Кез келген ел экономикасының табысты болуы ондағы шағын және орта бизнестің дамуына тікелей байланысты. Қазақстанда да бұл экономиканың маңызды секторын қолдауға ерекше көңіл бөлінуде.
Осы ретте экономикамыздың өркендеуіне үлес қосуды мақсат еткен “Jusan жетістікке жетелейді” жобасы отандық кәсіпкерлерге арналады.
Жоба арқылы халықты тұрақты жұмыс орындарымен, ал нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп отырған ірі кәсіпкерлер оқиғасын баяндау, тәжірибесін көрсетеміз.
Jusan Bank қолдауымен ашылған кәсіпкерлердің ісі халыққа ой салуға, жағымды пікір тудыруға ықпал етеді.
“Jusan жетістікке жетелейді” жобасы аясындағы отандық кәсіпкерлер жолы мен әсерлі оқиғасы туралы Stan.kz ақпарат агентттігі сұхбаттар топтамасын ұсынады.
Айта кетсек, соңғы үш жылда Jusan Bank ШОБ секторын 900 млрд теңгеге қаржыландырды. Мұның арқасында 175 мың жаңа жұмыс орнын ашу мүмкін болды.
Jusan ШОБ үшін банк қызметтерін цифрландыру бойынша маңызды жобаларды жүзеге асырды. Jusan цифрлық платформасын құрудың арқасында Қазақстандағы 200 000 кәсіпкер онлайн режимде қаржылық және қаржылық емес қызметтерді алу мүмкіндігіне ие болды.