Қаржылық тәуелсіздікке әкелетін алғашқы қадам
Елімізде жылдан-жылға жеке инвесторлар саны өсіп, қор нарығында инвестиция жасау тақырыбына қызығушылық артып келеді.
Жоба туралы
Редакциямыз инвестиция арқылы табысын арттырғысы келетін азаматтармен тілдесіп, білімдерін арттыруда не себепті Freedom Academy-сын таңдағандарын сұрады. Олар сабақ өту барысында өздерінің жеке тәжірибесіне сүйеніп, жоба жайлы баяндап отырады. Сонымен қоса өз қорларындағы қаржыларын құнды қағаздарға салып, түрлі акцияларды сатып алуды үйренеді. Маңызды деталь: бұл қатысушылардың арасында инвестиция мүлдем жасап көрмегендер мен қаржы нарығы жайлы азды-кем білетіндер бар екенін ескертейік. Демек, инвестиция жасап пайда табудың алғышарты – мақсат пен талап.
Журналист, Stan.kz сайтының бас редакторы Назерке Мұса өзінің ұзақ уақыт бойы инвестициялар әлеміне қызығушылық танытып жүргенін айтады. Оның сөзінше, қаржы және инвестиция тақырыбына арналған материалдарды жиі жазу кезінде осы тақырып үнемі алдынан шығып тұрған.
“Инвестициялау өзіне осы мақсатқа жетудің бір жолы ретінде жақсы нұсқа” екенін ерекше атап өткен Назерке журналистикадағы негізгі жұмысынан тыс қосымша табыс көзін қалыптастырмақ.

«Осы салада білімімді жетілдіріп, әрі қарай жиналған қаражатыма су жаңа көлік сатып алуға қаражат жинағым келеді. Инвестицияда тәжірибем жоқ. Бұл жоба арқылы мен инвестициялар туралы білімімді жетілдіргім келеді, нарықты талдауды, ықтимал тиімді инвестициялық мүмкіндіктерді анықтауды және тәуекелдерді басқаруды үйренемін деп ойлаймын ”, – деп түйіндеді Назерке Мұса.
Екінші қатысушы Digital журналист Салима Бағашар “жаһандық жағдайлардың тұрақсыздығына байланысты әрбір адам үшін қосымша табысқа деген қажеттілік туындайтынын” атап өтеді. Оның сөзінше, инвестициялау - көп күш пен уақытты қажет етпей қосымша ақша табудың жақсы тәсілі.
«Жастар ақша табумен қатар, жеке өміріне де уақыт бөлуі керек. Сонымен қатар, мен шынымен ақшаны оңай табу керек деп есептеймін, инвестицияда тәуекелдерді есептеу және жалпы нарықтағы өзгерістерге дайын болу керек, бірақ бұл өзіңізді шыңдаудың жақсы тәсілі”, – деп ерекше атап өтеді ол.

Салиманың сөзінше, көптеген қаржы сарапшылары қосымша табыстың бұл түрі бәрінен де қолайлы деп санайды.
Ол курсты аяқтағаннан кейін қаржы нарығын өз бетінше түсініп, қандай акциялардың көтерілетінін және қайсысы төмендейтінін болжай алғысы келеді.
Ең дұрыс инвестиция – өзіңе және өз біліміңе жасалған инвестиция екенін атап өткен кезекті қатысушы Алексей Мутасов инвестиция саласындағы білімін жетілдіргісі келетінін баса айтады. Ол Digital marketing саласында кәсіпкерлікпен айналысады.
Мен инвестиция саласында тапқан қаражатымды болашақта баламның білім алуына жұмсағым келеді. Жоғарыда атап өткенімдей, ең жақсы инвестиция – адамның өзіне жасаған инвестициясы. Ал білім құны өлшенбейтін байлық. Инвестиция жолындағы білімімді өз балаларымның бойына сіңіргім келеді”, – дейді ол.

Алексей бұған дейін валютаға, акцияларға және криптовалютаға инвестициялаудың әртүрлі тәсілдерін қолданып көргенін атап өтеді.
Жоба қатысушыларының бірі – журналист Ақберен Амангелді. Оның сөзінше, бұрын-соңды инвестиция саласында тәжірибесі болмаған, сондықтан курсқа қатысу алдында қызығушылықпен қатар қорқыныш сезімі де болыпты.
Қазіргі уақытта айналамдағы достарымның ішінде инвестиция саласында жұмыс істей бастағандар пайда бола бастады. Айналама қарап мен де уақыттың өзгергенін және заман талабына сай жаңа бағыттарда пайда табуға болатынын ұғымдым. Осы салаға бет бұрып, инвестиция төңірегінде қаражатымды арттырсам деймін”, – дейді ол.

Ол өзінің қаржылық мақсатын арманына жасайтын қадамымен түсіндіреді.

“Қазір әлемдік нарықпен қатар ел нарығын жаулап алған қытайлық көліктер мені де қатты қызықтырады. Оның ішінде арманыма айналған автокөлік –Lixiang L7. Инвестиция саласын жетік меңгеріп, алдағы 1 жылда қаражатымды жинап осы машинаны сатып алғым келеді”, – дейді ол.

Ақберен бұл жобаның алдына қойған мақсаттарына жетіп, қаржылық жағдайына оң септігін тигізеді деп сенеді.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша орталық депозитарийде 704 мың жеке шот бар, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28 мыңға көп (2023 жылғы 1 сәуірде – 675,9 мың шот болған). Қоршаған ортада бұл туралы қанша ақпарат беріліп, түрлі инвесторлардың инвестиция жасауды бастауға шақыруларына қарамастан, әлі де бұл салаға деген сенімсіздік пен күмән немесе қорқыныш бар.
Материалдар
Ұтыс ойыны
Stan.kz сайты инвестициялар әлеміндегі біліміңіз бен қызығушылығыңызды сынауға мүмкіндік беретін қызықты ұтыс ойынын бастады! Сіздерді инвестициялық білімін жетілдіретін қатысушыларымыз туралы соңғы мақаламызды оқып, ұтыс ойынына қатысуға шақырамыз. Қатысудың бір ғана шарты бар.
Ойын барысында біз осы мақалаға қатысты маңызды сұрақтар қоямыз. Екі сұраққа да дұрыс жауап берген оқырман Freedom Academy ұсынған тегін курсқа ие болады. Ойынға қатысу шарттары мен күнін білу үшін жоба жайлы жаңалықтарды қалт жібермеуге тырысыңыз.
Құпиялылық саясаты