iPad әртүрлі буын өкілдерін қалай бір арнаға тоғыстырды?

Жанұяны жақындастыратын құрылғы:
Өмір бір орнында тұрмай, күн өткен сайын өзгеріске ұшырап отырады. Сондықтан қазіргі заманда күнделікті өмірімізді интернет, ұялы құрылғыларсыз және басқа да гаджеттерсіз елестету мүмкін емес. Күн сайын жаңа құрылғылар пайда болады немесе ескірген модельдер қайта жақсартылады. Осылайша, технологиялық мәдениет дәуірі адамдардың қызметіне ғана емес, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасына да орасан өзгерістер алып келді. Адам өмірін жеңілдете түскен гаджеттер әртүрлі жастағы буын өкілдерінің басын қосатын бірегей құралға айналып үлгерді. Мәселен, Беркімбаевтар әулеті бір ғана гаджеттің көмегімен тұрмыстық жұмыстарын жеңілдетіп, қызығушылықтарын біріктірген.
Бүгінгі материалымыздың басты кейіпкерлері – Ардақ пен Сандуғаш үш баланы тәрбиелеп отыр. Ардақ банк саласында қызмет етсе, Сандуғаш – білім беру саласының маманы. «Уақыттың басым бөлігі жұмыста өтеді» деген олар отбасымен тек кешкі уақытта бас қосатындарын айтты.

«Заман ағымына ілесіп, барлығына үлгеру қиын. Таңертең балаларды мектепке апарып, өзіміз де жұмысқа кетеміз. Тек кешкі ас кезінде төрт көзіміз түгел жиналады десем, өтірік болмас, сондықтан қалған уақытымызды бүлдіршіндерімізге арнаймыз.
Бірге үй тапсырмасын орындап, бос кезде фильмдер тамашалаймыз. Алайда кейде барлығына үлгере бермейсің, осы себепті уақытымызды үнемдеп, бәріміз пайдалана алатын гаджет алу туралы шешім қабылдадық. Ғаламтордағы мәліметтерді және достарымыздың кеңесін саралай келе таңдауымыз iPad-қа түсті», – дейді Ардақ пен Сандуғаш.
УАҚЫТЫМЫЗДЫ ҮНЕМДЕП, БӘРІМІЗ ПАЙДАЛАНА АЛАТЫН ГАДЖЕТ АЛУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ
«9-буын iPad-тың мүмкіндіктері өте көп, соған қарамастан, оңай пайдалануға болатын планшет. Оны кез келген жастағы адамдар қолдана береді, сондай-ақ ол көптеген тапсырманы шешуге қабілетті. iPad шығармашылық үшін де өте қолайлы. Apple Pencil-ді планшетке қоссаңыз болғаны, ол парақтары шексіз альбомға айналады», – дейді Сандуғаш.
«Қазір әлем күн сайын өзгереді, сондықтан бір орында тұрмай, ізденетін маман болып қалу үшін адам үнемі өзін дамытуы керек. Мысалы, отағасы қызмет бабымен іссапарда жиі болады. iPad-ты көлік немесе ұшақпен сапарға шыққан кезде қолданады. Өзім де электронды журналды толтыру үшін ноутбукті пайдаланамын, бірақ оны алып жүру қиын. Ал iPad жеп-жеңіл, сөмкеге де сыйып кететіндіктен, әрдайым жанымнан табылады», – дейді Сандуғаш.
Отбасы мүшелері гаджет таңдауда оның мүмкіндіктеріне, ең бастысы, қуатына назар аударған екен.
Тоғызыншы буындағы iPad-қа SIM-карта салынады. Ал 64 және 256 Гб жады қажетті материалдарды сақтауға мүмкіндік береді.
«Қазір ата-аналар мектеп кітаптарының ауырлығына жиі шағымданады. Өзімнің де балам 4-сыныпта оқиды, сондықтан бұл мәселе маған етене таныс. Тамаша таңдау болған iPad аз уақытта ауыр оқулықтарды алмастырып, енді ұлым мектепте де, үйде де сабақ оқу үшін өз iPad-ын пайдаланады. Мектепке ауыр сөмке арқаламайды, ал мен ұлымның белі ауырады немесе түрлі омыртқа ауруы туындайды деп алаңдамайтын болдым», – дейді ол.
iPad 9-дың тұрақты қолданушыларының бірі – Елхан. 4-сыныпта оқитын ол iPad-пен сурет салып, кітап оқиды. Кейде бауырларымен бірге ойын ойнап, уақыт өткізеді.
«Қазір барлық оқулықтарым iPad-та. Сабақтан бос уақытымда сурет салуды жақсы көремін. Кейде бауырларыма да сурет салуды үйретемін. Бірге түрлі ойындар ойнаймыз, қызықты видеолар тамашалаймыз», – дейді Елхан.
iPad-тың салмағы 500 граммға да жетпейді, қалыңдығы небәрі 7,5 мм.
ҚАЗІР ӘЛЕМ КҮН САЙЫН ӨЗГЕРЕДІ, СОНДЫҚТАН БІР ОРЫНДА ТҰРМАЙ, ІЗДЕНЕТІН МАМАН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН АДАМ ҮНЕМІ ӨЗІН ДАМЫТУЫ КЕРЕК
«iPad балалардың ғана емес, ересектердің де сүйікті гаджетіне айналды. Балаларым онымен ойын ойнап, шығармашылық қабілетін дамытса, біз жұмысымызды істейміз. iPad отбасыдағы көптеген мәселені шешіп қана қойған жоқ, бізді жақындастыра түсті деуге болады. Себебі қуатты гаджет уақытты үнемдейді. Сондықтан әңгіме-дүкен құрып, бірге ұзағырақ уақыт өткіземіз», – деді Сандуғаш.
Сондай-ақ отбасы iPad-та уақытты жоспарлап, жанұяның табысы мен шығындары жайлы есеп жүргізеді.
iPad жобалар жасап, реферат жазу, графика және видеомен жұмыс істеу үшін қажетті қосымшаларды жүктеуге мүмкіндік береді. Батареясы 10 сағатқа дейін тұрақты жұмысты қамтамасыз етеді, жиі қолданбаса, қуаты бірнеше күнге жетеді.
«Планшетпен жоспар жасау оңай, олардың орындалуын қадағалап, мақсаттарыңызға қолжеткізуге болады және ол қағаздарды тұтастай цифрлық нұсқаға ауыстырады. Іссапар кезінде, жұмыс барысында ыңғайлы. Барлық құжаттар мен қажетті деректерді бір жерде сақтаймын», - деп мәлімдеді отағасы Ардақ.
iPad өнімділігі жоғары А13 Bionic чипі және Neural Engine қуатты жүйесімен жұмыс істейді. Бұл графиканы өңдеуге, түрлі ойындарды кедергісіз ойнауға мүмкіндік береді.
Демалуға уақыт тапқан кезде iPad өте ыңғайлы. App Store дүкенінде ойындардың және қызықты қолданбалардың шексіз қоры бар. Apple TV+ әлемдік жұлдыздардың қатысуымен эксклюзивті фильмдер мен сериалдар ұсынады. SharePlay көмегімен достарыңызбен FaceTime қоңырауы кезінде фильмдерді көре аласыз.

iPad отбасыдағы көптеген мәселені шешіп қана қойған жоқ, бізді жақындастыра түсті деуге болады.
Барлық құжаттар мен қажетті деректерді бір жерде сақтаймын
«Балалардың салған суреттері iPad-та сақтаулы. Бұл бір жағынан баланың ойлау-қабілетін, екінші жағынан шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашады. iPad баланың көзін ауыртады деп қорықпаймын. Дисплейі үлкен, жарықты шағылыстырмайды. Оның үстіне әр нәрсені өз шегінде қолданса, денсаулыққа зиян келеді деп ойламаймын», – деді балалардың анасы.
Оразғали ата мен Әлия апа да iPad-тың тұрақты қолданушысына айналған. Оразғали ата гаджетпен жаңалықтар оқыса, Әлия апа сүйікті сериалдарын көріп, естелік суреттерін тамашалайды.
Қазір жаңалық оқу үшін газет алудың керегі жоқ. Бір батырманы бассаң жетіп жатыр, әлемнің жаңалығы көз алдыңда.
Тоғызыншы буындағы iPad 10,2 дюймдік Retina дисплейімен жабдықталған. Түстерді еш өзгеріссіз береді, ал олеофобтық жабыны экранда саусақ ізінің қалуынан қорғайды.
Сонымен қатар iPad-қа 8 Мп кең бұрышты камера орнатылған. Бес линзалы объектив суреттердің сапалы болуын қаматамасыз етеді. Ал бейнеқоңырау кезінде 12 Мп камера қолданылады.
«Қазір жаңалық оқу үшін газет алудың керегі жоқ. Бір батырманы бассаң жетіп жатыр, әлемнің жаңалығы көз алдыңда. Кейде iPad-пен сүйікті сериалдарым мен фильмдер тамашалаймыз. Сапалы камерасының арқасында балалардың қылықтарын, отбасыдағы бақытты сәттерді видео-фотоға түсіремін. Бейнеқоңыраумен алыс-жақындағы туыстарыммен сөйлесемін. Шағын гаджет осынша мүмкіндіктер сыйлайды деп кім ойлаған!» – дейді Әлия апа.
Apple ресми реселлер
жүйесінен алыңыздар