«Жасыл» облигациялар дегеніміз не?
Инвестициялық портфельді тұрақты өсіру стратегиялары
Қаржылық шешімдер әлеуметтік жауапкершіліктің бір бөлігіне айналған заманауи өмірде портфельді басқарудың инновациялық және тұрақты тәсілі ретінде «жасыл» инвестицияның маңыздылығы арта түсуде. Экологиялық тұрақтылық пен әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған бұл инвестициялар инвесторларға қаржылық табыс қана емес, сонымен қатар өзекті мәселелерді шешуге үлес қосудың бірегей мүмкіндігін ұсынады. Бүгін Freedom Broker-мен бірге экологияны жақсартып, инвестиция жасау, «жасыл» облигациялардың болашағы туралы айтамыз.
Экономикадағы экология рөлі
Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің бағалауы бойынша, экологиялық таза бизнесті қалыптастыру 2050 жылға қарай ЖІӨ мен жұмыспен қамтудың тиісінше 2,5%-ға және 0,2%-ға өсуіне ықпал етеді. 2050 жылға дейін әлемдік экономикаға тигізер жиынтық әсері 99 трлн АҚШ долларын құрайды.

Экологияның экономикаға әсері айтылған кезден бастап, «жасыл» қаржы термині пайда болды. «Жасыл» қаржы жеке және мемлекеттік ұйымдардың, соның ішінде қаржы ұйымдарының, үкіметтердің, компаниялардың және өзге де ұйымдардың жұмысына сын әкелді. Қазір үкімет пен жекелеген компаниялар қаржыландырудың бұл түрін бизнес үлгілердің қатарына қосып, жобалар әзірлеп оны іске асырып келеді. Яғни «жасыл» қаржы деп қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған кез келген жобаны айтамыз. Ол несие, инвестиция немесе кез келген басқа қаржы құралы болуы мүмкін.
Экологиялық инвестициялар әлемінде ең тартымды формалардың бірі «жасыл» облигациялар болып есептеледі. Бұл қаржы құралдары инвесторлар үшін қаржылық мүддені экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды қолдау арқылы біріктірудің бірегей мүмкіндігі. Осылайша «жасыл» облигациялар қоршаған ортаға оң әсерін тигізетін жобаларды қаржыландырудың қуатты құралына айналуда.
Freedom Finance Global сарапшысы Тамерлан Абсалямовтың пікірінше, 2030 жылға дейінгі көмірқышқыл газы қалдықтарын азайту мен климаттық шешімдерге жету бизнес тәжірибесі мен инвестициялық шешімдерді өзгертуге мәжбүр етеді. Ауқымды жер көлемін пайдалану тиімділігі негізгі мәселелердің біріне айналады. Себебі жаңартылатын энергия көздері мен табиғатты қорғау шаралары айтарлықтай кеңістікті қажет етеді. Электр энергиясын өндіру үшін жер телімін пайдалану қазіргіден 60% артуы мүмкін. Ормандарды қалпына келтіру, ағаш егу және биосфераның алуандылығын сақтау климаттық оң нәтижелерге жету үшін маңызды. Жаңартылатын энергияның дамуы мен электромобильдер өндірісіне байланысты мыс, литий және сирек кездесетін металдар мен минералдарға сұраныс артып, ресурстар тапшылығына алып келуі мүмкін. Мәселені шешу үшін компаниялар пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге инвестиция салуы керек. Сарапшылар 2030 жылға дейін жылына 70 миллиард доллар қажет болады деп есептеп отыр.

Алайда «жасыл» қаржы түсінігінің өзіндік қиындықтары бар. Ең алдымен «жасыл» энергия шығару мүмкіндігі бар инфрақұрылым мен желілердің ескіруі. Бұдан бөлек, «жасыл» облигациялар шығаратын компаниялардың тарифінің төмен болуы. Мысалы, «жасыл» энергия көздерінің тарифі қарапайым энергиямен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Тағы бір мәселе, бұл жаңадан еніп жатқан қаржы түрі болғандықтан, оның болашағына деген сенім қалыптасып үлгерген жоқ. Көптеген компания мемлекет субсидия бөліп, жеңілдік жасағаннан кейін «жасыл» қаржы нарығына шығуға тырысады. Мемлекетте осы бағыттағы жұмысты жақсарту үшін көбірек субсидия береді. Алайда мемлекет жеңілдіктері тоқтап қалатын болса, компаниялардың жұмысы сол қарқынмен жалғаса ала ма деген қауіп туындайды.
«Жасыл» облигациялар деген не, қалай пайда болды?
«Жасыл» облигациялар деп бағалы қағаздарды таңдау кезінде экологиялық, әлеуметтік және басқару (Environmental, Social, Governance) факторларына мән беруді айтамыз.

Ресми «жасыл» мәртебесіне ие болу үшін компания Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығы (ICMA) тұжырымдаған арнайы принциптерге сай болу керек. Green bond Principles (GBP) келуі немесе Climate bonds Initiative ұйымдарының талаптарын қанағаттандыру керек.

Облигациялардың «жасыл» мәртебесіне лайық екенін сыртқы сарапшы — тексеруші компания растауы тиіс. Егер тәуелсіз тексеруде қаражатты пайдалану, жобаларды іріктеу және есеп беру процесі туралы сұрақтар туындамаса, облигациялар «жасыл» мәртебесіне ие болады. Алайда қағаздар нарыққа шыққаннан кейін де эмитенттер өздерінің табиғатты қорғау жұмыстарының шығындары мен іске асырылуы туралы үнемі есеп беруі керек.

Ресми «жасыл» мәртебесіне ие болу үшін компания Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығы (ICMA) тұжырымдаған арнайы принциптерге сай болу керек. Green bond Principles (GBP) келуі немесе Climate bonds Initiative ұйымдарының талаптарын қанағаттандыру керек. Облигациялардың «жасыл» мәртебесіне лайық екенін сыртқы сарапшы — тексеруші компания растауы тиіс. Егер тәуелсіз тексеруде қаражатты пайдалану, жобаларды іріктеу және есеп беру процесі туралы сұрақтар туындамаса, облигациялар «жасыл» мәртебесіне ие болады. Алайда қағаздар нарыққа шыққаннан кейін де эмитенттер өздерінің табиғатты қорғау жұмыстарының шығындары мен іске асырылуы туралы үнемі есеп беруі керек.
Freedom Finance Global сарапшысы Тамерлан Абсалямовтың пікірінше, алдағы уақытта «жасыл» компаниялар дамуының бірнеше оқиға әсер ететінін айтады:
Экологиялық тауарға деген сұраныстың өсуі;
«Жасыл» бастамаларды қолдауға арналған мемлекеттік саясат;
Технологиялық прогресс «жасыл» инновацияларға әсері;
«Жасыл» компанияларға инвестициялардың өсуі;
Бизнестің экологиялық мәселелерді шешу үшін ҮЕҰ ынтымақтастыққа келуі;
Орнықты даму саласындағы ашықтық және компаниялардың есеп беру;
Қайта өңдеу есебінен айналма экономиканың өсуі;
«Жасыл» облигациялардың тұрақты қаржыландыруға енуі;
Тұрақты дамудың әсерінен бизнесті трансформациялау;
Шығындарды азайтып, климаттық позитив тізбегін құру;
Жаңартылатын энергия көздерінің қуатын арттыру;
ESG жоғары көрсеткіштері компаниялардың табысының өсуі;
Экологиялық инвестициялардың тиімділігі мен табыстылығы қалай бағаланады?
«Жасыл» қағаздарды шығара отырып, компаниялар бірқатар артықшылыққа ие болады: имиджді жақсарту, жаңа инвесторлардың ағыны және тиімді шарттармен эко жобалар үшін ресурстарды тарту. Шетелдік тәжірибеде «жасыл» облигациялардың кейбір эмитенттеріне ерекше жеңілдіктер беріледі. Мысалы, облигациялар бойынша пайыздық төлемдерді өздері төлемеуі мүмкін. Бұл функцияны мемлекет толығымен немесе ішінара өз мойнына алады. Инвесторлар өз кезегінде «жасыл» облигациялар бойынша пайыздық табыс салығын төлеуден босатылуы мүмкін.

2021 жылдың бірінші жарты жылдығында әлемде жаңа шыққан «жасыл» облигациялардың көлемі 644,5 млрд еуроға жетті. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 25 млрд еуроға артық. Бұл әсерлі өзгеріс мемлекеттік органдардың COVID-19 пандемиясынан кейін экономиканы ынталандыру жұмыстарына байланысты болды.

Қытайлық электр көлік жасайтын NIO компаниясының «жасыл» облигациялары пандемия салдарынан Қытай экономикасы құлдырап кеткен 2020 жылы 1,200% табыс түсірген. Бұл сол дәл жылы әлемдік электр көлік нарығының көш басшысы Tesla компаниясының көрсеткішінен екі есе көп. 2020 жылдың басында қытайлық компания табысы 15,9 млрд болса, 2021 жылдың басында 91% өсіп кеткен.

Тамерлан Абсалямовтан экологиялық жауапты компаниялардың бағалы қағаздардың инвестициялық портфеліне қосылып, тұрақты немесе әлеуметтік жауапты инвестор атану үшін не істеу керегін сұраған едік.
Инвестициялық мақсаттарыңызды анықтаңыз.
Қаржылық мақсаттарыңызды және тәуекел жеткілікті деңгейін анықтаңыз.
Экологиялық жауапты компанияларға маманданған қорларға немесе биржалық саудалық қорларға (ETF) инвестиция салуды қарастырыңыз. Сіздің құндылықтарыңызға сәйкес келетін және тұрақты тәжірибе тәжірибесі бар қорды іздеңіз.

Сарапшылар экологиялық жауапты инвестициялар тек қаржылық кірістермен ғана шектелмейтінін айтады. Бұл қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға оң әсер етуге қосқан әр инвестордың өзіндік үлесі деп бағалайды.
«Жасыл» қорларды зерттеп таңдаңыз:
Қазақстандағы «жасыл» облигациялар
Экологиялық және әлеуметтік мәселелерге деген қызығушылық артқан дәуірде Қазақстандағы «жасыл» облигацияларды инвесторлар табыс көзі ретінде ғана емес, қоршаған орта мен жалпы қоғамдық өмірге оң әсер ету құралы ретінде пайдалана алады. ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес мұндай облигациялар ҚР Үкіметі бекіткен «жасыл» жобалар Таксомониясы бойынша қолдау шарасы көрсетілетін «жасыл» жобаларды іске асыруға қаражат тартуға көмек көрсете алады. 2021 жылғы сәуірде еліміз «жасыл» қаржының жаһандық индексіне (GGFI) кіріп, сол жылы-ақ Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы көшбасшыға айналды. 2022 жылы Қазақстанда тұрақты бондтарды алғашқы рет орналастыру көлемі 14%-ға ұлғайды.

Жақын арада орналастырылған «жасыл» облигациялар қатарынан Black Biotechnology (BBT) компаниясы ұсынған облигацияны бөліп айтуға болады. 2023 жылы «Фридом Финанс» АҚ Black Biotechnology үш жылдық «жасыл» облигацияларын жылдық 21,5% кіріспен жария етті. Инвесторларға жалпы номиналды құны 1 млрд теңге болатын облигациялар ұсынылды. KASE-де орналастырғаннан кейін 1,5 млрд теңгеге 81 өтінім келіп түсті. Осылайша, болжам 150%-ға орындалған еді. Эмитент барлық қабылданған өтінімдерді қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Аукцион қорытындысы бойынша орналастырылған облигациялардың жалпы көлеміндегі жеке тұлғалардың үлесі 56,2%, ал Freedom Broker клиенттерінің үлесі 99,6% құрады. Бұл облигацияны сатып алу арқылы инвесторлар Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешуге үлес қоса алады, себебі Компания өнімдерің өндіру шеңберінде көмір өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын пайдаланады.
Freedom Finance Global ESG департаментінің маманы Нұрсұлтан Зікрияның пікірінше, Қазақстан «жасыл» қаржыландыруды қолдау үшін заңнамалық базаны белсенді дамытуда. Экологиялық Кодексте «жасыл» облигациялар мен кредиттердің анықтамаларын енгізу, сондай-ақ «жасыл» жобалардың Таксономиясын бекіту экологиялық және тұрақты бастамаларға қаражат тарту үшін құқықтық негіз береді. Сондай-ақ, еліміздің 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдауы Қазақстандағы климаттық жобаларды қаржыландырудың қосымша драйвері болды.

KASE биржасында жалпы құны 110 млрд. теңгеден асатын 9 компанияның «жасыл» облигациялары орналасқан. Freedom Holding Corp., «БҰҰ Жаһандық шарты» бастамасына қол қоюшы және Ұлттық ESG-клубының мүшесі ретінде 2023-2027 жылдары 200 млрд теңге сомасында тұрақты қаржыландыруға инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Неліктен «жасыл» инвестор болған дұрыс?
Freedom Finance Global ESG департаментінің маманы Нұрсұлтан Зікрия қазақстандықтар неліктен «жасыл» облигацияларға назар аударуы қажет деген сұраққа жауап ретінде келесі себептерді атады:

Экономикалық өсу: «Жасыл» жобаларға инвестиция салу жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді және инновациялық секторлардың, мысалы, сутегі энергетика саласының дамуын ынталандырады, бұл экономикалық өсімге оң әсер етеді.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік: Еуро Одақ ұсынған көміртекті реттеудің трансшекаралық механизмі (CBAM) сияқты жаһандық климаттық саясаттарды енгізу нәтижесінде қазба энергия ресурстарын көп пайдалану арқылы өндірілген тауарларға деген қызығушылық төмендеуі мүмкін. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, CBAM енгізілуіне байланысты Қазақстанның экспорттық кірістерінің жылдық шығыны 250 миллион доллардан асуы мүмкін. Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін 2023 жылы Қазақстан «2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу туралы» стратегия қабылдады. Стратегия негізгі бағыттарының бірі, Қазақстандағы «жасыл» облигацияларға берілетін жеңілдікті пайдалана отырып, энергетикалық секторда көмірқышқыл газы шығарындыларын азайту болып табылады.

Экологияға әсері: ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес, «жасыл» жобалар қатарына табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін арттыруға, энергия үнемдеуге, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған «жасыл» жобалар Таксономисясы негізінде айқындалған жобалар жатады. Осылайша, қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану жөніндегі жобаларды қаржыландыру, экологиялық проблемалармен және климаттық өзгерістермен күресудің тиімді құралына айналады.

Қорытындылайтын болсақ, «жасыл» облигацияларды сатып алу қаржылық инвестиция ғана емес, сонымен қатар, климаттың өзгеруіне байланысты Қазақстанның тұрақты және қолайлы болашағына ықпал ететін стратегиялық шешім болып табылады.


Stan.kz Ақпарат Агенттігі
Барлық құқықтары қорғалған