Брокерлер қалай жұмыс істейді және оның қандай пайдасы бар?
Инвестор болуды
қалайтындарға кеңес
Әйгілі голливудтық фильмдерде кейіпкерлер өз ақшасын белгілі бір компанияға құйып, үйде жатып табыс тауып, бай адамдар тізіміне еніп жатады. Бұл америкалық арманды Қазақстанда жүріп іске асыруға бола ма? Ол үшін кімнен көмек сұрап, қай жерге тіркелу керек? Stan.kz тілшісі брокерлер қалай жұмыс істейтінін, саланың қыр-сыры жайлы Freedom Broker маманынан сұрады.

Соңғы жылдары инвестициялар мен құнды қағаздар туралы ақпарат көбейіп, қазақстандықтарды қаржы нарығының мүмкіндіктері қызықтыра бастады.
Қарқыны дамып келе жатқан саладан өз орныңызды тауып, қаржылық кеңесші немесе инвестор ретінде тәжірибе жинауды қаласаңыз, ең алдымен брокерлік туралы білген жөн.
Брокердің бір күні

Брокер – инвестор мен биржаны өзара байланыстыратын құнды қағаздар нарығына жұмыс істеу мүмкіндігі бар компания немесе сол компанияда жұмыс істейтін тұлға. Freedom Broker компаниясының сату департаментінің бөлім басшысы Ермек Төлендиновтің сөзіне сүйенсек, брокер деп клиентке инвест идеялар беретін, олармен тікелей байланысты болып, нарықтағы өзгерістерді бақылап, болжамдарға баға беріп отыратын кеңесшіні айтуға болады. Ал қаражатты немесе акцияларды жұмсау, сатып алу мен сату клиенттің жеке еркі мен жауапкершілігі.

«Мен көп жылдар ірі банктерде жұмыс істедім. Сол жұмысымда жүргенде қаржы нарығы, құнды қағаздар мен сауда-саттық саласына қызығушылығым оянды. Өзім сол туралы көп оқып, инвесторлармен кездесулерге барып, шот ашып, акциялар сатып алып, содан кейін 2018 жылы осы компанияға кеңесші болып жұмысқа тұрдым.

Брокер деген кім?

Сіздің бір күніңіз қалай өтеді?
Неден басталады?
Күнделікті жұмыс барысыңызбен
таныстырып
өтсеңіз.

Бізде департаменттің барлық қызметкерлері үшін белгілі бір жұмыс тәртібі бар. Таңертеңгі ең маңызды рәсімдердің бірі - қаржылық жаңалықтарды оқып, нарыққа шолу жасап, маңызды оқиғалар мен өзгерістер туралы білу. Бұл күнделікті қаржылық деректерді талдау, сондай-ақ, әлеуетті мүмкіндіктерді іздеу, клиенттерге инвестициялық ұсыныстар мен стратегияларды құру үшін қажет.

Әрі қарай жұмыстың ең маңызды бөлігі – клиенттермен белсенді жұмыс істеуге кірісеміз.
Жаңа және әлі ойланып жүрген потенциалды клиенттерге хабарласамыз, одан бөлек, жаңа клиенттермен де, жұмыс жүріп жатқан клиенттермен де байланыс орнатамыз. Мұндай әңгімелесу кезінде әдетте инвестициялық портфель не оны қайта қарау мәселесі талқыланады.

Клиенттерге орындалған операциялар, портфельдегі өзгерістер және жалпы табыс туралы күннің қысқаша мазмұнын немесе есептерін дайындаймыз.
Түстен кейін NASDAQ/NYSE сессиясының ашылуына дайындық уақыты келеді.

01
Бізде сараптамалық бөлім бар. Онда тәжірибелі мамандар күн сайын қаржы нарығындағы жағдайды бақылап, болжап отырады. Департаментті нақты және тиімді болжамдарымен танымал Ерлан Әбдікәрімов басқарады. Департаменттің деректерді талдауға өзіндік ережесі бар, олар тиімділікті арттыру үшін бірнеше тәсілді біріктіре отырып, жұмыс істейді.
[01]
02
Ең бастысы – top-down немесе "жоғарыдан төменге қарай қозғалыс" деп аталады. Ұсынылған активтердің барлық түрлері - акциялар, облигациялар, тауар нарықтары талданады. Сарапшылар секторларды макроэкономикаға сезімталдық дәрежесі бойынша бөліп, жалпы нарықты бағалауға мән береді.

[02]
03
Біздің ішкі статистикамызға сәйкес, 2020 жылдан бастап 2023 жылдың бірінші тоқсанына дейін Freedom Finance Global сарапшыларының инвестициялық идеяларының 60%-ға жуығы сәтті болды. Осы кезеңде барлығы 554 идея ұсынылды және олардың жылдық орташа табысы 25% құрады.

[03]
04
Біздің команда болашақта әлеуетті идеялар ретінде қарастырылатын активтер тізімін үнемі кеңейтіп отырады. Қазіргі таңда елдердегі ETF-ке ерекше назар аударылады, өйткені осы бағыттың әлеуеті жоғары.

[04]
Брокер өз инвест идеясының дұрыс екенін дәлелдеуі үшін оған айғақтар керек. Ол қай акцияның өсіп, қай компанияның құлдырауға кететінін қайдан біледі?

Инвестициядағы табыс жолын қалай бастаймыз?

Бұрындары инвестор болу үшін брокерлік кеңсеге келіп, келісімшартқа қол қойып, жеке кеңесшіңізбен танысу керек еді. Ал қазір бұл жүйенің барлығы автоматтандырылған. Енді инвестиция жасауды қалайтындар санаулы минуттарда шот ашып, брокер қызметін ала береді.

«Мобильді қосымшаны көшіріп, идентификациядан өткеннен кейін бес минут ішінде шот ашылады. Шотқа бастапқы ақша салғаннан кейін өзіңізге бекітілген брокермен хабарласып, әрі қарай кеңес аласыз», - дейді маман.

Тіркеуден өткеннен кейін сізге жеке брокер-кеңесші бекітіледі. Ол сізге ыңғайлап, портфель жинап береді, қауіп-қатерді талдайды.


Менеджерлер алдымен клиенттің қаншалықты пайда көргісі келетініне назар аударады.


«Егер 20% немесе 100% пайда көргісі келсе, баға сонша пайызға өскенде сатылымға шығарамыз. Тәуекелдерді де есептеу керек. Егер сіз тәуекелге барғыңыз келмесе, баға 10% төмендегенде сатылымға жібереміз. Яғни сіз 100 долларға сатып алған облигация 90 долларға төмендесе, автоматты түрде сатамыз (stop loss). Бұл үшін сізге күнде нарықты ашып, бақылап отыру қажет емес, бәрін арнайы механизм тексеріп отырады. Мысалы, банкке барып депозит ашқан кезде сіз банк істерін толық меңгермейсіз ғой. Бұл жерде дәл сондай барлығын арнайы маман мен жүйеге сеніп тапсырасыз», - дейді маман.

Брокер мамандығы қандай білімді қажет етеді? Сіздің ойыңызша, мамандықтың берері көп пе?

Брокер мамандығы терең және жан-жақты дайындықты, үлкен көлемдегі ақпаратты өңдей білуді, сондай-ақ жеке тұлғалық қасиеттердің болуын талап етеді. Кәсіби міндеттер тізімі кең. Егер сіз брокер-кеңесші мамандығын қарастыратын болсаңыз, онда микро, макро, сонымен қатар халықаралық экономика және т.б. салалармен танысуды бастауыңыз керек. Белгілі бір саланы білуден өзге, сіз аналитикалық және коммерциялық қабілеттерді дамытуыңыз керек. Өзіндік балама стратегияларды табу үшін көп тапсырманы орындауға дайын болу қажет. Ең бастысы, үнемі белсенді ойлануға дайын болу.

Бұл мамандық қаржы нарықтарын терең түсінуді және тәжірибелі маман болуды ғана емес, сонымен қатар тұлға аралық байланыс орната алатын тамаша қарым-қатынас дағдыларын қажет етеді. Әр клиентпен жұмыс істеуге сыпайы әрі индивидуалды тәсілдер қажет. Әрбір клиентпен дұрыс коммуникативті қарым-қатынас құру үшін психология саласында білімі болуы қажет.

Брокер керемет есте сақтау қабілетіне ие болуы керек, нақты бір ақпаратқа ұзақ уақыт бойы назар аудара алуы, табанды және шыдамды болуы керек, өйткені клиенттердің мінез-құлқы әртүрлі өзгерістер алып келуі бек мүмкін.

Брокерлік мансап жолын таңдағанда, сіз өзіңіздің кәсіби мансабыңызды құрып қана қоймай, басқаларға көмектесу, олардың идеяларын жүзеге асыру, қаржылық мақсаттарға жете аласыз.

01
02
03
04
Stan.kz Ақпарат Агенттігі
Барлық құқықтары қорғалған