STAN.KZ ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ СИМВОЛЫН АНЫҚТАУ ҮШІН ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛҒАНЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ.
ҚАЗАҚСТАНДЫ ЕҢ АЛДЫМЕН НЕМЕН БАЙЛАНЫСТЫРАСЫЗ?
РЕСМИ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДЕН БАСҚА, БІЗДІҢ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ, БІРЕГЕЙЛІГІМІЗДІ НЕ КӨРСЕТЕДІ?

Қазақстанның рухын не айқындайтынын сауалнамадан өтіп, анықтаңыз!
Дауыс беру 4 желтоқсан мен 14 желтоқсан аралығында 10 күнге жалғасады.
Қазақстанның басты символына дауыс беру үшін төмендегі суреттің бірін таңдап, басыңыз.
1. Киіз үй
2. Бесбармақ
3. Апорт алмасы
4. Алтын адам
5. Медеу
11. Шарын шатқалы
12. Бурабай
13. Шапан
14. Жайлау
15. Дала қыраны
Дауыс беруге болатын символдар тізімі:
6. Бәйтерек
7. "Қазақстан" қонақ үйі
8. Байқоңыр
9. Қожа-Ахмет Яссауи кесенесі
10. Үстірт қорығы
Бұл суреттер кездейсоқ таңдалмағанын өздеріңіз де ұғасыздар. Себебі әрбір көшпелі қазақ – Киіз үйде тұрған. Ал бесбармақты білмейтін қазақ жоқ.
Апорт алмаларының сорты – алманың ең ірі және бағалы сорттарының бірі.
Алтын адам – Есік қаласынан табылған өткен тарихтың теңдесіз мұрасы.
Медеу – Алматы қаласындағы әлемге танымал мұз айдыны.
Бәйтерек – елордада алғаш болып тұрғызылған нысанның бірі. "Қазақстан" қонақ үйі – Алматы мегаполисінің тарихи нысандарының бірі.
Байқоңыр – жер мен кеңістікті алғаш байланыстырған еліміздегі ғарыш аймағы.
Қожа-Ахмет Яссауи кесенесі – ХХ ғасырда бой көтерген қазақ жеріндегі ең көне нысан.
Үстірт қорығы – Қазақстанның батысында орналасқан алып шөлді алқап.
Шарын шатқалы – ұзындығы 154 км созылатын әлемдегі ең үлкен екінші шатқал.
Бурабай – Қазақстандағы табиғаты көз жауын алатын мекен.
Шапан – қазақтың ұлттық киімі.
Жайлау – қазақтардың жаз келсе қоныс аударатын аймағы.
Дала қыраны – Қазақстанның туында бейнеленген қыран құс еркіндіктің белгісі саналады.