Күнделікті шығындарды есептеп жүріп, кейбірі оның бір бөлігін қайтарып алуға да болатынын білмейді. Жарасхан Уанов кешбэк жүйесін дәл осы қарапайым логикамен таңдаған: ақша бәрібір жұмсалады, ендеше оның бір бөлігін неге қайтарып алмасқа? Бір жыл бойы барлық төлемін бір картаға жинақтаған ол енді жиналған кешбэкпен қысқы соғымын алуды жоспарлап отыр. Бұл - үнемдеудің күрделі формуласы емес, отбасы бюджетіне түсетін салмақты жеңілдететін қарапайым қаржылық әдет.
«Басында жарнама сияқты көрінді. Бірақ бір-екі айдан кейін жинақталған соманы көргенде, расында да тиімді екенін түсіндім. Теңге тиыннан құралады деп бекер айтпайды. Әр төлемнен 5-10 теңгеден қайтарып, ай соңында тәп-тәуір ақша жиналғанын көргенде қуанып та қаласың», - дейді ол.
Жарасхан Уанов
Астаналық азамат
Жарасхан Уанов 36 жаста, Назарбаев Университетінде программист болып жұмыс істейді. Астаналық азамат кешбэк туралы алғаш рет достарынан естіген екен. Үнемі картамен төлем жасайтын достары ай сайын белгілі бір соманы қайта алып отыратынын айтқанда, ол да қызығушылық танытып, кешбэк туралы іздене бастаған.

Содан бері ол шығынды азайтпай-ақ, кешбэктің көмегімен отбасы бюджетін оңтайландыруға болатынын түсінген.
“Кешбэктерді жинап, соғым алдым”:
Астана тұрғыны күнделікті шығындарын қалай табысқа айналдырды
Отбасы, шығын және ақшаны қайтару философиясы
Жарасхан – отбасылы, бір баланың әкесі. Ай сайынғы шығын аз емес: азық-түлік, жанармай, баланың қажеттіліктері, түрлі қызметтерге төлем - бәрі қаражатты талап етеді. “Жалақыға күні қараған әр қазақстандық үшін бұл таныс жайт” дейді ол. Осындай жағдайда ол әр төлемнен кішкентай болса да, бір бөлігін қайтарып алуды жөн деп санайды.
«Отбасы болған соң шығын көп. Оның үстіне бала өскен сайын оның қалауы да арта береді. Бұрынғыдай алып келгеніңді емес, өзі қалаған нәрселерді сатып алуыңды сұрайды. Бірақ кешбэк арқылы кей шығынның орнын толтырып жүрмін. Мысалы, отбасымызбен киноға барсақ, билетке 5000 теңге жұмсадым. Кешбэк ретінде мұның 1000 теңгесін қайтарып берді. Сондай-ақ темір жол және әуе билеттеріне де кешбэк өте жоғары. Ата-анам туыстардың той-томалағы үшін Семейге жиі барады. Соңғы рет пойызға 6900 теңгеге билет алдым. Ал кешбэгі 1200 теңге болды. Мұның өзі отбасылық бюджетке көмегін тигізеді. Қазір жұбайым да кешбэк жинауды әдетке айналдырды. Картаны Apple Pay жүйесіне қосып, интернетсіз картамен төлем жасаймыз», - дейді астаналық.
Қыс алдындағы соғымға дайындық
Алдағы қыста Жарасхан отбасына соғым алуды жоспарлап отыр. Бір жыл бойы жинаған кешбэк сомасы толық жетпеуі мүмкін дейді. Бірақ бір бөлігін бонустар арқылы төлесе де, үлкен көмек болары сөзсіз.
Жарасхан қазір тек бір банк картасымен төлем жасайды екен. Әр банктің өнімін қолданып көрген ол Freedom Bank-тің картасын таңдапты. Себебі мұнда кешбэк пайызы жоғары, ал неғұрлым көп сауда жасап, ай соңында картаңда көбірек ақша қалса, деңгейі өседі екен. Бұл кешбэктің артуына себеп болады.

Сонымен қатар кешбэк көлемі деңгейге қарай өзгеріп отырады: Standard, Silver, Gold және Platinum. Мәселен, Standard деңгейінде базалық кешбэк 1%, Silver деңгейінде 2%, Gold деңгейінде 3%, Platinum деңгейінде 4%. Бұдан бөлек “Сатып алулар” бойынша тапсырманы орындаса, кешбэкке 1%, Apple Pay, Samsung Pay (+2%) немесе Freedom QR арқылы төлем жасаса, тағы 3% қосылады. Кешбэк деңгейі депозиттік картада ай соңында қалған қаржы көлемімен есептеледі.Жалпы базалық кэшбэк 8%-ды құрайды.
Қолданушылар Freedom экожүйесінде сауда жасап, көбейтілген кешбэк ала алады. Серіктестердің кешбэгі 30% дейін жетеді. Мысалы, әуе және теміржол билеттеріне 29% дейін, Freedom Ticketon-да 22% дейін, Arbuz.kz-те 19%, ал Freedom Mobile-да 37% дейін кешбэк алуға болады.
«Соғым үлкен шығын болғанымен, өте тиімді. Ал етті қыста бөліп сатып алу қымбатқа шығып кетеді. Сондай-ақ соғымды қарындасымның отбасымен бөлісеміз. Сондықтан қыста ет іздеп жүрмеу үшін бүтіндей сатып аламыз. Былтыр соғымды 370 мың теңгеге алған едік. Биыл баға 400 мың теңгеден басталады. Бір жылда жиналған кешбэк – 238 мың теңге. Соғымның бағасы – 420 мың теңге. Үстінен қосқаным – 190 мың теңге. Осылай қыс алдында бюджетке түсетін ауыртпалықты азайттым. Менің ойымша, кешбэк жинау да әдетке айналуы керек. Мен кешбэкті Freedom валютасынан теңгеге ауыстырмаймын. Өйткені кешбэк акцияның өсуіне байланысты көбеюі мүмкін. Ең бастысы - тәртіп. Сол әдет жыл соңында жақсы нәтиже береді», - деді астаналық программист.
“Freedom Bank ұсынған кешбэк жүйесі ең ыңғайлысы екенін түсіндім. Онлайн сауда жасағанда, азық-түлікті үйге жеткізетін қызметті пайдаланғанда көп кешбэк береді. Кейде кешбэкті қоса есептегенде Arbuz сервисіндегі азық-түліктің бағасы базардан әлдеқайда арзан шығады. Жеткізу уақытын да өзіме ыңғайлы етіп тағдаймын. Есесіне қай төлемді қай картамен төлеймін деп басымды қатырмаймын. Бәрі Freedom SuperApp қосымшасының ішінде. Қаржыны сақтау, жинақтарды бақылау өте ыңғайлы”, - деп түсіндірді ол өз таңдауын.
Қаржы сарапшысы Дана Молдақұлова Жарасханның оқиғасымен танысып, оған бірнеше кеңестерін берді
Кешбэк – бұл төлем жасағаныңыз үшін банк қайтаратын ақшаның бір бөлігі.
Мысалы, айына 300 000 ₸ жұмсасаңыз, 1% кешбэкпен 3 000 теңгені, 5% кешбэкпен 15 000 теңге, категориялық 20% кешбэкпен 60 000 теңгеге дейін қайтаруға болады.
Бұл – үнем.


  • Күнделікті шығындарды арзандатады.
  • Қосымша табыс көзі: кей банктер 20–60% дейін супер-кешбэк береді (серіктестер, акциялар).
Егер дұрыс қолдансаңыз, жылына бір жақсы смартфонның бағасын кешбэкпен жабуға болады;
  • Отбасы шығынын оңтайландырады: барлық төлемді бір картадан өткізсе, кешбэк 2–3 есе тез жиналады.
Көп отбасы айына 20–50 мың ₸ кешбэк алу мүмкіндігіне ие. 
Дана
Молдақұлова
Қаржы сауаты бойынша сарапшы
Қаржы сарапшысының сөзінше, Жарасханға әртүрлі карталардың шарттарын салыстырған дұрыс. Өзінің шығындары қай салада көп екенін анықтап, сол категорияға жоғары кешбэк беретін картаны таңдағаны абзал.
Шығынды есептегенде кешбэк жоспарын да қосқан дұрыс. Оның себебі қарапайым: кешбэк — бұл үнем емес, қайта оралатын нақты ақша, сондықтан ол да бюджет элементі.

  • Қысқаша айтқанда, жоспарлау қай банктен қандай санатта көбірек кешбэк алатыныңызды анықтайды.
  • Шығынды дұрыс бөлу кешбэк көлемін 2–3 есеге арттыра алады.
  • Лимиттерді бақылау артық шығыннан сақтайды және максималды қайтарым береді.
Кешбэк - жоспарлауға тұратын кішігірім, бірақ тұрақты табыс.
Кешбэк жинаудың 70–80% тиімділігі күнделікті ұсақ төлемдерден келеді. Супермаркет, кофе, такси, дәріхана, коммуналдық төлем, маркетплейс, бәрі картамен өткізілгенде, ол айына 25–60 мың теңге кешбэк жинай алады (таңдалған банк картасына байланысты).
Барлық құқықтары қорғалған
Freedom Bank-те кешбэк “Freedom валютасы” түрінде беріледі. Бұл валюта - AIX биржасында тіркелген ETN (биржалық нота). ETN құны Freedom Holding Corp. компаниясының акциясына байланысты.
Шынайы үнем – өз ақшаңыздың бір бөлігін қайтарасыз. Кешбэк жинауда бір карта қарапайымдылығымен тиімді: төлемдер бір жерде, бақылау жеңіл. Шығындарды дұрыс бөліп қолдансаңыз, кешбэк көлемі бірнеше есеге артады. Ал жайлылық керек болса, бір картаны қолданыңыз.
Барлық төлемді картамен жасау
Жобамен бөлісу
25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы
Freedom валютасын кәдімгі ақша сияқты пайдалануға болады: сатып алуларға төлеу, басқа валюталарға айырбастау, аудару. Сондай-ақ оны қосымша табыс - инвестиция ретінде қарастыруға болады, яғни валюта құны өссе, сіздің “кешбэк қоржыныңыз” да өседі.

ETN бағалы қағаз болғандықтан, кейбір кірістер салық салуға жатады. Freedom SuperApp-та кірістерді декларациялау мүмкіндігі бар. Ал Freedom валютасы үшін салық төлеудің керегі жоқ.