Қазақстандық қор нарығы қалай жұмыс істейді?
Не білу керек
Қор нарығы - бағалы қағаздарды яғни акциялар, облигациялар және биржалық сауда-саттық қорларының пайларын сатып алатын және сататын орын. Сондықтан оны «Бағалы қағаздар нарығы» деп те атайды. Бұл - кез келген дүкендегідей сатушымен сатып алушы кездесетін орын іспеттес.
Қор нарығының үздіктері

Қор нарығы - сезімтал жүйе. Ол әлемде, қоғамда, кей кездері жеке адам басында болып жатқан жаңалықтарға тез назар аударып, соған сай өзгеріске ұшырайды. Қазіргі кездегі ең белгілі мысал, 2022 жылы Илон Маск Twitter-ді сатып алу кезіндегі жағдайды айтуға болады. Сатып алу туралы ақпарат жария болған кезде компания акцияларының құны бұрынғыдан 17,79% дейін өсіп кеткен.

Қор нарығындағы операциялары қор биржасында жүреді. Дәл осы жерде сауда-саттыққа қажетті инфрақұрылымды ұйымдастырушының функциялары жатыр: биржа ережелерді әзірлейді және мәмілелердің қауіпсіздігін қадағалайды.
4
3
2
1
Инвесторлар (жеке тұлғалар, компаниялар және т.б.)
Эмитенттер (Коммерциялық, мемлекеттік компаниялар немесе мемлекеттің өзі)
Сауда-саттық қатысушылары
Мақсаты мен қызметі
Брокерлер (Брокерлік қызметке мүмкіндік алған компаниялар)
Банктер, регистраторлар мен крининг орталықтар
Құнды қағаздар алып, біраз уақыттан кейін қайта сатқанда немесе дивиденттер мен купондардан пайда түсіреді.
Өз дамуына қаражат жинастыру үшін бағалы қағаздарды шығарып, оларды сатуға қояды.
Биржа мен инвесторды байланыстырушы. Брокерлік шоттарға қызмет көрсетуден ақша табады.

Ұйымдар, холдингтер арасындағы цифрлық валютамен есеп айырысу. Жеткізілген тауарлар, қызметтер, берілетін бағалы қағаздар үшін трансферттер.
4
3
2
1
6
5
Орталық депозитарий

Реттеуші
Бағалы қағаздарға меншік құқығын есепке алудың бірыңғай орталығы ретінде әрекет етеді. Барлық биржалық және биржадан тыс мәмілелер бойынша келісімге келу жолын ашады.

Бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар мен кәсіби қатысушылардың қызметін бақылайтын арнайы мемлекеттік құрылым немесе коммерциялық емес ұйым.
7
Биржа
Валюта, бағалы қағаздар және басқа да нарықтық құралдармен сауданы ұйымдастырушы
6
5
7
1993
Қазақстандағы алғашқы қор биржасы 1993 жылы іске қосылған KAzakhstan Stock Exchange яғни KASE.

Қазақстан қор нарығында елеулі оқиғалар:

1995
1995 жылдың 2 қазанында бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік бағалы қағаздар сауда-саттығын ұйымдастыруға № 1 лицензиясы берілді.

2022
2022 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниясы IPO-ға шықты
1997
1997 жылы шетел валюталары мен келісім-шарттарын сауда-саттық жасауға мүмкіндік алу үшін қор биржасының құрамынан бір компания яғни «Алматы қаржы құралдарының биржасы» (AFINEX) бөлініп шықты. Алайда 1999 жылы AFINEX KASE-нің құрамына қайтып оралды.

2012
2012 жылы Халықтың IPO бағдарламасы іске қосылды.

2013
2013 жылы Қазақстан қор биржасы Әлемдік биржалар федерациясының (WFE) толық мүшесі мәртебесін алды.
2015
2015 жылы БҰҰ «Тұрақты қор биржасы» бастамасына енді.


2018 жылы 5 шілдеде «Astana Finance Days» форумы кезінде «Astana International Exchange» (AIX) биржасы ресми түрде іске қосылды.
Яғни дәл қазір Қазақстанда екі қор биржасы бар. Ал енді AIX пен KASE-нің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар. KASE қаржылық тұрғыда Қазақстан заңнамасына бағынса, AIX ағылшын құқық қағидаттар бойынша жұмыс істейді. KASE-нің 51%ы Ұлттық банкке, 49%ы жеке инвесторларға тиесілі.
Айта кетейік, болашақта ITS атты тағы бір қор нарығы іске қосылуы мүмкін.
2018
Қор биржасы
KASE
AIX
Брокерлер
Қаржы құралдары
26
1620
20
40
Тартылған ақша көлемі
3,6 триллион
20,7 триллион
Астана қор биржасы жеке акциялар мен облигацияларға қоса, инвесторларға ETN (Exchange Traded Notes, биржалық ноталар) – банктер немесе басқа қаржы ұйымдары шығаратын борыштық міндеттемелерді алуды ұсынады. ETN құны қандай да бір активтің, әдетте акциялардың, облигациялардың немесе тауар фьючерстерінің бағасына байланысты. ETN-ді облигация деп айтуға да болады. Нота қолдану мерзімі аяқталғанда инвесторларға комиссияны шегеріп тиісті кірісті төлеп отыру керек.

2018
2019
2020
2021
2022
+50%
+20%
IIIQ 2022
IVQ 2022
Секторлар бойынша
сауда динамикасы
көлемі, трлн теңге
2022 жылдан 2021 жылға
трлн KZT

2021
2022
Сауда-саттық көлемі
2021
2022
Бағалы қағаздар нарығы
2021
2022
Шетел валютасы нарығы
2021
2022
Қаржы нарығы
Деривативтер
Шетел валютасы нарығы
Бағалы қағаздар нарығы
Қаржы нарығы
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижелері


Ал KASE жеке инвесторларға нарықтың үш түрі бойынша қызмет ұсынады: валюта нарығы - шетел валюталарымен сауда жасау (доллар, еуро, рубль, юань), қор нарығы - бағалы қағаздармен сауда-саттық (мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар, мемлекеттік бағалы қағаздар), мерзімді нарық – күтпеген жерден туындаған құралдармен сауда-саттық.
Дереккөз:
Жеке инвесторлар санының артуы
547 мың шот - 513 мың жеке тұлға
ОД-дағы жеке тұлғалар
шоттарының саны
Сауда-саттық шоттары
Жұмыспен қамтылған халық арасында жеке инвесторлар саны
2022 жылғы жаңа шот
2022 жылғы шоттың өсуі
Жеке тұлғалардың қор нарығындағы
белсенді шоттары
2022 жылдың қорытындысы бойынша жеке
тұлғалар арасында қайталама нарықтағы ең
танымал активтердің Топ-10-дығы
Мәмілелер саны, млн теңге
Келісімдер саны
Жеке тұлғалардың инвесторлық белсенділігі

Дереккөз:
Freedom Broker компаниясы мамандарының айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан қор нарығы динамика тұрғысынан жақсы нәтиже көрсетуде және 2016 жылы мұнай нарығын қалпына келтіруден басталған ұзақ мерзімді даму толқыны әлі басылған жоқ. Сонымен қатар, нарық пандемия кезіндегі ауытқулардан сәтті өтті. Ресей мен Украина арасында басталған соғыс қысымына ұшыраған акциялар былтырғы құлдыраудан өтіп, инфляцияның өсуі қалпына келеді. Даму тұрғысынан соңғы үш жылда жеке тұлғалардың шоттарының саны айтарлықтай өсіп, бөлшек сауда нарықтағы сауда-саттыққа белсенді түрде қосыла бастады. Егер 2014 және 2020 жылдар аралығында шоттардың өсімі небәрі 33 мыңды құраса, 2020 және 2022 жылдар аралығында көрсеткіш 380 мыңға өсіп, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде шоттар саны 680 мыңға дейін жетті. Нарықта жаңа бастапқы орналастыру, яғни Қазатомөнеркәсіп, Kaspi және ҚазМұнайГаз саудасы үлкен серпін берді. Сондай – ақ, нарықтағы инвестициялаудың жаңа құралдарының көбеюін атап өту керек. KASE және AIX сауда тізімдеріне Apple, Microsoft, Exxon Mobil, Tesla және т.б. ірі шетелдік компаниялардың акциялары бар.
«Біз жаздың басында базалық мөлшерлеменің төмендеуін күтеміз. Осы кезде нарық дивидендтік маусымды бастан кешіреді, одан кейін көбінесе KASE индексінің төмендеуіне әкеледі. Алайда біз бірнеше жыл ішінде маусым-шілде айларында инвестициялауды бастау үшін өте жақсы кезең екенін байқадық. Себебі осы кезде нарық жандана бастайды және акциялар өседе. Екінші жартыжылдықтың қалған бөлігінде өсудің жақсы себебі мұнай болуы мүмкін(барреліне 100 долларға дейін)», - дейді Freedom Broker сарапшысы Аңсар Әбуев.
Алайда мамандар нарықта тұрақсыздық болған кезде инфляция көтеріле бастағанын айтады. Себебі нарық тұрақсыз болған кезде инвесторлар белсенді түрде қолма-қол ақшаға ие болды немесе қарапайым тілмен айтқанда, акцияларға қарағанда ақшаны артық көрді, бұл ақша қорларының көп мөлшерге ұлғаюына әкелді. Инфляцияның төмендеуі мен Сатып алу-сату саясатының әлсіреуі қолма-қол ақшаны акциялар мен облигациялар нарығына кері қайтарады деп күтілуде. Инфляцияның шыңы ақпан айында өтті және қазір нарық базалық мөлшерлемені төмендетуге дайындалып жатыр. Бұл жергілікті эмитенттерге көбірек мүмкіндік береді. Олардың бизнес профилі мен бағасы жақсарады, ал ставка төмендеген жағдайда инвесторлардың назары акцияларға ауады.

Дәл қазір отандық компанияларға инвестиция құю тиімді. Freedom Broker мамандары назарларыңызға қаржыңызды қолайлы қолдануға болатын бірнеше отандық компанияны ұсынады. «Kaspi.kz» АҚ өсу мүмкіндігі шамамен 29,5%, қазіргі бағасы $79,5. 2023 жылы банк өзі межелеген деңгейден әлдеқайда жоғары көрсеткішке қолжеткізген. Үздік көрсеткіш көрсетіп жүрген тағы бір отандық банк «Қазақстан жинақтық Халық банкі». Өсу мүмкіндігі шамамен 19%, қазіргі кездегі бағасы 151,7 теңге. Компания осы жылдың бірінші кварталын сенімді түрде аяқтады. Компанияның бірінші кварталдағы нақты пайдасы 51% өсіп, рекордтық 188 млрд теңгеге жетті. Сондай-ақ бұл тізімде FinEx FIN Kazakhstan Equity ETF KASE индексінің кірісін жаңғыртуға арналған қоры бар. Өсу мүмкіндігі 14,3% болса, қазіргі кездегі бағасы 1804 теңге. Freedom Broker мамандарының пікіріне сүйенсек, инфляциялық позитивті өзгерістер ақпан айында осыған дейін болмаған 21,3% шыңына жеткен.

Былтыр жыл соңында ҚазМұнайГаз IPO-сы өтіп, оның басты ережесі бойынша қазақстандық инвесторларға көбірек мүмкіндік берілген.

Қазақстан қор нарығының әлеуеті зор дейді мамандар. Бірақ әрқашан сақтық танытып, артық кірісті қуып кетпеу керек. Қор биржалары сіздің инвесторлық қауіпсіздігіңізді сақтауға көмектеседі. Мұнда сенімді өнімдерге қолдау көрсетіп, өз пайдаңызға асыра аласыз.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, 2022 жылы нарық үшін инфляция бас ауруына айналды. Оның артынан ақшалай несие саясатын қатаңдату, несие бойынша ставка өсіп, экономика баяулады. Мұның барлығы акциялар мен облигацияларға теріс әсер етеді. Қазіргі уақытта геосаясат біршама артта қалып қойған.
Stan.kz Ақпарат Агенттігі
Барлық құқықтары қорғалған