Әлемдік оқиғалардың жоғары дәрежелі маңызы бар
Қор нарығы күрделі жүйені білдіреді, оған әлемдік оқиғалар ықпал етеді. Елдердегі экономикалық өсім немесе құлдырау, халықаралық қатынастар, саяси өзгерістер мен басқа да сыртқы факторлар акциялардың бағаларына және қор нарығының жалпы өнімділігіне әсер етуі мүмкін. Барлық акциялардың табыстылығы мен атаулы құны нарықтағы жағдайлардың өзгеруіне қарай ауытқып отырады. 2020 жылғы 19 ақпанда COVID-19-дыңтаралуы акциялар бағаларының еркін құлдырауын туғызғанға дейін қор нарығының өрлеу шыңы тіркелді.
Індеттің қор нарығына ықпал ету факторларының бірі акциялар бағаларының күрт ауытқулары болды. Барлық күш-жігерге қарамастан, нарық үрдістерін алдын ала болжау қиын болды. Іргелі трендтер бір компанияларды рекордтық жылдамдықпен алға ілгерілетіп үдеп отырса, ал басқалар үшін ақырының басталуы болды. Технологиялық және фармацевтикалық компаниялар тамаша өсімді көрсетті.
Осылайша, 2020 жылғы шілдеде инвесторлар Freedom Finance Global талдаушыларының ұсынымдары негізінде небәрі бір аптаның ішінде желілік платформалар мен бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі Ciena Corporation (CIEN) қағаздарының арқасында 13,5% табыс ала алды. COVID-19-ға қарсы вакцинаның әзірлеушісі Moderna Inc.-тің (MRNA) акцияларын сатып алу туралы инвестициялық идея 2020 жылғы сәуір айының ортасындағы ену нүктесінен небәрі бір айдың ішінде 80% таңғаларлық өсім көрсетті. 2021 жылдың басында брокердің талдаушылары ақуыз негізіндегі вакциналарды өндіруші Novavax-тың (NVAX) құны $131 бағалы қағаздарын сатып алуды ұсынды. Екі ай өткен соң олар $180 сатылғаннан кейін инвесторлар 37,4% пайда таба алды. Бүгінде коронавирус індеті басылғаннан кейін фармацевтикалық компанияның акциялары $9 шегінде сатылуда.