Жәнібек Қасымқан
Талдықорғандық ұлттық құрама мүшесі, өткен жылғы олимпиада жүлдегері
«Биыл дайындық әлдеқайда жоғары. Дәріс оқитын мамандар көбейді, тақырыптар да кеңейді: Computer Vision, NLP, Machine Learning. Тапсырмалар да бұрынғыдан күрделе түсті».
Жәнібек жасанды интеллект саласына математикаға деген қызығушылығының арқасында келген. Оның айтуынша, мектептегі ең сүйікті пәні – математика болған. «Жасанды интеллект математикамен тығыз байланысты. Әсіресе Deep Learning бағыты маған өте қызық. Осы саланың математикалық амалдарын зерттегенді ұнатамын», – деп түсіндіреді ол. Жәнібектің табысқа жету формуласы қарапайым: тек оқуды жалғастырып, тапсырмаларды тұрақты түрде орындау керек.