Біздің арамызда белсенді өмір салтын ұстанатындар да, бос уақытын үйде өткізуді жөн көретіндер де табылады. Тіпті, екі қайықтың басын ұстап, суға кетпей жүргендер де аз емес. Дегенмен жұмыс күндері кеңседе компьютер алдынан шықпай, аптасына бір-екі күн демалатындар үшін қарапайым музейге барудың өзі қиынға соғып жатады. Ал ғалымдар әліңіз таусылып, көңіл-күйіңіз болмаған жағдайда, серуендеп қайтуға кеңес береді. Себебі жаңа тәжірибе мен эмоциялар миға жағымды әсер етеді.