ASUS-тың ROG Zephyrus G16 ноутбугының экраны –
16 дюйм. Дисплейі
ROG Nebula OLED технологиясы бойынша жасалған. Жиілігі –
240 Гц. Түс гаммасы –
100% DCI-P3,
NVIDIA® G-SYNC®. Бейнені
2,5К сапада көрсетеді. Мұндай құрылғы визуал өнермен, графикалық дизайнмен, видеомонтажбен айналысатын студенттерге не мамандарға ыңғайлы. Себебі олардың жасаған контенті экранда өте қанық көрінеді. Соның арқасында шығармашыл студент не маман контраст, түске қатысты еш алаңдамай, жұмысы жеңілдейді. Студент экраннан өзінің жұмысының қандай болып шығатынын дәл көріп, рахаттанып отырады.
ROG Zephyrus G16 ноутбугының үш желдеткіші бар. Біріншіден, желдеткіштер құрылғыдағы ыстық ауаны дер кезінде сыртқа шығарып отырады. Соның арқасында ұзақ уақыт ойын ойнасаңыз да немесе “ауыр” бағдарламалар арқылы жоба жасасаңыз да, ноутбук қызып кетпейді. Екіншіден, желдеткіштер бірнеше режимде істейді. Фильм көріп, музыка тыңдап, интернеттен жай ғана ақпарат оқысаңыз, ноутбук желдеткіші кәдімгі режимге көшіп, қатты дыбыс шығарып, мазаңызды алмайды. Ал ойын ойнағанда, құрылғыға “салмақ түскенде” желдеткіш айналады, десе де, дыбысы аса қатты шыға қоймайды. Үшіншіден, желдеткіштер өте сапалы материалдан жасалған. Сондықтан олар ұзақ уақыт жарамды, сәйкесінше ноутбукты да ұзақ қолдана аласыз деген сөз.