Бүгін клиенттеріміздің бірінің табысқа жету жолымен таныспақпыз. Ксения Васильева (@Kseniya.invest.ideas) 41 жаста, екі ұлдың анасы, Алматы қаласында тұрады. Ол саяхаттағанды және кітап оқығанды жақсы көреді. 10 жылдан астам уақыт бойы Ксения жылжымайтын мүлікке және соңғы екі жылда бағалы қағаздарға инвестиция салған. Ал осы жылдың көктемінде ол қор нарығына инвестициялау бойынша тереңдетілген тренингтен өтіп, өз саяхатын жаңаша, әлдеқайда ауқымды және тиімді етуді көздеді. Сол үшін ол Freedom Academy-дің көмегіне жүгінуді шешті.