«Асқазанымдағы жараның арқасында бизнеске келдім»

Кәсіпкер Әсет Сәрсенбаевтың оқиғасы
ДЕЙІН ЖӘНЕ КЕЙІН ЖОБАСЫ
Бұл өмірде еш нәрсенің жайдан-жай болмайтыны рас. Кәсіпкерлердің бизнесті бастау жолында да талай қызық оқиға бар. Мысалы, Алматы облысы Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Әсет Сәрсенбаевтың айтуынша, ол кәсіпкерлікке асқазанында пайда болған ойық жараның арқасында келген.
Әсет Нұрақынұлы 90-жылдары колхоздың малын бақты. 1995 жылы колхоз тараған соң Күрті, Шелек ауданында мал өсіріп, жеке өз шаруасымен айналысты. Қыздары мектепке баратын кез жақындағанда олардың жақсы білім алуына жағдай жасау үшін осы Талдыбұлаққа көшіп келді. Үш қызының соңынан атұстар қос ұлы дүниеге келді. Қыздар өсіп, білімін алып, тұрмысқа шыққан соң мал шаруашылығымен айналысуды қойып, құрылыс компаниясында жұмысшы болды. Алматы мен Астанада біраз жыл құрылыс саласында жұмыс істеді. Дегенмен өзі бұрын айналысқан мал шаруашылығын қайтадан қолға алуды үнемі ойлап жүрді. Атқұмарлық – оның қанында бар қасиет. Әйтсе де мал алып, оны өсіру үшін қаржы қажет болған.

«Он жылдан аса уақыт бұрын ауырып, дәрігерлер диагноз қойып, өте көп дәрі жазды, алайда ешбірі емдей алмады. Біреулерден саумал туралы естідім. Бір жылқыны арнайы байлап, 20 күн үздіксіз саумал іштім, 10 күн демалып, 20 күн тағы іштім. Тексерілуге барсам жарадан түк қалмапты. Денсаулығында мұндай проблемасы бар адамдар жетерлік, сондықтан өзгелерге де көмектескім келді. KMF-тен қаржы алып, мал басын көбейттім. Қазір таңнан кешке дейін халық кезекке тұрып саумал, қымыз алады. Бұл мен үшін сауапты бизнес», - дейді ол.
Малшыдан кәсіпкерге дейін...
Дейін
«2012 жылы «Сұлтан» базарында біреулерден KMF микроқаржы ұйымы туралы естіп, бірден несие алуға бел будым. 300 мың теңге несие рәсімдегім келетінін айтып едім, компаниядағы қыздар «қора-жайыңыз бар ма?» деп сұрады. Қызметкерлер қора-жайымды келіп көрді. Сол қаражатпен басталған ісіміз берекелі болып, бүгінгідей дәрежеге жеттік. Бізде дағдарыс жоқ. Осы малдың арқасында балаларым білім алып, тамағымызды тауып отырмыз. Бәрі де еңбектің арқасы. Ең бастысы өз-өзіңе сенімді болып жұмыс істеу керек. Сыртта да малдарым бар. Саудада жан-жақтымын. Әр сауданың басында бір-бір адамым, анығын айтқанда, туған інілерім отыр. Бәрінің жұмысын өзім үйлестіремін. Он бір жыл мал бақтым, біраз қиыншылықтар да бастан өтті. Көшіп-қонып жүресің, кейде мал жоғалып кетсе түнімен жүріп іздейсің.

Жауын-шашында, аязда малдың соңында жүру оңай емес. Қой да, жылқы да, сиыр да ұстадық. Мал басы көбейіп, тіпті жайылымға сыймайтындай болды. Кейін «жылқы ұстап, бие байлап, оның көктемде туған құлынын күзге дейін артынан қалмай жүріп баққанда орта есеппен 150-200 мың теңгеге сатасың.
Ал бір биені саусаң күніне 7 литр сүт береді. Сатсаң – 7000 теңге. Сонда бір биені сауып жылына қанша пайда табатыныңды есептей бер. 100 жылқының соңында жүргеннен он бес биені саууға ұстап отырған артық емес пе, деп жігіттермен ақылдасып, осы тоқтамға келдік», – дейді кәсіпкер.
Әсет Нұрақынұлының қасапханасы да жұмыс істеп тұр. «Әділет» базарындағы қой сойып сататын екі орында үлкен ұлы саудада. Басқа аудан, облыстардан да хабарласып, ет алып кететіндер бар. Олар бұл кәсіпке әбден
үйренді. Кәсіптің нағыз қазақша түрі. Олардың қымызы мен сірнесін арнайы іздеп келетіндер жеткілікті.

«Өзгелермен серіктес болып жұмыс істеп те көрдік. Мал сатып, күніне 500-600 мың теңге, тіпті 4000 долларға дейін тапқан кездер болды. Бірақ серіктесің болған жағдайда ақшаның тең жартысын бөлісуге тура келеді. Мәселен, 300 мың теңге тапсаң, 150 мыңын, 500 мың теңге тапсаң 250 мыңын серіктеске бересің. Ал қаржы ұйымдарымен жұмыс істеген кезде ақшаның белгілі бір бөлігін ғана алып отырады. Оның үстіне ақшаны күнде тапқан табысыңнан емес, араға уақыт салып қайтарасың. Мен «несие қажет болса, KMF-тен алыңдар» деп өзгелерге үнемі кеңес беріп жүремін. Жеке адамдармен емес, қаржы ұйымдарымен серіктес болып жұмыс істеген дұрыс. Мысалы, айына 500 мың теңге табатын болсаң, қаржы ұйымы оның жартысын сұрамайды. KMF-тің тағы бір тиімді тұсы – несиеңді екі жыл көлемінде өтеп тастасаң, сол қаражатқа алған затың, малың өз меншігің болып қалады. Малыңды әрі қарай көбейтіп, жұмысыңды жасай бересің», -дейді ол.
Кәсіптің нағыз қазақша түрі
Кейін
«KMF-ті бизнестегі серіктесім деуге әбден болады. Аяқ астынан қаражат қажет болған жағдайда компанияға барамын да, құжат толтырамын. Ертеңіне дайын тұрған несиемді алып, жұмысыма кете беремін. Несие тарихым өте
жақсы. Көбіне нақты ақшамен жұмыс істейміз. Табысымның шетінен несиені төлеймін де, қалғанын бала-шағама, күнделікті қажеттіліктерге жұмсаймын. Алдағы уақытта зат таситын жүк көлігін алғым келеді. Жүк көлігі жем-шөп
тасуға керек болады. Соның бәріне қаражат қажет. Ақша керек болып жатса тағы да KMF-ке жүгінеміз. Маған бұл компанияның көп пайдасы тиді. Шарттары өте ыңғайлы. Басқа банктер мен қаржы ұйымдары зейнетақы
қорындағы қаражатыңды, кепілге қоятын зат сұрайды, қаншама құжат толтыру керек. KMF бізге сенгендіктен несие беріп отыр. Біз де барынша сенімді ақтауға тырысамыз. Компанияда жұмыс істейтін қыз-жігіттер клиентпен жұмыс істеуді жақсы меңгерген», – дейді кәсіпкер.
Бұрын қымыз, саумал ішетіндер көп болмады. Небары 300 теңгеден сатқанның өзінде өтпейтін. Қазір литрін 1000 теңгеден сатады. Соның өзінде жетпей қалатын кездері көп. Адамдар қазір саумал мен қымыздың емдік қасиетін түсінген, арнайы іздеп келеді. Әсіресе демалыс күндері қымыз ішуге келетіндер көп. Қазір өзге ұлт өкілдері де қымызға үйренген, үнемі келіп қымыз сұрайтындар бар. Қымызды тұрақты тұтынған адам табиғилығын, тазалығын біледі.

«Жолдың бойынан ет, сүт, қымыз, саумал, құрт сататын дүкен ашсам деген ойым бар, қазір ақылдасып жатырмыз. Сүрленген ет, қойдың майы, қақталған қазы сұранысқа ие болады деп ойлаймын. Нарынқолдың
малшыларымен жұмыс істеймін. Мысалы, 1 миллион теңгеге жақсы екі сиыр алсам, күніне 15 литрдан 30 литр сүт береді. Сүттің литры 300 теңгеден. Күнделікті 30 литр сүт сатсаң – 9000 теңге. Он күнде 90 мың теңге. Сиыр сатып алған 1 миллион теңгені он бес күнде артығымен қайтарып аласың. Оның үстіне екі сиырдың қос бұзауы пайдаға қалады. Ары қарай бұл сиырлардан тек табыс тауып отырасың. Бие сауып сатсаң да пайдалы. Қымыздың литрі 1000 теңгеден. Бір бие күніне 6 литр қымыз бергеннің өзінде 6 мыңнан, 10 күнде 60 мың, айына 180 мың теңге пайда келтіреді. Мықты биелер күніне 12-15 литр қымыз береді, бие де кейін өзіңе қалады. Істеген жұмысыма ешқашан есеп жасап отырмаймын. Есеп-қисаптың бәрін қазақы тәсілмен жүргіземін. Қолың ашық болса несібең өзі келеді. Аспай-саспай бір қалыпты жүру керек. Талғардағы жерімізді жалға беруді де ойластырып отырмыз, онда құдық қаздыру керек. Құдық қаздыру үшін шамамен 5-6 миллион теңгедей қаражат керек. Алдын ала жоспарлап, ойластырып жұмыс істесек бәрі ойдағыдай боларына сенемін», – дейді кәсіпкер.
Қымыз бен саумалға сұраныс артты
KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Нарыққа осыдан 25 жыл бұрын келген компания шағын және орта бизнеске, ауыл шаруашылығына, жеке мақсаттар үшін және автокөлік сатып алуға микрокредит өнімдерін ұсынады, толығырақ kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 байланыс орталығынан білуге болады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

Қолдауымен дайындалған материал