2024 жылы ораза ұстаймын деп ниет еткендер не білуі керек? Бір ай бойы күнделікті аш жүру ағзаға қалай әсер етеді? Cарапшыдан тамақтану режимін дұрыс сақтау жолын, ауызашар мен сәресінде асты қалай ішкен жөн екенін сұрадық.
Ораза кезінде қандай өнімдерді тұтынған жөн?
Тамақтану маманынан
7 кеңес
Оразаны неге ұстайды?
Ол ағзаға қалай әсер етеді?

Рамазан айының басталу және аяқталу күндері жыл сайын өзгереді. Биыл ҚМДБ ораза 11 наурызда басталып, 9 сәуірде аяқталады деп мәлімдеп отыр. Алайда Айдың көрінуіне байланысты ораза бұл датадан бір күн шегерілуі не алға жылжуы мүмкін.

Көбі ораза кезінде тамақтану режиміне аса көңіл бөлмей жатады, ағзасының қандай өзгеріске тап болатынынан да бейхабар. Herbalife компаниясының Тамақтану жөніндегі сарапшысы Алмагүл Ержекенова осы ретте оразаны биыл бірінші рет ұстайын деп жатқандарға, сондай-ақ жыл сайын ұстап жүргендерге де кеңестерін берді.
01
Маманнан
консультация алыңыз 
Сарапшы тексерістен өткенде ғана ораза ұстауға дайын не дайын емес екеніңізді анықтай аласыз дейді.

“Ораза кезінде әдеттегі тамақ ішетін уақыт та, тұтынатын тағамның құрамы да өзгереді. Ағзада орта есеппен 1-2 апта ішінде қайта құрылу процесі жүреді. Ас қорыту сөлі бөлінеді, ішек жұмысы басқа тағамдарға бейімделіп, тамақ ішу уақытына сәйкестенеді. Қанша дәрумен, минерал ағзаға түсетіні әр адамның ағзасына және қаншалықты мөлшерде оны тұтынатынына байланысты. Егер бір күнде екі рет тамақтану режиміне барлық қоректік затты "шоғырландыра" алмаса, онда ағзаға дәрумен мен минералдың жеткілікті мөлшері сіңбеуі мүмкін. Жеткіліксіздік болмауы үшін алдын ала (кем дегенде 2-3 ай бұрын) профилактикалық талдаулардан өтіп, ағзаға не жетіспейтінін анықтау керек”, - дейді ол.
02
Тамақты тағамдық талшықтармен, хлорофилмен толықтырыңыз
Алмагүл Ержекенова қоректік заттардың жетіспеушілігі ағзадағы жеке қоректік заттардың бастапқы деңгейіне, кейбір дәрумендер мен минералдардың қорына байланысты дейді.

“Сондықтан рационды тағамдық талшықтармен, хлорофилмен (ішек микрофлорасын сақтап және құрамындағы А, С және Е дәрумендерінің арқасында күшті антиоксидант ретінде жұмыс істейтін пигмент) байыту маңызды. Бұл көптеген қоректік заттың жетіспеуі мен тапшылығын туғызады. Әсіресе, бұл көктемде анық байқала бастайды. Сондықтан қыс бойы Грин Макс Select және Формула 3 сияқты мамандандырылған өнімдерге ерекше назар аударуға болады”, - дейді ол.
03
Сәресін өткізбеу
Өзіңізді мәжбүрлеп болсын таңғы ас ішу керек дейді маман. Себебі онсыз да ораза уақытында ағзада микроэлементтер азаяды. Сәресін өткізіп жіберу күш-қуатты төмендетеді. Сонымен қатар ми мен ағзаның белсенділігін азайтады.

Сәресіне не жеген дұрыс:


  • Ботқа (әсіресе жүгері және тары)
  • Майлы сүт өнімдері
  • Жұмыртқа
  • Бұршақ тұқымдастар (жасымық, нұт, соя)
  • Протеинді коктейлдер
  • Тұтас дәнді дақылдар
  • Өсімдік майлары

“Мұндай тағам асқазанның шырышты қабығын тітіркендірмейді және ас қорыту процесін жақсартады. Көкөністерден, балықтан, майсыз сиыр етінен және тауықтан жасалған сорпалар да пайдалы. Осы ретте қуырылған ет пен балықтан бас тарту керек, оларды бұқтырылған тауық етімен немесе буға пісірілген котлеттермен алмастырған жөн. Себебі бұл тағамдар сіңімді әрі дәрумендерге бай”, - дейді сарапшы.
04
Ет тағамдарын көп жемеңіз
Алмагүл Ержекенова ет пен балықты, сондай-ақ шөлдететін тағамдарды сәресіне жемей-ақ қойған абзал дейді.

“Әсіресе, қуырылған ет пен балықтан бас тарту керек, оларды бұқтырылған тауық етімен немесе буға пісірілген котлеттермен алмастырған жөн. Егер ет жегіңіз келсе, тартылған ет қосылған тағамдарды таңдаңыз”, - дейді ол.

Ауызашарға не жеген дұрыс:


  • Балық (қайнатылған)
  • Ақ ет (құс еті)
  • Жемістер
  • Тұтас дәнді жармалар
  • Протеинді коктейлдер
  • Кептірілген жеміс, жаңғақтар
  • Өсімдік майлары
  • Сүт және ашыған сүт өнімдері
05
Спортпен айналысуды тоқтатпаңыз
Спортпен, фитнеспен айналысу зат алмасуды тиісті деңгейде ұстап, физикалық көрсеткіштерді жоғалтпауға мүмкіндік береді. Алайда жаттығу қарқынын бәсеңдетуге тура келеді.

“Физикалық белсенді адамдар мен спортшылар жаттығуды 30% азайтуы керек. Бұл дене пішінін жоғалтпау үшін және өз қалпына тез оралу үшін жеткілікті”, - дейді маман.
06
Тиісті мөлшерде су ішіңіз
Негізгі ереже - су балансын толтыру және асқазанды аздап "ояту" үшін тамақтанар алдында су ішу.

“Әдетте, адам 3-4 литр сұйықтықты (тамақ, жемістер, көкөністер, шай, шырындар және басқа сусындарды қоса) тұтынуы керек. Оның 1,5-2 литрі таза су болуы керек. Егер суға Herbalife ұсынған Алоэ өсімдік суын қосып ішсеңіз, ол асқазан-ішек жолының қызметін жақсартуға көмектеседі”, - дейді Алмагүл Ержекенова.
07
Қыс пен көктемнің арасында ерекше күтім жасаңыз
Биыл Рамазан айы ерте көктемге келіп тұрған соң, қыстан кейін және көктемнің басында ағзаға көңіл бөлу маңызды.

“Қыс мезгілінде адамдардың көбі өсімдік тағамдарын, атап айтқанда жасыл шөп және өсімдік ақуызын жеткілікті мөлшерде тұтынбайды. Бұл да өз кезегінде көптеген қоректік заттың жетіспеуі мен тапшылығын туғызады және көктемде бұл анық байқала бастайды”, - дейді ол.
Осылайша тамақтану режиміндегі барлық өзгеріс бірте-бірте енгізілуі керек екенін атап өткен жөн. Тағамды саналы түрде таңдау және ағзаның жаңа өнімдерге реакциясына мұқият болу тамақтың сіңу процесін жеңілдетеді. Мұндай тәсілмен тамақтану әл-ауқаттың жақсаруын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар ұзақ мерзімді салауатты әдеттерді қалыптастыруға көмектеседі.
Бұл рецептер арқылы сәресінде және ауыз ашқаннан кейін ағзаны қажет қоректік заттармен қамтамасыз ететін әрі дәмді тағам түрлерін жасап көріңіз. Оларды протеиндік коктейльдер, өсімдік негізіндегі сусындар мен жеңіл тағамдар негізінде жасауға болады.
Коктейлдерді сусын ретінде ғана емес, сонымен қатар әртүрлі тағамдарға маңызды ингредиент ретінде қолдануға болады. Мысалы, құймақ, вафли, кекстердің қамырына қолдануға не тіл үйірер ашыма әзірлеуге болады. Сонымен қатар ауызашарда су ішкен соң ақуыз балансын қалпына келтіру үшін протеиндік коктейльдерді немесе өсімдік негізіндегі сусындарды қосуға болады. Олар ағзаны маңызды қоректік заттармен байытып қана қоймай, асығыс уақытта да құнарлы тағам ретінде тамаша таңдау бола алады.
Ораза уақытында Herbalife өнімдерінен қандай тағам жасауға болады? Рецептер