Ақшаны басқару – маңызды әрі қажет дағды, бірақ оны тек үнемдеумен шатастырмаған жөн. Ақшаны қалай тиімді басқаруға болады? Stan.kz ақпарат агенттігі мен Freedom Bank “Жұмсап та, жина” деген қаржы сауатына қатысты арнайы жобасының аясында, алматылық көпбалалы ананың ақшаға қатысты тәжірибесін бөліседі. Ал қаржы сарапшысы Дана Молдақұлова кейіпкердің оқиғасын талдай отырып, қаражатты дұрыс басқарып, қалай ақша жинауға болатынын айтып береді.
Көпбалалы ана ақшасын қалай басқарып, кәсібін жүргізіп отыр?
Дана Байданаева
Алматылық кәсіпкер
Табысым мен шығынымды дәптерге тізіп жазып жүрдім
35 жастамын. 18 жасымда тұрмыс құрғанмын. Жолдасым екеуіміздің төрт баламыз бар: олар 13, 11, 5 және 2 жаста. Енеммен бірге тұрамыз. Шағын кәсібім бар: Қаскелеңнен сұлулық кабинетін ашып, шугаринг, қас-кірпік коррекциясын жасаймын, кірпік жабыстырамын. Қазір жанымда екі қызметкерім бар.

Алғашында кәсібімді жүргізу қиынға соқты. Себебі, біріншіден, жұмыста кәсіпкер, үйде төрт баланың анасы, келін әрі әйел ретіндегі шаруаны қатар алу оңай емес екен. Екіншіден, ол уақытта қаржылық сауатым қазірге қарағанда әлдеқайда төмен болды.

Жұмысқа кіріскен соң, табысым мен шығынымды дәптерге жазып жүрдім. Қанша таптым, шугаринг жасауға керек заттарды алуға қанша ақша жұмсадым, тамаққа, жолға, тіпті дүкендегі ұсақ-түйек заттарды алуға қанша ақша кетті - бәрін жазып отырдым. Дегенмен басында ісім аса табысты болмады.
Қазір шығынымды категорияларға бөліп тастаймын
Кәсібіңді жүргізгенде табыс пен шығынды жазып жүру аздық етеді екен. Ақшаны дұрыс басқара білу керек екен. Қазір табысымды әуелі теңдей екіге бөлемін. Бір бөлігін жеке шығыныма, екінші бөлігін кабинеттің шығынына арнаймын.
Ал ары-бері жолыма, тамағыма керек ақшаны “жеке шығынға” деген бөліктен аламын. Жолдасымның да өз кәсібі бар. Екеуіміздің де табысымыз күнделікті түседі әрі тұрақсыз, яғни бірде көп, бірде аз болуы мүмкін. Күнде табатын ақшаны өте мұқият бөліп, басқармасаң, қалай жоқ болып кеткенін байқамай қалады екенсің. Сондықтан мен табысымның бір бөлігін, жолдасым өзінікін әкеліп, қосып, оны “отбасы бюджеті” деп қараймыз. Екеуіміз бірге отырып, ақылдасып, азық-түлікке, балалардың киім-кешегіне, мектебіне керек-жарағына деп реттеп, бөліп отырамыз. Кейде той-томалақ болады, кейде өзіміз не балаларымыз ауырып қалады. Балаларды сыртқа апарып, ойнатып қыдыртамыз. Мұның бәрі ақшаға келіп тіреледі. Осының бәріне барынша жеткізуге тырысамыз.
Кейін бұл ақшаны тағы бірнеше категорияға бөліп, әрқайсын белгілі бір шығынға атап, жазып қоямын: “шугаринг керек-жарағы”, “кабинетті жалға алуға кететін ақша”, “басқа да шығындар” және “кәсіптің қауіпсіздік қоры” деп бөліп тастаймын. Қазір не нәрсеге қанша ақша кететінін шамалап білемін және сол соманы бірден сол категорияға аударамын. Кейде басқаларға шугаринг жасауды үйретіп, курс өткіземін. Оны да дәл осылай бөлемін. Мереке кезінде қызметкерлерімді, тұрақты клиенттерімді құттықтап, сыйлық беріп немесе сый ретінде тегін қызмет түрін ұсынамын. Оған да қаражат керек.
Дана Молдақұлова
Қаржы сауаты бойынша сарапшы
Ақшаны басқару – бір күнмен өмір сүрмеу
Қаржы сауаты бойынша сарапшы Дана Молдақұлованың сөзінше, адамның өмірінде бірқатар маңызды ресурс бар: уақыт, энергия, ақша және тағы басқа. Дегенмен бұл ресустар шектеулі, оны қаншалық дұрыс басқарсаң, соншалық тиімді болады. Мәселен, қазір қоғамда тайм-менеджмент деген қалыптасқан. Яғни адамдар уақытты қаншалық тиімді пайдаланса, соншалық көп нәрсеге үлгеретінін түсінді. Сол сияқты ақшаны да дұрыс басқару керек.

Ақшаны басқару – білімімізді жетілдіріп, қаржыға қатысты шешімдерді сауатты түрде қабылдай білу, жоспар құру, бүгін мен ертеңгі күнді тең дәрежеде ойлау, бір күнмен өмір сүрмеу.

“Адам ақшаны дұрыс басқармаса, өзіне тиімді болатын таңдауды жасай алмауы мүмкін. Мәселен, ақшасын өзіне аса қажет емес заттарға жұмсап, шынымен керек дүниеге қаражатын жеткізе алмай қалады. Кейбірі, тіпті, қарызға батады”, – дейді сарапшы.
Қаржыны сауатты басқарудың негізгі 6 деңгейі бар:
Қаражатты
таба білу
Бюджет немесе жоспар құра білу
Нөлден төмен болмау, яғни шығыны табысынан көп болмау
Қаражатты тұрақты түрде жинау
Қаржысын
еселеу
Қаржылық еркіндік, пассив кірістерді табу
Дана Молдақұлова
Қаржы сауаты бойынша сарапшы
“Өз тәжірибесін айтып берген кәсіпкер Дананың қаржы сауаты орташадан жоғары деңгейде. Себебі көпбалалы ана ұзақ уақыт декрет демалысында отырғанына қарамастан, білімін, біліктілігін арттырып, жұмысқа орналасты, яғни ақша таба білу қабілеті бар. Одан кейін қолында бар ақшасын жоспарлай алады: бір бөлігін кәсібіне, керек-жарағына, бір бөлігін отбасына арнап отыр. Үшіншіден, аз да болса, ақша жинап, кәсібіне деп қорына ақша салып қояды. Бұл нөлдік ойлауда емес екенін, яғни шығыны табысынан көп емес екенін көрсетеді. Өкінішке қарай, Қазақстан азаматтарының көбі нөлден төмен болмау деңгейіне келгенде қиналады. Азаматтар тапқан ақшасынан көп жұмсап, қарызға батып жатады. Енді Данаға келесі деңгейге өту керек. Тұрақты түрде қаржы жинап, ол ақшасын еселеуді үйренуі қажет. Сонда кәсібі кеңейеді”
Кәсібімді кеңейтуге, отбасымызбен үй алуға қомақты қаржы жинау қиынға соғып жатыр
Қазір негізгі екі мақсатымыз бар. Біріншіден, салондағы кабинетімді кеңейтіп, онда қызмет түрлерін көбейткім келеді. Оған қоса контент түсіріп, әлеуметтік желі арқылы кәсібімді жарнамалағым келеді. Бұған да ақша керек.

Отбасымызбен пәтер жалдап тұрамыз. Өз пәтерімізді сатып алғымыз немесе үй салғымыз келеді. Аз-аздан жинап жатырмыз. Бірақ әлі ауқымды соманы жинауға білек сыбана кірісе алмай жатырмыз. Дегенмен еш қаймықпаймыз. Ең бастысы, болашақты ойлап, ақша жинауды бастадық.
Кәсібін кеңейту үшін не істеуі керек?
Кәсіп пен отбасы бюджетін бөлек шотта сақтау керек.
Күнделікті жұмсайтын ақшаңызды күнделікті пайдаланатын банк қосымшасына салып қойыңыз. Ал кәсібіңіздің ақшасын депозитке, жинайтын қаржыңызды еселенетін шоттарға жинап қойыңыз.
Табысының көп бөлігін кәсібіне қайта салу.
Табыстың көп бөлігін қайтадан кәсіпті дамыту үшін жұмсап, 20-30%-ын ғана жеке шығынға алған жөн. Кәсіпкердің табысын кәсіптің және жеке шығынына теңдей бөлуі де – жақсы әдіс, бірақ мұндай кезде кәсіп әрі қарай өспейді және оның қызметі фриланс сияқты болып қала береді.
Өзіне белгілі бір соманы жалақы етіп бекітіп қою.
Сонда кәсібі қанша табыс тапса да, белгіленген соманы ғана жалақы етіп алады. Қалғанын жинайды не кәсібіне салады.
Қаражат көзін тарту.
Әр адам өзінің мықты тұсын біліп, соны тиімді қолдана білуі керек. Мәселен, Дана – көпбалалы ана әрі әйел. Ол мемлекеттің осы санатқа жататын адамдарға бөлетін гранттарын алуына болады.
Ресурсты бір салаға бағыттаған жөн.
Көбі кәсібін кеңейткісі, үй алғысы, баласының оқуына ақша жинағысы, көлік сатып алғысы келеді. Бірақ мұның бәріне бір мезетте ресурс жеткізу мүмкін емес. Сол себепті біреуіне басымдық беру керек. Мәселен, кейіпкер Дана кәсібін дамытқысы келеді. Ал сол кәсіпті кеңейту үшін қаржыны көбіне қайда бағыттаған жөн? Жарнамаға көп ақша салу керек пе? Әлде оқытып жүрген курсын жетілдіру керек пе? Әр кәсіпкер өз кәсібін талдап, бизнес жоспар құру керек. 
Ақшаны тиімді басқару үшін қандай әдістер мен құралдарды қолдану керек?
Кіріс-шығысты жазып, талдап жүріңіз. Қазір шығынды қадағалауға көмектесетін көптеген тиімді құрал бар. Мысалы:
Кіріс-шығысты жазып, талдап жүріңіз.
  • Ең қарапайым тәсіл – Excel кестесі. Бұл әдіс арқылы кіріс пен шығындарды санаттарға бөліп, оңай бақылауға болады.

  • Coinkeeper қосымшасы. Мұнда барлық шығыныңызды жазып, қаржылық тәртіп сақтауға көмектеседі. Мәселен, ақшаңызды категорияға бөліп, ай сайын лимит қоюға болады. Лимит біткенде, сол категория бойынша ақша жұмсамайсыз. Осындай қолданбаның түр-түрі бар, өзіңізге ыңғайлысын таңдауыңызға болады. Мәселен, Moneon, Money Manager, Moneyfy, Money Flow қосымшаларын да ұсынамыз.
Банк қосымшаларын қолдану.
Қазір барлық дерлік банк қосымшалары кіріс-шығыс есебін дайын етіп береді. Тіпті, кейбірі категорияға бөліп, сіздің осы айда көбіне не нәрсеге жұмсайтыныңызды көрсетеді. Оны PDF, Excel етіп көшіріп алуға болады. Мәселен, Freedom Bank-тың SuperApp қосымшасында ақша жинауға, кіріс-шығыс есепті көруге болады, тіпті онда категорияларға бөліп береді: кафе мен мейрамханалар, азық-түлік, супермаркет, такси және тағы басқа. Сонда сіз не нәрсеге көп ақша жұмсайтыныңызды, қай шығынды қысқартуға болатынын көре аласыз.
Freedom Bank карталары — тек төлем жасауға емес, ақшаңызды көбейтуге де көмектесетін ыңғайлы құрал. Бұл карталар депозиттік карта (шотта міндетті түрде қалуы керек сомаға) сияқты. Онымен кәдімгі төлемдер жасауға, дүкенде тауар ақысын төлеуге, банкоматтан ақша шешуге, онлайн сауда жасауға болады. Оған қоса әр айдың соңында банк картаңызда қалған сомаға сыйақы беріп отырады. Осылай, ақша бос жатпай, табыс әкеледі. Оның үстіне, SuperCard картасында ақшаны 7 түрлі валютада сақтауға болады.
50/30/20 әдісін қолдану.
50%-ын азық-түлік, пәтер ақысы, жолақысы сияқты маңызды шығындарға, 30%-ын қыдыру, той-томалаққа бару, сыйлық алу және тағы басқа шығындарға, тағы 20%-ын қорға жинауға арнаған тиімді. Пайыз мөлшерін өзіңіздің жалақыңызға, қаржылық жағдайыңызға қарай ыңғайлауға болады.
Әуелі өзіңе төлеу, қалғанын жұмсау. Сіздің бірдеңе сатып алып, ақша жұмсағаныңыз – өзіңізге ақша салғаныңыз емес. Керісінше, қалтаңыздан ақша кетіп жатыр. Сондықтан ең бірінші болашақтағы өзіңізге деп ақшаның бір бөлігін алып қойыңыз. Кейін шығыныңызды жабыңыз, яғни мемлекет, банк алдындағы несиелеріңізді өтеңіз және тағы басқа қаржы міндеттеріңізді орындаңыз. Бұл – міндетті нәрсе. Сосын қалған соманы емін-еркін жұмсаңыз.
Үлкен мақсаттарға қалай ақша жинауға болады?
Мақсатты нақтылау. Нақты не нәрсеге ақша жинап жатқаныңызды айқындаңыз және өзіңіздің шамаңыз жететін мерзімге дедлайн белгілеңіз. Отбасылы болсаңыз, жұбайыңызбен ақылдасып отырып, ортақ мақсатыңызды нақтылаңыздар.
Белгілі бір соманы жинаққа салу. Жоғарыда айтқан 50/30/20 әдісі бойынша немесе бастапқыда жалақыңыздан шамаңыз жеткенше белгілі бір пайызын жинаққа салыңыз. Иә, басында қиын, бірақ өзіңізге инвестициялап жатқаныңызды ұмытпаңыз.
Ақшаны тиімді жерде сақтаңыз. Үлкен мақсаттарға қаражат жинау үшін арнайы жинақтау құралдарын таңдаған жөн. Мысалы, егер пәтер сатып алуды жоспарласаңыз ипотекалық бағдарламалары бар банк шоттары қолайлы болады. Ал басқа ұзақ мерзімді мақсаттар үшін ақша тек сақталып қана қоймай, табыс әкелетін депозиттік өнімдерді пайдаланған жөн. Жинағыңыз күнделікті жұмсайтын ақшаңыздың жанында тұрмағаны абзал. Басқа мақсатыңыз үшін ақшаңыз еселенетін депозит шоттарында сақтаңыз. Мәселен, Freedom Bank қолданушының мақсатына қарай “Копилка”, “Капитал”, “Стратегия” деген түрлі депозит ұсынады. Freedom Bank депозиттері бойынша ең жоғары жылдық мөлшерлемесі – 18,5% (6,4%-дан бастап).
Шығыныңызды қысқартыңыз. Тағы бір әдіс – шығынды қысқартудың тиімді әдісін іздеңіз. Көп қолданбайтын жазылымдарды өшіруге, байланыс операторы тарифтерінің тиімдірек түрін таңдауға болады.
Шығындарыңызды тиімді банк арқылы өтеңіз. Мәселен, Freedom Bank-тың SuperApp қосымшасы арқылы жасалған сауда-саттыққа, төлемдерге жоғары мөлшерде кешбэк алуға болады. Ең ұтымдысы, сол кешбэкті қайтадан кәдімгі ақша етіп алуға, басқа адамға аударуға, жұмсауға, тіпті инвестиция жасауға болады.
QR-кодты сканерлеп, Freedom SuperApp-ты жүктеп алыңыз
25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы
12.06.2024 ж. берілген №1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚНРДА лицензиясы
Неге бұл тиімді?
Себебі банктің сізге беретін кешбэгі — жай қайтарылған сома емес. Ол нақты құнды қағаз — ETN (биржалық нота) түрінде беріледі. Бұл бағалы қағаздың құны Freedom Holding Corp. компаниясының акция бағасына тікелей байланысты. Акция қымбаттаса — сіздің кешбэгіңіз де қымбаттайды, яғни табысыңыз артады. Мысалы, Freedom Bank-тің ниеттестік бағдарламасы алғаш басталғанда бір ETN құны шамамен 3 теңге болған. Ал 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша — 9,7 теңге, яғни 6,3 теңгеге өскен. Бұл — бір ғана кэшбэктің өзі уақыт өте келе қосымша табыс көзіне айналады деген сөз.
Барлық құқықтары қорғалған
Осылай, өмір сапаңызды түсірмей, шығыныңызды қысқартыңыз. Өзіңізді кейбір дүниеден уақытша шектеңіз. Өзіне “жоқ” дей алғандар жетістікке жетеді. Уақытша шектеу тыйым емес, қаржылық еркіндікке әкелетін жол.
Жобаны бөлісу