Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялау
Қалай таңдаймыз?
Кез келген инвестициялық стратегия жекелеген мақсатты орындауға жәрдемдесе алмайды. Өз мақсатыңызды айқындап алғаннан кейін оған қанша уақытта, қандай капиталмен жетуге болатынын жоспарлауға болады. Сол шақта бізге қысқа мерзімді инвестициялау мен ұзақ мерзімді инвестициялау жоспарын ажырату керек болады. Бұл сіздің бағалы қағаздар нарығына өту жолыңыздағы алғашқы сенімді қадам болуы мүмкін. Осы ретте Stan.kz қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялаудың бір-бірінен айырмашылығы, артықшылығы мен кемшін тұстары туралы баяндап бермек.

Қысқа мерзімді инвестициялар деп тез табыс алу мақсатында артық қаражатты қысқа мерзімге әртүрлі активтерге салуды айтамыз. Егер сізге кез келген уақытта қосымша қаржы керек боп қалса, бұл – таптырмас пайда көзі. Мәселен, белгілі бір уақыттан кейін үйленуіңіз немесе үй алуға алғашқы жарна төлеуіңіз керек болса, ақшаңызды пайдалы активтерге салып, еселеп қайтаруға болады, әрі мұнда кез келген уақытта оны шешіп алу мүмкіндігі бар. Дегенмен қысқа мерзімді инвестицияда тәуекел барын ұмытпаған жөн. Кейде тез шарықтайды деген компания құлдырап кетуі де мүмкін.

Қысқа мерзімді инвестицияға әдетте 1 жылдан аз уақытқа қаржы салады. Алайда қысқа мерзімге ақша сала отырып, көбірек үстеме ақша табу мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін. Себебі уақыт неғұрлым көп болса, түсетін табыс та соған қарай арта береді.
Қысқа мерзімді инвестициялар

Қысқа мерзімді инвестициялаудың қаржы құралдары:

Ақша нарығының қорлары;

Депозиттер
Мерзімі үш жылға дейінгі облигациялар;

Тұрақсыздық кезінде валютамен сауда жасау
Трейдинг
(Кейбір ақпарат көздерінде бір жылға дейінгі)

Қысқа мерзімді инвестициялаудың негізгі мақсаты – сақтауға тиіс ақшаны инфляциядан қорғау, қаржыны көбейту немесе инвестициялауда тәжірибе жинау.. Төменде қысқа мерзімде жақсы кірісті көрсеткен бағалы қағаздар портфелінің мысалы келтірілген.

Қысқа мерзімді инвестициялар портфелінің үлгісі
(1 жылға дейін)
Табыс көрсеткіші
01.09.2017ж. бағасы
87%
7,1%
8,2%
21,7%
KZT 3771
$ 251,91
$ 126,25
$ 115,49
KZT 2015
$ 235,09
$ 116,64
$ 94,93
01.05.2017ж. бағасы
Тикер
Компания
NOW
CME
MELI
GB_KZMS
Қысқа мерзімді инвестициялардың
Артықшылықтары мен кемшіліктері
Өтімділік жоғары
деңгейі
Тез арада
пайда табу
Бастапқы
жарна төмен
+
+
+
Табыстың
төмен болуы
Тәуекелі жоғары
жобалар
Саяси жағдайға
тәуелділік
Орта мерзімді инвестициялар деп 1 жыл мен 3 жыл аралығында қомақты табыс табуды айтамыз. Яғни осы жылдар аралығында сізге табыс әкелуі мүмкін жобаларға инвестиция құйып, өзіңіз белгілеген уақытта оны шешіп алу еркіндігі болуы керек. Мәселен, сіз 1-2 жыл ішінде жаңа автокөлік алуды жоспарлап отырсыз. Оған ақша жинап, қаржыңыздың тұрақты өсіп отырғанын қалайсыз делік. Орта мерзімді портфель құрылымының негізгі бөлігі кіріс активтері болуы мүмкін (акциялар, жылжымайтын мүлік қорлары, жоғары кірісті облигациялар, мемлекеттік құнды қағаздар, қарыз құнды қағаздары). Бұл портфельді инвестордың өзі белсенді басқаруы керек. Сондықтан орта мерзімді инвестициялау оңай деп айтуға келмейді. Бұл жоспары мен мақсаты бар тәжірибелі инвесторларға сәйкес келеді. Жоспар мен мақсатты айқындаған кезде сіз өз ойыңызды жүзеге асыруға қанша қаражат керек екенін ескересіз.

Орта мерзімді инвестицияларға алға мақсат қоя алатын, алайда салым салуға қаражаты жеткіліксіз болуы мүмкін адамдар қызығып жатады. Алайда олардың қаражаты алдағы 1-3 жылға жоспар құруға жеткілікті болса ғана осы инвестиция түрін байқап көрулеріне болады. Төмендегі портфельде бұрында орта мерзімді уақытта жақсы табыс көрсеткен компаниялар үлгісі көрсетілген.

Орта мерзімді инвестициялар
Орта мерзімді инвестициялар үлгісі
Табыс көрсеткіші
01.05.2019ж.бағасы
63%
981%
44%
84,2%
KZT 25450
$ 12,98
$ 688,56
$ 127,88
KZT 15615
$1,20
$ 477,58
$ 69,41
01.05.2017ж. бағасы
Тикер
Компания
MSFT
CMG
ENPH
KZTK
Ұзақ мерзімді инвестициялар - бұл активтерге бірнеше жыл мерзіміне инвестициялау. Инвестициялық кезең әдетте 3 жылдан астам уақытты алады. Ұзақ мерзімді инвестициялауға нақты қалыптасқан стратегиясы мен мақсаттары бар "ересек" инвесторлар барады. Бұл, әдетте, "зейнет" қорын жасағысын келетін адамдарға ыңғайлы тәсіл. Одан бөлек, жылжымайтын мүлік алу, көлік немесе оқуға ақша жинау сияқты басқа мақсаттарға ақша сақтауға/жинауға мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді инвестициялау

Мысалы, алғаш рет 2006 жылы Лондон биржасына шыққан кезде британдық AstraZeneka компаниясы туралы халық хабарсыз еді. Алайда 2014 жылы ол әлемдегі дәрі-дәрмек өндірісімен айналысатын топ-10 компанияның қатарына енді. 2018 жылы компанияның кірісі 22 миллиард доллар, таза табысы 2 миллиард доллар болса, 2022 жылдың қорытындысы бойынша компанияның кірісі 44 миллиард доллардан асты, таза табысы 3,3 миллиард долларды құрады. Ал әр акцияның құнына қарай алатын болсақ, 2017 жылы компанияның бір құнды қағазы 27 доллар болса, қазір бір құнды қағаздың бағасы 72 доллардан жоғары. Егер 2017 жылы AstraZeneka компаниясының 100 құнды қағазын 2700 долларға сатып алсаңыз, 2023 жылы сіздің құнды қағаздарыңыздың бағасы 72 00 долларға жетер еді.
Америкалық қаржы сарапшысы әрі танымал инвестор Питер Линч "егер сіз қазір ұзақ уақытқа инвестиция салсаңыз, ұзақ мерзім бойы ақшаңызды сырттан бақылайсыз. Ал ақша өз қолыңызда болмаған кезде оны қисынсыз жұмсай алмайсыз" дейді. Линч 10 жылдан 20 жылға дейін акциялардың құнын болжау өте оңай деп санайды, ал қысқа мерзім ішінде болатын өзгерістерді болжаудың қиын екендігін ескертеді.

Ұзақ мерзімді инвестициялау құралдарының көпшілігі қысқа мерзімді инвестициялау үшін ұсынылмайды. Мысалы, тез дамып келе жатқан мемлекеттік емес компанияға ұзақ мерзімді инвестиция жасасақ, оны қысқа мерзімді инвестицияға ұсынуға болмайды.

Инвестициялардың бұл түріне қолы жететін адамдар саны өте аз. Көбіне мұны ірі инвесторлар таңдайды. Себебі бұл ақшаны тұрақты сақтаудың ең қолайлы тәсілі. Мәселен, төмендегі үлгіде тұрақты ақша сақтауға мүмкіндік ашатын ұзақ мерзімді инвестициялар портфелі берілген.

Ұзақ мерзімді инвестициялар көп пайда әкеледі.
Бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді инвестициялау үлгісі
Тикер
01.05.2017ж. бағасы
$ 47,41
$ 46,64
$ 56,28
KZT 58
$ 169,32
$ 117,15
$ 175,24
KZT 153,5
257%
151%
211,3%
164,6%
03.05.2021ж. бағасы
Табыс көрсеткіші
AMZN
GOOGL
ZTS
HSBK
Компания
Қазіргі уақытта сіз қысқа мерзімді инвестицияларға қызығушылық танытсаңыз да, ақшаңыздың бір бөлігін ұзақ мерзімді инвестициялауға бөлген де дұрыс. Бұл нарықтың кенеттен құлдырауы немесе инвестициялау құралын дұрыс таңдамау салдарынан қаржының жоғалу қаупін азайтады.
Инвестиция ақша жинаудың міндетті құрамдас бөлігі екенін есте ұстаған жөн. Ақша жинаудан қорықпай, қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялаудың барлық нұсқаларын жақсырақ зерттеу қажет.

Ұзақ мерзімді
Орта мерзімді
Қысқа
мерзімді
ServiceNow Inc (NOW) – өсу әлеуеті 10%
CME Group (CME) – өсу әлеуеті 7%
MercadoLibre (MELI) өсу әлеуеті 14%
КазМунайГаз (KMGZ) өсу әлеуеті 13%
Microsoft Corp (MSFT) 11%
Chipotle Mexican Grill, Inc. (CMG) 9%
Enphase Energy Inc (ENPH) 30%
Казахтелеком (KZTK) 28%
Amazon.com, Inc. (AMZN) – өсу әлеуеті 30%
Alphabet Inc (GOOGL) – өсу әлеуеті 17%
Zoetis Inc (ZTS) – өсу әлеуеті 26%
Народный банк (HSBK) – өсу әлеуеті 49,3%
Инвестициялық идеялар
28%
30%
9%
11%
13%
14%
7%
10%
49.3%
26%
17%
30%
20 ғасырдың үздік инвесторларының бірі Джесси Ливермор "Өзіңіз сенімді болған кезде акцияны алыңыз, сәл күмән туғанда сатып жіберіңіз" деген. Оны "биржадағы алыпсатар" деп білген. Алайда өзінің осы тактикасының арқасында 1929 жылы биржа нарығы толық құлдырап кеткенде, ол 100 миллион доллар табыс тауып үлгерген.

Ал әлемге әйгілі инвестор Кіші Томас Роу Прайс ұзақ мерзімді инвестициялаудың жақтасы болған. Ол негізін қалаған T. RowePrice компаниясы жылына 1 триллион доллар көлемінде айнлымы бар әлемдегі үздік инвестициялық компаниялардың бірі. Томас Роу ұзақ мерзімді инвестицияларға сенген. "Қазіргі бай адамдардың көбі дамып келе жатқан бизнеске инвестиция құйып, ешбір жағдайға қарамастан сол акцияны сатпағаны арқасында байлыққа жеткен" деген теорияны ұстанған.

әлемдік инвесторлар тәжірибесі
ҚОЛДАУЫМЕН ДАЙЫНДАЛҒАН
Stan.kz Ақпарат Агенттігі
Барлық құқықтары қорғалған