Инфляцияның қор нарығына әсері қандай?
Капиталды сақтаудың нақты стратегиялары
Инфляция – экономика әлемінде алаңдаушылық тудыратын сөз. Ол өнімдер мен қызметтердің бағасына әсер етіп, жиналған ақша қорын құнсыздандырып, қаржы нарығына да зиянын тигізіп жатады. Бүгінгі мақалада инфляцияны әртүрлі қырынан талдап, оның қалай пайда болатынына және ең бастысы, одан сақтану құралдары қандай екенін анықтап көреміз.
Экономикалық сарапшылар инфляцияны тудыруы мүмкін бірнеше факторды атап көрсетеді. Оларға айналымдағы ақша жиынының, сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі, өндіріс шығындарының артуы не кемуі және болашақ инфляцияға қатысты болжамдар жатады. Экономикалық процестер әлеміне тереңірек үңіліп, инфляцияның нарыққа қалай әсер ететініне тоқталайық.

Әдетте инфляцияны бағаның өсуімен сипаттап жатады. Осы ретте инфляция тауар бағасының өсуі емес, ақшаның құнсыздануы екенін айтып өткен жөн. Мәселен, инфляция 7%-ға жетсе, бұл бір жыл ішінде дәл сол ақшаға өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға аз тауар алып, қызмет тұтына аласыз дегенді білдіреді. Яғни төлем қабілеттілігі жаңа тауарлар мен қызмет түрлерінің пайда болуына қарағанда жылдам артады. Осы себептен ақша құнсызданады. Демек, экономикада сұраныс пен өндірістің өсуі арасындағы тепе-теңдік сақталуы керек, егер сұраныс тезірек өссе, ол экономиканың дамуына ықпал ете алады.

Инфляция қалай пайда болады?
Инфляцияның жағымсыз салдары да жоқ емес. Оған нарықтағы тұрақсыздық, сатып алу қабілетінің төмендеуі және пайыздық мөлшерлемелерге әсері жатады.

«Доллардың сатып алу қабілеті төмендесе, инвестицияның табыстылығын нашарлатуы мүмкін. Осы орайда инвесторлар активтер құнының өсуі мен олардың нақты құнының төмендеуі арасындағы тепе-теңдікті ескере отырып, өз стратегияларын инфляциялық жағдайға сай бейімдеулері керек», – дейді Freedom Finance Global сарапшысы Елдар Шакенов.

Инфляцияның теріс әсерін азайту үшін инвесторлар әртүрлі құралдар мен стратегияларды қолдана алады: инфляциямен қорғалған бағалы қағаздарға инвестиция жасау, жылжымайтын мүлік сатып алу, тауарларға инвестиция жасау, портфельді әртараптандыру (диверсификациялау – ред.), сондай-ақ инфляция жағдайында өз тауарлары мен қызметтерінің бағасын көтеруге қабілетті компанияларға инвестиция жасау.

Инфляцияның алдын алу үшін әдетте орталық банктер ақша массасының көлемін және инфляцияны бақылауға мүмкіндік беретін ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Мұнда инфляциялық таргеттеу ең тиімді тәсіл болып саналады. Қазақстанда инфляция Ұлттық банк болжамдары аясында белгіленеді, оны негізгі мөлшерлеме және ашық нарық операциялары арқылы қолдайды.

Базалық мөлшерлеме – Ұлттық банктің коммерциялық банктерге несие беретін мөлшерлемесі. Ол бүкіл экономика бойынша пайыздық мөлшерлемелердің деңгейін белгілейді. Ұлттық банк инфляция мөлшерін түсуін күткенде, базалық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін, бұл несиелік қордың қолжетімділігін арттырады, сұраныстың өсуіне ықпал етеді.
Инфляцияның қаупі
Инфляцияға төзімді секторлар

Инфляцияға ерекше төзімді болуы мүмкін секторлар мен салалар, әсіресе, экономикалық тұрақсыздық кезеңдерінде инвестор портфелінде маңызды рөл атқарады. Freedom Finance Global сарапшысы Елдар Шакенов олардың қатарына мына салаларды жатқызады:
Шикізат тауарлары:
металдар, мұнай және табиғи ресурстар сияқты тауарларды алумен және өндірумен айналысатын компаниялар инфляциялық ортада өз өнімдерінің бағасын жиі арттыра алады. Себебі инфляция мөлшері жоғарылаған сайын шикізат пен энергия бағасы да көтеріледі, бұл осы компаниялардың кірісін арттыруға көмектеседі.
Денсаулық сақтау:
Денсаулық сақтау қызметтері мен өнімдері тұрақты және үздіксіз сұранысқа ие. Экономикалық ауытқуларға қарамастан, адамдар медициналық көмек пен дәрі-дәрмекке әрдайым мұқтаж келеді. Бұл денсаулық сақтау секторын инфляцияға сезімталдығын азайтады. Инвесторлар фармацевтикалық және денсаулық сақтау қорларын қарастырғысы келуі мүмкін.
Қорғаныс өнеркәсібі:
Әскери техника мен қызметтерге тапсырыстар көлемі инфляцияның өсуі кезеңінде де тұрақты болып қалады, тіпті кейде өсіп жатады. Үкімет көбінесе қорғаныс шығындарына басымдық береді, бұл саладағы компаниялардың өнімдері мен қызметтеріне тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді.
Коммуналдық қызметтер:
Электр, су және газ сияқты коммуналдық қызметтер ұсынатын компанияларда әдетте тұрақты кірісті қамтамасыз ететін бағаларды бақылау механизмі болады. Бұл компаниялар өз қызметтерінің бағасын инфляцияға сәйкес арттыру арқылы оған бейімдей алады. Бұл олардың акциясын тұрақты табыс іздейтін инвесторлар үшін тартымды етеді.
Тіпті тұрақты секторлардың өзінде компаниялардың әлеуеті мен қаржылық тұрақтылығы әртүрлі келетінін атап өткен жөн. Акцияларға инвестиция жасамас бұрын, инфляцияны негізге ала отырып, ең қолайлы инвестициялық мүмкіндіктерді анықтау үшін мұқият зерттеу жүргізіп, қаржылық кеңесшілер пікірін ақылға салған жөн.
Қандай компаниялардың акциясы инфляциядан қорғалған?
Freedom Broker кеңесі
1. SPDR S&P 500 ETF Trust (SPY) - Тарихи тұрғыда акциялары ұзақ уақыт бойы инфляциядан асып түсетін
Бағаның өсуі компаниялар үшін пайданың көбеюін білдірсе, бұл өз кезегінде акциялардың қымбаттауына әкеледі. Әрине, бұған кепілдік жоқ, бірақ әдетте ұзақ мерзімді перспективада қор нарығы инфляциядан асып түсетін кірісті қамтамасыз етеді. Нарықты басып озатын технологиялық және басқа да өсімі бар акциялар инфляциядан жақсы қорғайды. Сондай-ақ тұтыну тауарларын шығаратын компаниялар мен қажетті тауарларды шығаратын қорғаныс секторына жататын кәсіпорындар да сәтті таңдау бола алады.
АҚШ-тағы 500 ең ірі қоғамдық компаниялардың индексі саналатын S&P 500-ге инвестиция салғыңыз келсе немесе оны бақылау тізімінде қадағалайтын ETF-ті таңдағыңыз келсе, SPDR S&P 500 ETF (SPY)-ды қарастыруыңызға болады.
2. IShares TIPS Bond ETF (TIP) - Портфеліңізді инфляциядан қорғалған қазынашылық бағалы қағаздар арқылы сақтауға болады
АҚШ қазынашылық облигациясының бұл түрі инвесторларды одан қорғау үшін инфляцияға сай индекстелген. Оның пайыздық төлемдері инфляция қарқынымен өседі және дефляциямен бірге төмендейді. Осылайша, ол баға деңгейінің өзгеруіне байланысты инвестицияңыздың құнын айтарлықтай жоғалтуды алдын алуға көмектеседі.
TIP жылына екі рет бекітілген мөлшерлеме бойынша төленеді. Оның негізгі құны инфляция қарқынына байланысты өзгереді, сондықтан кіріс нормасы түзетілген негізгі соманы қамтиды. Бұл құрал АҚШ үкіметінің қолдауына ие болғандықтан, TIP өте қауіпсіз және консервативті инвесторлар үшін жақсы таңдау болып саналады.

3. Real Estate Select Sector SPDR Fund (XLRE) - Инфляцияға қарсы классикалық қорғану құралы - жылжымайтын мүлік  
Жылжымайтын мүлік - жоғары бағалауға бағытталған шынайы актив. Тауарлар сияқты жер мен мүліктің құны да инфляциямен бірге өседі, ал жылжымайтын мүлік бағасы мен жалға беруден түсетін пайда инфляцияға қарай өседі. Жылжымайтын мүлікті сатып алуға дайын болмасаңыз да, бұл сектордың ETF - The Real Estate Select Sector SPDR Fund (XLRE) арқылы инвестициялай аласыз.
4. Invesco DB Commodity Index Tracking Fund (DBC) - Жоғары инфляция кезеңдерінде тауарлар жақсы кірісті қамтамасыз етуге бейім
Шикізат тауарлары – астық, асыл металдар, электр энергиясы, мұнай және табиғи газ, сондай-ақ валюталық және басқа да кейбір қаржы құралдарын қамтитын кең санат. Тауарлар мен инфляцияның бірегей байланысы бар, мұнда тауарлар болашақ инфляцияның көрсеткіші болып отыр. Тауардың бағасы көтерілген сайын, осы тауарды өндіру үшін пайдаланылатын өнімдердің бағасы да өседі. Бүгінгі таңда биржалық қорлар (ETF) арқылы тауарларға кеңінен инвестициялауға болады. Invesco DB Commodity Index Tracking Fund (DBC) -  сатып алуға лайық деп есептеуге болатын тауарға арналған ETF.
5.  SPDR Gold Shares ETF (GLD) - Алтын инфляцияға қарсы тұра алатын құрал ретінде жиі қарастырылды
Шындығында, көптеген адам алтынға «балама валюта» ретінде қарады, әсіресе, валюталары құнын жоғалтқан елдер. Олар сәтсіздік кезінде алтын немесе басқа мықты валюталарды пайдаланады.
Алтын – өз құнын көп жағдайда сақтайтын нақты физикалық актив.
Дегенмен алтын инфляциядан қорғанудың мінсіз құралы емес. 
Инфляция өскен кезде орталық банктер ақша-несие саясаты аясында пайыздық мөлшерлемелерді көтеруге бейім келеді. Алтын сияқты ақша әкелмейтін активке қарағанда, қаражат әкелетін активке ие болған тиімдірек. 
Өзіңізді инфляциядан қорғағыңыз келсе, инвестициялау үшін жақсы активтер бар. Кез келген берік портфельдегідей мұнда әртараптандыру маңызды және егер сіз алтынға инвестициялау жайлы ойласаңыз, SPDR Gold Shares ETF (GLD)-ты қарастырсаңыз болады. Айталық, портфолиоңыздың шағын бөлігін, мысалы, 3%-дан 5%-ға дейін алтынмен сақтау әртараптандыру үшін жақсы идея болуы мүмкін.

Инфляция – экономикалық өмірдің ажырамас бөлігі, сондықтан оның кері әсерінен қорғану үшін активтерді қалай басқару керектігін білу маңызды. Осы ретте толыққанды ақпарат пен практикалық кеңес инвесторларға инфляция жағдайында саналы шешім қабылдауға және қаржылық табысқа жетуге көмектеседі.
ҚОЛДАУЫМЕН ДАЙЫНДАЛҒАН
Stan.kz Ақпарат Агенттігі
Барлық құқықтары қорғалған