Журналист Kärcher-дің шектеулі топтамасына кіретін шаңсорғыштары мен тазалық құрылғыларын сынап көрді
Шектеулі серия: сапа мен тиімділіктің үйлесімі
Kärcher компаниясы бұл топтаманы барынша қуатты, берік және функционалды етіп жасаған. Дегенмен эксклюзив құрылғылар шектеулі ғана шығады. Оның басты себебі – компанияның саннан гөрі сапаға екі есе басымдық беруі. Топтамаға бірнеше үлгідегі құралдар кіреді және әрқайсының өзіне тән ерекшелігі бар. Олар: 
Барлық модельдер классикалық қара түсте жасалған, сол себепті бұл құрылғылар үйдегі, пәтердегі, кеңседегі, ғимараттағы, бөлмедегі кез келген интерьерге үйлесіп кетеді. 
Kärcher компаниясы 90 жылдық мерейтойына орай, тұрмыстағы техниканың шектеулі топтамасын шығарды. Жаңа шаңсорғыштар мен басқа да құралдар арнайы қосымша жабдықтарға бай: топтамада түрлі саптамалар, щеткалар, сүзгілер мен аксессуарлар бар. Бұл тазалық процесін ыңғайлы әрі тиімді етеді. Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі осы шектеулі серияға кіретін қуатты шаңсорғышты, қол шаңсорғышын, әйнек тазалайтын құралды, бу арқылы тазалайтын құралды бірнеше күн бойы қолданып көріп, олардың тазалық кезінде қаншалық ыңғайлы екенін және оны не себепті дәл қазір сатып алу қажет екенін айтып берді.
“Кілемдегі қоқысты, шаштарды жинағанға ыңғайлы”:
KWD 3 Anniversary Edition шаңсорғышы үйді қалай тазалайды?
KWD 3 Anniversary Edition – құрғақ және ылғал түрде тазалайтын қуатты шаңсорғыш. Ол көлемді көрінгенімен, аса ауыр емес, сондықтан оны оңай басқаруға болады. Құрылғының жинағында бірнеше қосымша саптама бар: кілемдер мен едендерді тазалауға арналған негізгі саптама, саңылауларды, қуыстарды тазалайтын кішкентай саптама, автокөлік салонын жинауға мүмкіндік беретін саптама, сүзгісі және үш қабатты 4 KFL 357 қапшығы бар.
Ең әуелі менің назарымды аударғаны және ұнағаны – шаңсорғыштың кілемдегі, едендегі қоқысты, шаң-тозаңды жақсы сорып алатыны. Меніңше, бұл – шаңсорғыштың ең маңызды артықшылығы. Шаңсорғыштың саптамасы кілемнің үстінде оп-оңай сырғып жүреді және қоқысты лезде жинап алады. Оған қоса көп қыз-келіншектер үшін әуре саналатын істі – жерге түскен шашты жинай алатыны маңызы. 

Шашым ұзын және кейінгі күндері көп түсетін болып жүр. Өзімнің бұрынғы шаңсорғышымның ескіргені соншалық, сол кілемге, жерге түскен шаштарды жинауға күші жетпей жатады. Мұндай кезде еңкейіп отырып, арнайы щеткамен тағы бір рет тазалауға тура келеді. Ал мына жаңа модельдегі жаңа шаңсорғыш оны тез жинап, бәрін тап-тұйнақтай етеді.
Одан кейін кішірек саптамасын тағып, қолданып көрдім. Бұл арқылы қолың жете бермейтін, шаңсорғыштың кәдімгі үлкен саптамасы сыймайтын жерлерді тазалауға болады екен. Мәселен, ас үйдегі гарнитурдың жан-жағында, астында, төсектің, шкафтардың астындағы қуыстарды, саңылауларды тазалай алдым. Мұндай саптаманың болғаны жақсы екен, себебі дәл сондай қуыс жерлерге өте көп шаң-тозаң, ұсақ-түйек қоқымдар, қоқыстар жиналып қалады.
Одан кейін тағы бір үлкендеу саптамасын тақтым. Мұны автокөліктегі орындықтарды тазалау үшін қолданған ыңғайлы. Дегенмен мен оны үйдегі қалың матамен қапталған орындықтарым үшін пайдаландым. Шаңсорғыштың кәдімгі саптамасымен жердің, кілемнің бүкіл қоқысын жинаған соң, біраз уақыттан соң ол саптама кірлеп қалады. Оны орындық сүрту үшін қолданғың келмейді. Осындай кезде арнайы саптаманың болғаны тиімді екен.
Шаңсорғыштың патрон сүзгісі ұсақ қоқыстарды жинап, қозғалтқышты қорғайды екен. Оған қоса құралдың қапшықтарының жүннен жасалғаны ұнады, себебі бұл қағаз қапшықтарға қарағанда жақсырақ. Олар қоқыстарды жинағанда тез жыртылып қалмайды, яғни ұзақ қолдануға жарайды. Оның үстіне, топтамада осындай 4 қапшық бар екен. Бұл құрылғыны ұзақ уақыт бойы алаңсыз қолдана аласыз деген сөз.

Шаңсорғыштың кабелі ұзын, сондықтан бір тоқ көзіне қосып, кең бөлмені айналып жүріп, тазалауға болады. Шлангісіне құбырларын (трубаларын) жалғап, өзіңізге ыңғайлы етіп қысқартып-ұзартуға болады. Тағы бір ұнағаны – шаңсорғыштың өзінде арнайы жабдықтарының барлығын салып қоятын арнайы орын бар екені. Әр затыңыз әр жерде шашылып жатпайды, бәрін бір жерге салып, кейін сол жерден алып қолдана бересіз.
Бу арқылы тазалайтын
SC 3 Deluxe Anniversary Edition шаңсорғышының артықшылығы неде?
SC 3 Deluxe Anniversary Edition - бу арқылы тазалайтын қуатты әрі әмбебап шаңсорғыш. Жинақта бірнеше түрлі саптама, еден жууға арналған арнайы мата, түрлі өлшемдегі щеткалар, қақтың алдын алатын сүзгі бар. Барлық керек-жарақты құрылғының артқы бөлігіндегі орынға жинап, салып қоюға болады.
Бұл құрылғы су құйылғаннан кейін небәрі 30 секундта бу шығара бастайды. Мысалы, ас үйдегі электр пешті осы бу тазартқышпен оңай тазалауға болады. Бу май мен күйені жібітіп, ешқандай химиялық заттарды қолданбай-ақ, мінсіз тазартуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, түрлі щетка арқылы ас үй мен жуынатын бөлмедегі шүмектерді (раковина) тазалауға болады. Әдетте оларда қақ пен су дақтары жиналып қалады, ал бұл құрылғы оларды оп-оңай кетіреді.
Еден жуу процесі де әлдеқайда жеңілдейді екен. Бұрын ыстық су құйылған шелекті көтеріп, шүберекті сығып, суды бірнеше рет ауыстыру қажет болса, қазір бар болғаны арнайы матаны саптамаға бекітіп, құрылғыны іске қосса жеткілікті. Су небәрі 30 секундта буға айналып, матаны ылғал етіп, еденді лезде тазартады.
Әйнекті мұнтаздай ететін WV 5 Plus Anniversary Edition
Мен үшін терезені, айнаны, әйнектерді жуу – ең қиын жұмыстардың бірі. Себебі көп жағдайда оларды қанша сүртсең де, соңында су іздері мен дақтар қалып қояды. Бұған дейін мен терезелерді әуелі сабындалған шүберекпен сүртіп, кейін таза сумен жуып, соңында қағаз майлықпен құрғататынмын. Бірақ бұл модельдің арқасында бәрі әлдеқайда оңай бола түсті.
Бұл модельде екі құрылғы жүреді: екі түрлі саптамасы бар құрылғының өзі және су құйып, оны сеуіп, сүртуге арналған тағы бір ыдыс құрылғы. Терезені тазалау үшін әуелі сусабын мен суды бүріккішке құйып, оны әйнекке шашып, содан кейін шүберекпен сүртіп шығасыз. Су шашатын бүріккіштің үстінде арнайы саптама орнатылған. Соған шүберек матасын жабыстырып қоюға болады. Сонда бір құрылғы арқылы бірден шашып, сүртіп отыруға болады. Бұдан кейін екінші құрылғының үлкен немесе кіші саптамасын орнатып, қалған ылғал мен дақтарды бірден сүрте аласыз. Бұл терезелерді, айна мен әйнек есіктерді бір қозғалыспен тазартуға мүмкіндік береді.
Әйнек жууға арналған құрылғының үлкен және кіші саптамасы бар. Үлкенін терезе, бөлме аралық әйнек қабырғаны, жуынатын бөлмедегі душтың тасасын жуғанда ыңғайлы екен. Ал кішкентай саптамасы арқылы кішкентай айналарды, үйдегі шкафтың есігіндегі әйнектерін жуған қолайлы болып шықты. Бұл құрылғы қуаттағыш арқылы істейді.
Қолға арналған шағын шаңсорғыш: көлікті және үйді тазалауға арналған таптырмас көмекші
Қол шаңсорғышы – өте жеңіл әрі өзіңмен бірге кез келген жерге арқалап жүруге ыңғайлы құрылғы. Қолға арналған шаңсорғыш арқылы автокөлікті, үйдегі дивандарды, орындықтарды, басқа да жұмсақ жиһаздарды тазалаған ыңғайлы. Кішкентай болғанына қарамастан, қуаты мықты, шаң-тозаңды жақсы сорады. Құрылғы жеңіл, салмағы бір келіге де жетпейді. Сол себепті оны ұстап жүргеннен қолың да талып кетпейді.
Оның да қуыстардағы, саңылаулардағы қоқыстарды тазалауға арналған қосымша саптамасы бар. Ол арқылы диванның бұрыш-бұрышын тазалаған ыңғайлы екен. Шаңсорғыш кәдімгі Type-C адаптері қуаттағышы арқылы істейді. Шаңсорғыштың өзі де, қуаттағышы да кіп-кішкентай. Сондықтан үйден де, сөреден де көп орын алмайды. Өзінің арнайы қапшығы бар екен: қолданып болған соң, бірден соған салып қоюға болады.
“Дыбысы естілер-естілместей, бірақ қуатты”: Silent Anniversary Edition жуғыш құрылғысы тазалықпен күресуге қалай көмектеседі?
Күнделікті өміріміз у-шуға толы болғандықтан, Kärcher ерекше K Silent Anniversary Edition деген шағын жуғыш құрылғыны ұсыныпты. Бұл – атаулы датаға орай шығарылған, бірегей сапаға ие модель. Ең таңғалдырғаны, дыбысы естілер-естілместей ғана шығады да, тазалық процесін тиімді әрі ыңғайлы етеді. Яғни, құрылғыны “өзгелерді мазалаймын-ау” деп уайымдамай-ақ, күндіз-түні қолдануға болады.

K Silent Anniversary Edition-ның басты артықшылығы да осы – Silent деген атауында. Қатты дыбысты азайтатын инновациялық технологияның арқасында шағын жуғыш машинаның өз класындағы басқа модельдермен салыстырғанда айтарлықтай дыбысы ақырын шығады. Дегенмен соған қарамастан құрылғы ерекше қуатқа ие, қысымы әрі өнімділігі жоғары. Сол себепті адам оны уақыты мен күш-жігерін көп жұмсамай-ақ, қолданып, тез әрі тиімді тазалай алады. Құрылғының максималды қысымы - 130 бар, ал ауданның өнімділігі - 40 м2/сағ.
K Silent Anniversary Edition тек көп қызметке емес, ерекше сәнге де ие. Kärcher мерейтойына арнайы әзірленген эксклюзив дизайны құрылғының талғампаз әрі заманауи екенін көрсетеді. Неміс фирмасының берік, сапалы материалдары жуғыш құрылғының ұзақ уақыт істейтініне кепіл береді. Сондықтан оны алған адам үйі мен мүлкінің тазалығына тиімді инвестиция жасайтыны сөзсіз.

Kärcher инженерлері K Silent Anniversary Edition-ды қолданғанға өте ыңғайлы етіп жасапты. Мәселен,
Quick Connect жүйесі арқылы қатты қысымға арналған шланг пен пистолетін оңай қосып-өшіруге болады. Оған қоса құрылғыға саптама, шланг сияқты аксессуардың бәрін салып қоюға арналған орын жасап қойған.

Сонымен қатар жинаққа тазалық кезінде көп мүмкіндік ұсынатын көп қосымша саптамалар қосылған. Мәселен,
eco!Booster саптамасы, жууға арналған щеткасы, жууға арналған сұйықтарды құятын ыдыс пен көбік саптамасы, автокөлікке арналған сусабыны бар. Бір сөзбен айтқанда, Kärcher K Silent Anniversary Edition – тыныштықты, қуатты, сенімділікті ұнататындар үшін таптырмас құрылғы.
Kärcher-дің шектеулі құрылғылары сатып алуға тұрарлық па?
Қорыта айтқанда, Kärcher-дің мерейтойлық топтамасы – үй тазалығына деген көзқарасты түбегейлі өзгертетін нағыз инновациялық құралдар жиынтығы. Бұл құрылғылар тек қуатты емес, сонымен бірге ыңғайлы, көп қызметке ие болғанымен және үйді мінсіз тазалап алатынымен ерекшеленеді. Жаңа шаңсорғыштар мен тазалау құрылғылары үйдегі әр бұрыштағы шаң-тозаңды жинап, тазалап, дақтарды бір реттен-ақ жоқ етеді. Оған қоса құрлығылардың айрықша саптамалары мен кеңейтілген жинақтамасы тазалау процесін жеңілдетеді, адамға уақытын үнемдеуге көмектеседі.

Ең бастысы – бұл құрылғылар тек сапалы тазалыққа ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді пайдалануға арналған. Kärcher шектеулі санмен шығаратын бұл топтаманы қолжетімді кезде алып үлгергеніңіз жөн. Себебі тазалық – жай ғана әдет емес, бұл өмір сүру мәдениеті. Ал Kärcher – бұл тазалықтың жаңа деңгейі.
Limited 90 Anniversary мерейтойлық техникасын сатып алған адам WOW ұтысына қатысып, әр 2 апта сайын түрлі сыйлық және финалда бас жүлде - 1 000 000 теңге ұтып ала алады!

Ұтысқа қалай қатысуға болады?
- Limited 90 Anniversary техникасын сатып алыңыз;
- Қораптағы QR кодын сканерлеңіз және тіркеу формасын түбіртек және шот-фактурамен толтырыңыз;
- Әр екі апта сайын өтетін аралық ұтыс ойынына қатысыңыз, сыйлық ұтып алыңыз және Instagram-нан нәтижені бақылап отырыңыз.
- Финалға қатысып, бас жүлдені ұтып алуға мүмкіндік алыңыз!

📌 Маңызды:
1. Тек 18 жастан асқан жеке тұлғалар, ҚР азаматтары қатысады.
2. Ұтыс ойынына шектеулі тұрмыстағы техника сегментін алғандар ғана қатысады.
3. Жеңімпаз бас жүлдені жеңіп алған жағдайда жеке куәлігін көрсетуі керек.

Ұтыс ойыны 01.04.2025 - 31.10.2025 аралығы өтеді. Сәттілік тілейміз! 💛
WOW ұтыс ойынына қатысып, 1 000 000 теңге ұтып ал!⚡
Барлық құқықтары қорғалған