Жарты ғасырлық тарихы бар KazGASA:

Өткеннің іргетасы мен болашақтың сәулет жобасы
Қазақстандағы сәулет-құрылыс білімінің флагманы саналатын KazGASA ел шекарасынан шығып, халықаралық білім беру аренасына батыл қадам жасап отыр. 45 жылдық тарихы бар оқу орны үшін бұл өзгерістер академияның қазіргі жетістіктеріне және болашақ стратегиясына жаңа мазмұн бермек. Stan.kz тілшісі академия ректорымен тілдесіп, KazGASA-ның өткені, бүгіні мен болашақ жоспары туралы сұрап көрді.
Тарихы
бүгіні
келешегі
Бахтияр Сабденалиев биылғы оқу жылынан бастап KazGASA ректоры қызметіне тағайындалған. Сөзінше, құрылыс және сәулет саласындағы үздік оқу орны атанған академия жүйелі трансформация кезеңіне аяқ басқан. Ендігі мақсат ұлттық көшбасшы дәрежесінен халықаралық білім беру кеңістігіне өту дейді.
KazGASA Ректоры
Сабденалиев Бахтияр Асылбайулы
“45 жылдық мерейтойды жаңа кезеңге аяқ басар сәт деп атауға болады. Алдағы уақытта халықаралық стандарттарды енгізіп, ғылыми әлеуетті арттыру және ғаламдық серіктестікті дамыту жоспарланған. Сәулет тек ғимараттар емес. Бұл – адамдар өмір сүретін орта, қалалар мен жалпы қоғамның келешегі. Қазір мені жас мамандардың дамуына үлес қосу мүмкіндігі, олардың өскенін көру, кәсіпқой мамандардың жаңа буыны қалыптасқанын түсіну жігерлендіреді”, – дейді ол.
KazGASA – Қазақстандағы сәулет-құрылыс білімінің дамуына тікелей ықпал еткен жетекші оқу орындарының бірі. Оның қалыптасуында көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев маңызды рөл атқарды.

Академияның тарихы Алматы сәулет-құрылыс институтының құрылуынан бастау алады. Бұл жоба өз кезеңі үшін бірегей болды және күрделі жағдайда жүзеге асырылды. Ал негізгі мақсат құрылыс саласындағы кәсіби кадр тапшылығын жою еді.
KazGASA галереясы
KazGASA Ректоры
Сабденалиев Бахтияр Асылбайулы
«Осы бастаманың жүзеге асуында негізін қалаушы Серекпек Байболов ерекше рөл атқарды. Оның көрегендігі Қазақстандағы сәулет-құрылыс білімінің берік іргетасын қалыптастырды. Академияның қалыптасу кезеңінде Павел Атрушкевич оқу орнын институционалдық тұрғыда нығайтып, халықаралық деңгейге шығарды. Кейін Әмірлан Құсайыновтың басшылығымен академия жаңа сапалық даму кезеңіне өтіп, тұрақты өсімге қол жеткізді. Қазіргі қарқынды даму - осы сабақтастықтың нәтижесі.

Бастапқы миссия – елдің экономика тұрғысынан дамуына және қалалардың көркеюіне үлес қосатын жоғары білікті мамандар даярлау. Бүгінде бұл миссия жаңа мазмұнға ие. Бұрын мамандарды оқытсақ, енді ғаламдық бәсекеге қабілетті, өзгерістерге дайын сала көшбасшыларын тәрбиелеу сатысына өтпекпіз. Академияның мақтанышы – түлектері. Олардың арасында жетекші сәулетшілер, инженерлер, ірі компания мен мемлекеттік құрылымдардың басшылары бар”, – деп қосты академия ректоры.
Бахтияр Сабденалиев академияның халықаралық білім беру кеңістігіне шығу кезеңінде тұрғанын атап өтті. Бұл бағытта оқу мазмұны жаңартылып, студенттердің нақты жобаларға қатысуы мен практикалық тәжірибесіне басымдық беріліп отыр.

KazGASA инженерлік білім берудің жаңа моделін қалыптастырып келеді. Оқу бағдарламалары цифрлық жобалау, жасанды интеллект және BIM технологиялары енгізіліп, практикалық дайындық FabLab пен дрондар зертханасы арқылы күшейтілген.
Академиялық адалдық, ашықтық және білім сапасы қағидаттарына бейілділіктің маңызды дәлелі – KazGASA-ның Академиялық адалдық лигасына қабылдануы. Бұл лига Қазақстандағы жетекші университеттерді біріктіретін, қағидаттары мен құндылықтары жағынан әлемдік «Айви Лига» (Ivy League) моделіне ұқсас элиталық академиялық қауымдастық ретінде қарастырылады.

Тәуелсіз мониторинг нәтижесінде академия лига стандарттарына толық сәйкес келетіні расталып, Developing Gate – Member мәртебесіне ие болды. Бұл мәртебе академияның академиялық адалдық жүйесі қалыптасқанын, институционалдық процестердің ашықтығын және халықаралық талаптарға сай даму кезеңінде тұрғанын білдіреді.
Бүгінде біз тек Қазақстандағы университеттермен ғана емес, әлемдік деңгейдегі білім беру ұйымдарымен тең дәрежеде бәсекелесеміз. Бұл деңгейде бізге тең келер ешкім жоқ.
Бұдан бөлек KazGASA Times Higher Education (THE) Impact Ranking рейтингіне енді. Бұл рейтинг университеттердің білім беру сапасымен қатар олардың тұрақты дамуға қосқан нақты үлесін бағалайды. Атап айтқанда, қоғамға әсері, экологиялық жауапкершілігі, әлеуметтік бастамалары және жаһандық тұрақты даму мақсаттарына сәйкестігі ескеріледі.

Халықаралық бағытта академия Belt and Road Architectural University International Consortium (BRAUIC) консорциумының мүшесі. Бұл бастама «Бір белдеу – бір жол» халықаралық ынтымақтастық аясында құрылған және әлемнің 30 елінен 100-ден астам университетті біріктіріп, білім беру, ғылым және технология салаларындағы серіктестікті дамытуға бағытталған.

Аталған нәтижелер KazGASA-да сенімге, жауапкершілікке және халықаралық стандарттарға негізделген білім беру ортасының жүйелі түрде қалыптасып жатқанын көрсетеді.
ҚазГАСА – тек университет емес, ол Қазақстанның заманауи келбетін қалыптастырып жатқан орта. Бүгінде оның түлектері еліміз бойынша 1000-нан астам нысанды жобалап, іске асырды. Ал университеттің өзі 36 мыңнан астам маман дайындап шығарды. Бұл – тұтас бір саланың дамуына әсер етіп отырған үлкен күш.
KazGASA жетістіктері мен білім беру сапасы халықаралық деңгейде мойындалған. Академияны әлемдегі жетекші рейтингтік агенттіктердің бірі – Quacquarelli Symonds (QS) әзірлеген QS Stars халықаралық бағалау жүйесі жоғары бағалады. Бұл жүйе университеттердің білім беру сапасын, академиялық дамуын, басқару тиімділігін және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысын кешенді түрде бағалайды.

KazGASA Қазақстанда академиялық даму бағыты бойынша ең жоғары – 5 жұлдызға ие болған жалғыз жоғары оқу орны. Сонымен қатар түлектердің жұмысқа орналасуы, инженерлік білім беру (азаматтық және құрылыс бағыттары), басқару тиімділігі, сондай-ақ инклюзия мен әлеуметтік әсер көрсеткіштері бойынша да жоғары нәтижелер көрсетілген.
Академия ректоры оқу орнының әлемдік деңгейдегі білім беру хабына айналу жолында екенін атап өтті.
Осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі – 2025 жылы іске қосылған студенттерге арналған жаңа буындағы кампустық резиденция. Барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтылған бұл кеңістік қонақүй форматындағы жайлылықты, оқу мен өмір сүрудің заманауи стандарттарын біріктіреді.
Келесі кезең – Academic City. Бұл жай ғана кампус емес, білім, ғылым және индустрия тоғысатын толыққанды экожүйе. Жоба аясында зертханалар, коворкингтер, зерттеу орталықтары, студенттер мен оқытушыларға арналған тұрғын кеңістіктер және серіктес компаниялармен бірлескен жұмыс алаңдары қарастырылған.

Academic City KazGASA-ны өңірлік деңгейден шығарып, халықаралық білім беру және инновация орталығына айналдыруға бағытталған стратегиялық жоба ретінде қарастырылады.
KazGASA Ректоры
Сабденалиев Бахтияр Асылбайулы
“Академия халықаралық серіктестікті жетілдіріп, жетекші оқу орындарымен ортақ бағдарлама ашса, оқытушыларымыз бен профессорларымыз әлемдік деңгейдегі зерттеулерге қатысса, түлектеріміз әлемдік нарықта сұранысқа ие болса, KazGASA өз мақсатына жетті деп есептеуге болады”, – деп түйіндеді Бахтияр Сабденалиев.