HONOR 90 6.7 дюйм панелімен 2664x1200-ге дейін кеңейтіліп, AMOLED матрицасы 100% түрлі түсті қанықтығымен 120 Гц динамикалық мүмкіндке ие. Яғни HONOR 90 экранындағы түстер қанықтығы мен дисплейдің кеңдігі көзге артық салмақ түсірмей, телефонды ұзақ уақыт қолдануға мүмкіндік береді. Тіпті түнгі немесе күн шақырайып түскен кезде қолданғанда телефон жарыққа автоматты түрде бейімделеді.
Мен кешкі уақытта өзімнің сүйікті сериалдарым мен видео бағдарламаларды телефоннан көруді ұнатамын. Экранның доғалданған бейнесі оны шексіз етіп көрсетеді. Түстер гаммасы көзді шаршатпайды. Сондықтан HONOR 90 смартфонымен бірге демалысымды қызықты әрі пайдалы өткіздім.
Мінсіз процессор – шексіз жады
Журналист жұмыс барысында смартфонды үздіксіз қолданатындықтан, ол еш бөгетсіз жұмыс істеуі қажет. Honor-дың жаңа смартфоны үздік процессормен жабдықталғандықтан, оның жұмысында тоқыраулар болмайды. Qualcomm компаниясында жасалған Snapdragon 7 Gen 1 Accelerated edition процессоры әзірге тек осы HONOR 90-ға орнатылған.
Менің жұмысымда тағы бір маңыздысы, телефонның жады көп болуы қажет. HONOR 90-ның операциялық жады 8+256 ГБ, 12+512 Гб және 12+512 Гб, оған HONOR RAM Turbo көмегімен 7 ГБ виртуалды жедел жадыны қоса кету керек.
Смартфонды жаздың ыстық күндері қолданғаныма қарамастан, ол қатты қызымады, жұмысында ауытқу да болмады. Тіпті 3 сағатқа жуық деректі фильм көргеніме қарамастан, ол қызып кетпеді.
Смартфонды қолдана бастаған кезде бірінші кезекте камерасын ашып, суретке түсеміз. Себебі қазіргі заманда ол – тұтынушы үшін ең маңызды критерий. HONOR 90 флагманындағы өзге гаджеттер секілді нағыз камерафон деп айтуға лайық. Себебі артқы панельде орналасқан үш камерамен дисплейдегі бір камераның мүмкіндіктері смартфонды осы атқа лайық етеді. Фото линзасы 1\4х, 1х және 2х масштабтауға жылдам өтуге мүмкіндік береді. Дисплейде 50 МП селфи камерасы орналасқан. Оған екі түрлі масштабтау деңгейімен суретке түсіріп те көрдім.
Негізгі камера толығымен аппараттық құрылғыға көшіп, 200 МП сенсор орнатылған. 1/1,4 дюйм үшін F/1.9 диафрагмасы үлкен болып есептеледі, алайда ол барынша көп мөлшерде жарықты қамтиды.
Мен кәсіби фотограф емеспін. Бірақ суреттерімнің кәсіби болып шыққанын қалаймын. Телефонды өзім қалаған жаққа бағыттап, дәлдеп қойғанымда ол менің орныма барлық қажетті өзгерістерді жасап, Image Engine бағдарламасының көмегімен сурет түсірді. Кеңейтілген матрица әрбір детальді толық алып, тіпті жылжып бара жатқан заттарды тұнық түсіруіме мүмкіндік берді.
Жарық жеткіліксіз ғимарат ішінде де күңгірт түстерді алып, айналадағы атмосфераны тамаша түсіріп береді. Түнгі уақытта да суретке түсіру көңіл қуантарлық. Сенсор көлемі үлкейгені есебінен мүмкіндіктер кеңейіп, жарық туралы ақпарат кадрда көрсетіліп, пиксельдер ұлғаяды. Мұның бәрі түнгі уақытта айналаны жарықтандырып, тұнық фото алуға жол ашады.
Мен үшін тағы бір ерекше жаңалық – смартфонда екі камераны қатар қолдану. Яғни алдыңғы және артқы камераны қатар қосып, видео немесе фото жасай аламын. Меніңше, бұл – әсіресе саяхат кезінде таптырмайтын құрал. Себебі өзіңіз саяхаттап жүрген тамаша көрініс пен жеке эмоцияңызды қатар түсіріп, мәңгі естелік қылып сақтай аласыз. Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде «распаковка» видеосын жасауға болады. Яғни бұрынғыдай екі гаджетті қолданбай-ақ бір гаджеттің екі камерасымен жаңа тауарды таныстырып, екіншісіне өзіңізді түсіре бересіз.
HONOR 90 Android 13 нұсқасындағы MagicOS 7.1 жүйесін қолданады. Айта кетейік, бұл нұсқада 2023 жылдың 1 маусымына дейін жаңартылған қауіпсіздік патчтары бар. Су жаңа смартфон – компанияның MagicOS жүйесін қолданатын алғашқы гаджеті. Интерфейс жаңартылған түрінде пайдаланушыға бірнеше мүмкіндікке жол ашады. Олардың алғашқысы – Honor Share, яғни смартфон мен компьютер арасында файлдарды жылдам тасымалдау мүмкіндігі.
HONOR 90-ның жаңа мүмкіндіктері менің журналистік қызметіме де өз пайдасын тигізді. Себебі іскерлік конференцияға барған кезде бізге пресс-релизді ақ қағазға шығарып берді. Мен оны HONOR 90-ға суретке түсіріп, фотосуреттен мәтінді бөліп алдым. Оны Honor Share-мен өз компьютеріме жалғап, екі құрылғыда қатар жұмыс істедім.
Батареялық қуат жағында да жағымды өзгерістер бар. HONOR 90 қандай жұқа әрі жеңіл болса, оның сағатына 5000 мА батареясы да дәл сондай жұқа әрі жеңіл.
Мен смартфонды таңертең қуаттауға қойып, таңғы ас дайындап әрі тамақтанып болғанша, ол бір сағат ішінде 100%-ға толып үлгерді. 5 минут ішінде 0-ден 20%-ға дейін қуатталып үлгереді екен. Таңертең толық қуаттап алған телефонды күні бойы қолданғанның өзінде ол кешке дейін жетті. Соңғы 20% қуат қалғанда, экран жарығы төмендеп, смартфон ескертулер жібере бастады.