Барлық жинақтарыңызды “бір себетке салудан” аулақ болыңыз Қарапайым тілмен айтқанда, диверсификация – тәуекелдерді азайту үшін активтеріңізді әртүрлі қаржы құралдарында сақтау. Мәселен, зейнетке шыққанда жинақтарыңыз жайлы алаңдамау үшін қаражатты қазірден бастап “әр түрлі себеттерге”, яғни банк депозиті, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлікке бөліп салуға болады. Тіпті банкте салымды бірнеше валютада ашу немесе әртүрлі мемлекеттердің акцияларын сатып алу да диверсификацияның бір мысалына жатады. Ал жинақтарыңызды қандай құралдарда диверсификациялауға болады?
Банк депозиттері. Ең ыңғайлысы, банкте салымды ең аз сомамен де ашуға болады. Қаражатты теңгемен немесе басқа шетел валюталарымен (доллар, еуро, рубль т.б.) жинай аласыз. Алайда қазақстандық екінші деңгейлі банктерде шетел валюталары бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі бар-жоғы 1%-ды құрайтынын естен шығармаңыз.
Бағалы қағаздар – қаржы портфеліңіздің ең табысты құралы. Одан табыс екі түрлі жолмен түседі: дивидент түрінде және акциялардың бағасының көтерілуі есебінен. Сонымен қатар экономика ұлғайған сайын да акциялар да өсе түседі. Ал нарық құлдырағанда оларды арзан бағамен сатып алуға болады.
Әрине, қор нарығында бірнеше жылда миллиардтарға қол жеткізіп, қартайғанда шалқып өмір сүремін деп ойлау дұрыс емес. Дегенмен мұнда нақты мақсат қою арқылы зейнетке шыққанда қосымша табыс көзіне ие бола аласыз. Мысал ретінде батыс елдерінің тұрғындарын алып қарайық. Әдетте олар зейнетке шықпай тұрып бағалы қағаздар сатып алып қоюды жөн көреді. Сәйкесінше қартайған шағында бұдан түскен табысты шетел аралап, шипажайларда демалуға арнайды.
Қор нарығына инвестициялауды кез келген уақытта тіпті небәрі 10 мың теңгемен де бастауға болады. Бастысы сенімді брокер таңдай білу қажет. Мәселен, Қазақстан нарығында 11 жылдық тәжірибеге ие Freedom Finance ұйымында брокерлік шотты үйден шықпай-ақ,
Tradernet сауда платформасы арқылы тегін ашу қарастырылған. Өз кезегінде ұйым инвестордың қаражаты мен оның акцияларының есебін жүргізеді. Салымшылардың қаражатын өз қалауы бойынша басқаратын банктермен салыстырғанда брокерлердің клиенттердің шоттарына қол жеткізе алмайды. Оның үстіне акциялар инвестордың ресми құжатталған меншігі екенін естен шығармаған жөн. Яғни инвестор оны сатып немесе мұра ретінде қалдырып, біреуге сыйлап, кепілге қоя алады.
Ал қазір инвестор картасының арқасында инвестиция жасау тіпті оңай бола түсті. Картаның бұл түрі брокерлік шотқа комиссиясыз ақша аударып қана қоймай, кез келген уақытта әлемнің кез келген мемлекетінде ондағы қаражатты пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеуге, басқа да қаржылық операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Invest Card – осындай карталардың бір түрі. Картаны онлайн түрде бірнеше минутта ашуға болады. Картаны рәсімдеу де, пайдалану да тегін және оған қаражатты басқа карталардан комиссиясыз аударып немесе банкомат арқылы қолма-қол ақшамен толтыра аласыз.
Жинақтаушы өмірді сақтандыру. Жоғарыда айтып өткеніміздей бұл қаржы өнімі депозит пен сақтандыру полисінің функциясын атқарады. Мұндай сақтандыру ұзақ мерзімге рәсімделеді. Келісімшарт аяқталмай тұрып сақтандыруда көрсетілген жағдай орын алса, өтемақы төленеді. Ал мерзімнің соңында жинақталған сома пайыздық үстемақымен кері қайтарылады. Мысалы, Freedom Finance Life ұсынатын
Freedom First арқылы салымды шетелдік валютада жасау тиімді. Себебі бұл өнім бойынша кез келген валюта үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,76%- ға жетеді. Өнім жайлы
толығырақ мына сілтемеден оқуға болады.