Гүлнара Бижанова – бірнеше адамға жұмыс беріп, бизнестің бірнеше түрін басқарып отырған кәсіпкер. Өз ісін бәліш пісірумен бастаған ол кәсібінің даму жолын сипаттап берді.
Гүлнара Жақсылыққызы Жамбыл облысында дүниеге келіп, Алматы облысындағы Кеген ауылында мектепті тәмамдаған.
«1983 жылы мектеп бітіріп, кеңестік сауда оқу орнына сырттай бөлімге түстім. Кейін дәмхана, асхана, мейрамханаларда жұмыс істеп, 2000 жылдары өз бизнесімді аштым. 2001 жылы Алматыдағы «Жібек жолы» базарындағы асхананың бірінің алдына бір үстелді қойып, күніне 500 теңге төлеп, сол орынды жалдадым. Ол үстелдің үстін бәлішке толтыратынмын», - дейді ол.
Гүлнара Жақсылыққызының айтуынша, 2000 жылдардың басында бәліштің бағасы 5 теңгеден болған.
«Күніне 100 бәліш жасап, сататынмын. Сонда күніне 500 теңге түссе, соның 250 теңгесіне ұн, майымды, қалған 250 теңгеге балаларыма азық-түлік алатынмын. Таңғы сағат үште ұйқыдан тұрып, нан ашытып, өзім пісіріп, өзім сатушы едім. Сөйтіп жүріп дүңгіршек сатып алдым, сол кездегі бағасы 15 мың теңге еді. Сол керек 15 мың теңгемді KMF-тен алдым және ол менің алғашқы несием болатын. Кәсібім дами берді, шайхана да аштым», - дейді кәсіпкер.
Гүлнара Бижанова қазіргі таңда төрт жұмыс орнын ашып отыр. Сонымен қатар, шай сататын 15 қыз бар көрінеді. Олар бәліштерді базардағы асхана, дүкендерге таратады.
«Таңғы үште 100 бәліш пісіретінмін»
Дейін
Кәсіпті бастап, оны жүргізуге қажетті қаражатты Гүлнара Жақсылыққызы тек KMF-тен алған.
«KMF туралы базарда жүріп естідім. Топтық микрокредитпен кәсіп ашып, оны дамытып жүрген жандар айтты. Дәл қазіргі тобымызда екі зейнеткер де бар, кезінде сол кісілер алған екен. KMF-пен жұмыс істеп келе жатқанымызға 20 жылдан асты. Осы уақыттың ішінде қаншама адам кәсіп ашып, ауқымын кеңейтті. Барлығы да риза, алғысымыз шексіз», - дейді ол.
Кәсібінің арқасында балаларын оқытып, баспана тұрғызған Гүлнара Бижанова бүгінге дейін KMF-тен 40 рет микрокредит алыпты.
«Несиені алып бастағанда балаларымның бірі үшінші, екіншісі бесінші сыныпта оқыды, жер де өте қымбат болатын. KMF-тің көмегімен кәсібімді жүргізіп, қаржылай қолдауының арқасында сол кездері 150 мың теңгеге Қаскелеңнен жатақхананың бір бөлмесін алған едім. Кейін жер телімін де сатып алдық. Мұның барлығы KMF-пен бірге дамып келе жатқан кәсібімнің арқасы. Дәл қазір шайханам, асханам, техникалық қызмет көрсету станциям, қаланың бірнеше жерінде самса сататын сауда орындарым бар», - дейді кәсіпкер.
40 несие
Кейін
Жиырма жылдан аса уақыт ішінде бизнесін дамыту үшін тек KMF компаниясын таңдаған кәсіпкер мұның құпиясын айтты.
«Басқа қаржы ұйымдарымен салыстырғанда KMF – берекелі. Неге екенін білмеймін, бірақ бұл ұйымнан алған ақшаң тек жақсылыққа жұмсалады. Төлем жасайтын күн тақалғанда да жан-жақтағы қарыздарың өзінен өзі жиналып, қиналмай төлеймін. KMF-тің бізге көп көмегі тиді, тиіп те келеді. Несие сарапшымыз болған қыз-жігіттер де баламыз сияқты көз алдымызда өсіп келеді», - дейді ол.
Кәсіпкердің айтуынша, бизнестің табысты болуы мен жетістікке жетудің құпиясы жоспардың болуы мен қаражаттың мақсатты жұмсалуында.
«Бұрын несиені әр алты айда алатынмын. Себебі жоспарым бойынша әр жарты жылда бір үлкен жұмысымды бітіретінмін. Осы уақытқа дейін 40 рет несие алған болсам оның әр тиыны есептеліп, жоспарланып, мақсатты жұмсалды. Бүгінгі нәтижем де соның арқасы – бірнеше баспана, бірнеше көлік, тағысын тағы. Әрине мұның барлығын несиесіз де алуға болатын еді, бірақ жоқ, біз берекелі KMF-тің берекелі қаржысын алып, ісімізді дамытып, сол еңбектің жемісін жеп келеміз», - дейді Гүлнара Жақсылыққызы.
«KMF-тің қаржысы берекелі»
KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы.Нарыққа осыдан 25 жыл бұрын келген компания шағын және орта бизнеске, ауыл шаруашылығына, жеке мақсаттар үшін және автокөлік сатып алуға микрокредит өнімдерін ұсынады, толығырақ kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 байланыс орталығынан білуге болады.