Жаңа оқу жылы басталуына санаулы уақыт қалды. Балаларына мектеп киімі мен қажетті құрал-жабдықтарды іздеген ата-аналар базарлар мен сауда дүкендерінің алдын торуылдауда. Дегенмен бүгінде үйден шықпай-ақ, керекті дүниелерді тапсырыспен алдыртуға болады. Егер сіз оқу жылына балаңызды дайындап үлгермесеңіз,
Stan.kz тілшісі дайындаған топтаманы пайдалана аласыздар.
Көп балалы ана Әлия Мамырованың сөзінше, жаңа оқу жылы басталарда бірнеше дүкенді аралап, балаларға мектепке қажеттіні іздеу өте қолайсыз. Бірақ биыл барлығын онлайн түрде сатып алуға болатынын естігенде оның қуанышында шек болмапты.
“Пандемияға байланысты біз онлайн сауда жасауды әдетке айналдырып келеміз. Бұрын мектеп формасын бір жерден, кеңсе тауарларын екінші жерден, спорттық киімді мүлдем басқа жерден алып, дүкен аралап уақыт өткізуімізге тура келетін еді. Бұл көп балалы ана үшін өте қиын. Сондықтан соңғы жылдары мектеп формасын онлайн тапсырыс бергенді жөн санаймыз. Бұл өте қолайлы. Әрбір дүкенге барып жүрмейсің, барлығын бір жерден таңдайсың да, үйге дейін жеткізу қызметін пайдаланасың”, – дейді көп балалы ана.
Баланы мектепке дайындаған кезде бұл мәселе ата-аналардың барлығының алдынан шығады. Бірнеше дүкенге баруға ата-аналар уақытын да күшін де сарп етеді. Алайда бұл мәселені қазір тез шешуге болады. Уақытыңызды үнемдеп, қажетіңізді таңдап, тез әрі қолайлы бағада мектеп тауарларын алғыңыз келсе, Jusan Bank ұсынған
JMART қосымшасы сізге көмекке келеді. Бұл жерде сіз мектепке қажетті тауарлардың барлығын таба аласыз.
Назарларыңызға мектепке арналған киімдер мен құрал жабдықтар жиынтығын ұсынамыз.
Қазақстандық оқушыларға тағы бір жыл мектеп формасын кимеуге рұқсат берілді. Десек те бұл балаларға емін-еркін киініп жүруге болады дегенді білдірмейді: олар мектеп формасының кимеген жағдайда, білім ошағында классикалық үлгідегі киіммен жүрулері тиіс. Бұл тұрғыда кез келген ата-ана баласының сапалы киінгенін қалайды. Оқу процесі кезінде бала барынша қолайлы киінгені жөн. Сондықтан киім таңдағанда мұқият болу керек.
Мәселен, бес баланың анасы Әлия Мамырованың айтуынша, балаға киім таңдағанда табиғи маталарға назар аударған жөн, себебі синтетика тез кірлейді. Ондай маталар қатты ыстық өткізіп, баланың тыныс алу қабілетін бұзады.
“Балаға киім таңдаған кезде мұқият болу керек. Табиғи маталардан жасалған киімдерді алған дұрыс. Синтетикалық киімдер ыстық өткізеді және балаңыз терлеп, киімі тез кірлейді. Жалпы матаның құрамында синтетикалық талшықтар болуы мүмкін. Бірақ олар 30-40%-дан аспауы керек. Сондықтан киімнің матасын мұқият таңдаңыз”, – дейді Әлия Мамырова.