Мекеме 1988 жылы КСРО Мемлекеттік банкінің № 4 лицензиясында Алматы орталық кооперативтік банкінің негізінде құрылды.
1989 жылы банк Қазақ КСР және КСРО Сауда-өнеркәсіп палаталарына мүше болып, кейін еліміздің барлық аймағында филиалдарын ашты.
1992 жылы банкке ұлттық және шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге бас лицензия және бағалы қағаздармен жұмыс істеуге рұқсат берілді.
Банк ЦентрКредитінің тарихы
2000 жылы банк көрсетілетін қаржылық қызметтердің аясын кеңейту мақсатында реттелген несие түріндегі өзінің алғашқы меншікті облигацияларын шығара отырып, «KIB Asset Management» ЖШС брокерлік-дилерлік компаниясының тең құрылтайшысы атанды.
Осы тұста зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау бойынша кастодиандық қызметті жүзеге асыра бастады.
2006 жылы банкке еншілес компания BCC Invest Қазақстан қор биржасында тіркелген компаниялар саны бойынша отандық бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары арасында бірінші орынды иеленді. Ол бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жалпы көлемі бойынша нарықтағы көшбасшыларының бірі болып танылды.
2015 жылы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры банкті Валют-Транзит Банк салымшыларына қосымша төлемдерді жүзеге асыру бағытында агент банк ретінде тағайындады.
2016 жылы банк «Air Astana» әуе компаниясымен бірлескен жобаны іске қосты. Осылайша, саяхаттауды ұнататындар үшін «Card for fly» пластикалық карталарын шығарды.
2017 жылы қазақстандық екінші деңгейлі банктер арасында бірінші болып төлем карталары саласының деректер қауіпсіздігі PCI DSS 3.2 нұсқасы стандартының талаптарына сәйкестік аудитінен сәтті өтті.
Банк Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Apple Pay ұялы төлем қызметін іске қосты.
Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингтерін растап, халықаралық шкала бойынша «оң» деңгейіне дейін жақсартты. Сондай-ақ банк депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтинг және ұлттық шкала бойынша CRR рейтингі де көтерілді. Атап айтқанда, деңгей «тұрақтыдан» «оңға» ауысты.
2020 жылы Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингтерін тұрақты болжаммен B2 деңгейінде растады. Осы тұста Альфа-Банк Қазақстан қызметтерін жауып, Eco Center Bank брендімен қайта тіркелген болатын. Ол кейіннен «Банк ЦентрКредит» біріктірілді.
Банк ЦентрКредиті жеке тұлғалардың депозиттерінің өсімі бойынша ТОП-3-ке енді. Ал коммерциялық банктер арасында Қазақстандағы активтерінің көлемі бойынша үшінші орында. Одан бөлек, заңды тұлғалардың депозиттері екі есеге өсіп, екінші деңгейлі банктер арасында үздік ондықтың үштігінен көрінді.
2023 жылы банк тәуелсіз сыртқы аудиттен сәтті өтті. PCI DSS, PCI Pin Security, SWIFT CSP ақпараттық қауіпсіздік стандарттарының талаптарына сәйкестігін растады.
Банк ЦентрКредит Sinoasia B&R акцияларының бақылау пакетін сатып алды. Сатып алу нәтижесінде банктің үлесі барлық дауыс беретін акцияларының 75,9%-ына және жалпы орналастырылған акцияларының 81,6%-ына дейін өсті.
Moody's агенттігі Банк ЦентрКредит рейтингін Ba3 деңгейіне дейін көтерді. Болжам оң болды. Moody's Investors Service (Moody's) банктің ұзақ мерзімді депозиттік және борыштық рейтингтерін, контрагенттік тәуекел рейтингтерін (CRRs) бағалауларды, негізгі несиелік рейтингтерін (BCAs) және түзетілген BCA деңгейін көтерді.
Ал S&P Global Ratings Банк ЦентрКредит рейтингі «BB-» деңгейіне дейін көтерді. Рейтинг болжамы «тұрақты».