыс қатты әрі анық шығады.
Оған қоса ноутбук корпусы өте ыңғайлы етіп жасалған, ноутбуктың ешқандай құралсыз оп-оңай ашып-жауып, жаңартуға, жөндеуге болады.