“Ақша жинап, цех ашқым келеді”: Көпбалалы ана мақсатына жету үшін қандай қаржы әдеттерін қолданады
Жазира Самакова – қаржыгер әрі тігінші. Қазір тапсырысқа құрақ көрпелерді жаңартып, қыздардың жасауын дайындайды екен. Көпбалалы ана алдағы уақытта жалдамалы жұмыстан кетіп, тігін цехін ашуды қалайды. Бұл үшін отбасылық шығындарын қайта қарап, депозитке ақша жинауды бастап кеткен.
Жазира Самакова Қордай ауданы, Кенен Әзірбаев ауылының тумасы, төрт баланың анасы. Негізгі мамандығы қаржыгер. Кейіпкеріміздің әулетінде үш буын тігіншілікпен айналысады. Ал нағашы жұрты етік тігеді екен. Бүгін шағын тапсырыстар алып, қанмен дарыған тігіншіліктен азын-аулақ табыс тауып отыр.

Жазира Самакова
Кенен Әзірбаев ауылының тумасы
“Тігін тігу – қанымызда бар өнер. Әкемнің екі қарындасы да тігінші болған. Бала күнімнен тігін тігіп келдім, арнайы оқуын да оқымағанмын. Әжем бұрын құрақ көрпе тігетін еді, сол кісінің де тәлім-тәрбиесі әсер еткен шығар. Ал нағашыларым әулеттерімен етікшілер. Өзіме де қатты ұнайды. Осылай өнерді кәсіпке айналдырып, қазірге дейін қаншама қыздың жасауын дайындап бердім. Бойымдағы өнер балаларыма да дарыған. Қызым сәулетші мамандығын оқып жатыр. Ал кенже ұлым күні-түні пластилиннен мүсін дайындайды”, – дейді ол.
Жазира Самакованың айтуынша, ата-бабадан қалған көрпені жаңартқан сайын, сол шаңырақта жақсы жаңалық болады. Кәсібінің негізгі философиясы да осыда.

Жазира Самакова
Кенен Әзірбаев ауылының тумасы
“Қай үйдің көрпесін жаңартсам, сол шаңырақта жақсы жаңалық болады. Көрпе – ата-бабадан қалған мұра. Мұны естіген соң тапсырыс берушілер де көбейеді. Құрақтағы әр ою мен өрнектің өзіндік мәні болады. Мысалы, қыз жасауына баспалдақ секілді өрнек салынады. Бұл әр қыздың өмірі кезең-кезеңнен тұратынын көрсетеді”, – деп түсіндірді кейіпкеріміз.
Көпбалалы ананың арманы – тігіншілікті үлкен кәсіпке айналдырып, жеке цех ашу. Тапсырыстар көбейсе, жалдамалы жұмыстан кетіп, кәсібін негізгі табыс көзіне айналдырғысы келеді.

Жазира Самакова
Кенен Әзірбаев ауылының тумасы
“Көрпені отбасымызбен бірге тігеміз. Күйеуімнің көмегі ұшан-теңіз. Қызым да дизайнға жақын болған соң, көрпе тіккенде өз ойын айтып отырады. Қай түстерді үйлестіру керек, қандай оюды пайдалану керегіне дейін кеңес береді. Алдағы уақытта шағын кәсібімізді үлкейтіп, көрпе, құрақ дайындайтын цех ашқымыз келеді. Жеке брендімді шығарып, көрпелерді сатылымға шығарсам, бұдан түсер пайда да артар еді. Қазір тапсырыстан түскен азын-аулақ ақшаны депозитке жинап жатырмыз”, – дейді ол.
Жазира Самакова қаржыгер болғандықтан, мақсатына жету үшін отбасы бюджетін дұрыс басқаруға мән беретінін айтады. Сөзінше, кей шығындарын қайта қарап, жинағын арттыруға әрекет етіп жатыр. Бұл жолда кешбэктердің де үлесі көп екен.

Жазира Самакова
Кенен Әзірбаев ауылының тумасы
“Ақшаны үйдегі жастықтың астына салып сақтай алмайсың. Оның үстіне ай сайын белгілі бір соманы салып отырғанымызбен, кей шығындарды қысқартып, үнемделген ақшаны депозитке аударамыз. Депозитіміз Freedom Bank-те. Банктің беретін пайызы да жоғары. Сонымен қатар банктің карталары бойынша әр төлемнен түсетін кешбэгі де ұтымды. Үлкен отбасы болғандықтан, шығын әлбетте болады. Бірақ жұмсаған ақшаның бір бөлігі қайтып келгенін көргенде, қуанып қаласың”, – дейді кейіпкеріміз.
Жазира Самакованың сөзінше, ақша мен уақытын үнемдеу үшін Freedom SuperApp-ты пайдалануға көшкен. Бірнеше сервисті біріктерін бұл қосымшадан керегімді табамын дейді.
Қорытынды:
132 000 теңге шығын болғанда, ай сайынғы кешбэк – 27 600 теңге.
Ал бір жылда бұл – 331 200 теңге кешбэк.
Кешбэк көлемі ниеттестік деңгейі мен басқа да факторларға байланысты.
Freedom SuperApp-тың артықшылықтары мынада:
Мобильді қосымшадан мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады. Сондай-ақ Naimi.kz сервисінен түрлі қызмет түрлерін ұсынатын мамандарды таба аласыз.
Қызметтер
Қолданушылар банктің суперқосымшасынан тек кино мен концерттерге билет алып қоймай, фильмдер мен телеарналарды тамашалай алады. Ал бос уақытта қаржы туралы пайдалы кеңестер мен саяхат жайлы мақалаларды Super Journal-дан оқи алады.
Көңіл-көтеру
Мобильді қосымшада бірден азық-түлікке тапсырыс беріп, электронды техниканы да сатып алуға болады. Сондай-ақ электронды техниканы қолма-қол ақшаға да, бөліп төлеуге алғанда да кешбэк түседі. Freedom SuperApp-тағы максималды кешбэк 38%-ға дейін.
Бұдан бөлек пойыз бен әуе билеттерін де алу мүмкіндігі қарастырылған. Көлік жүргізушілеріне арналған “Шиналар” бөлімі де бар.
Дүкендер
Қаржы сауаты бойынша сарапшы Дана Молдақұлова кейіпкеріміз Жазираға мақсатына жетіп, цех ашуы үшін SMART стратегиясын ұстануға кеңес береді.
ал “Т” – Time-bound, мұнда Жазира мақсатының мерзімін, қанша уақыт керегін жазып қоюы керек ”, – дейді қаржы сарапшысы.
“R” – “Relevant”, яғни мақсат адамның жалпы жоспарына, өмірлік бағытына және ісінің мән-маңызына сәйкес болуы тиіс.
“А” – “Achievable”, демек мақсат қолжетімді болуы керек.
“М” дегеніміз Measurable, яғни сметасын құрып, қанша ақша керегін жазады.
“S” – “Specific”, яғни қандай цех ашқысы келеді, қанша адам жұмыс істейтінін жазуы керек.
Дана Молдақұлова көпфункциялы қосымшалар қаржылық мінез-құлықты жүйелеуге және күнделікті операцияларды жеңіл басқаруға мүмкіндік береді дейді. Ал Freedom SuperApp пайдаланушының төлемдерін, сатып алуларды, кэшбэгін және сервистерін бір жерде біріктіріп, қаржы ағымын толық әрі нақты көруге жағдай жасайды. Мұның бірнеше артықшылығын атап өтті:
  • Бір орталықтан басқару
    Барлық шығын мен төлемдерді бір қосымшадан бақылау қаржылық тәртіпті күшейтеді;
    1
  • Айқын талдау
    Автоматты санаттау мен шығындарды талдау пайдаланушыға қай жерде үнемдеуге болатынын көрсетеді;
    2
  • Кэшбэк пен бонус тиімділігі
    Барлық жинақталған артықшылықтардың бір әмиянда болуы қаржылық қайтарымды арттырады;
    3
  • Қаражатты ұтымды пайдалану
    Импульсивті шығындарды азайтып, саналы қаржылық шешім қабылдауға көмектеседі.
    4

Дана Молдақұлова
Қаржы сауаты бойынша сарапшы
“Бір қосымшадан әртүрлі қызметтерге төлем жасау қаржыны бақылауды едәуір жеңілдетеді, өйткені барлық шығын бір орталықта жиналады. Пайдаланушы кино билеттері, азық-түлік, көлікке арналған тауарлар сияқты әр санатты жеке-жеке қолданбалардан іздемей, бір интерфейсте толық шығын құрылымын көре алады. Барлық транзакция бір тізімде көрсетіледі, бұл кейіпкерімізге шығындарын реттеуді жеңілдетеді. Әр төлем өз санатына дұрыс бөлініп, ай сайынғы талдау нақты әрі қатесіз болады”, – дейді сарапшы.
Барлық құқықтары қорғалған
Жобамен бөлісу
25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы