Жанар Олжабайқызының оқиғасы
ДЕЙІН ЖӘНЕ КЕЙІН ЖОБАСЫ
«Инсульттың соңы кәсіпке ұласты».
Жанар Кушекбаева есепші мамандығы бойынша сырттай білім алып, жұмысқа тұрады. Алайда екі айдың еңбекақысы бір етік сатып алуға жетпей, шығып кеткен. 90 жылдардың бас кезінен саудаға кіріскен ол бастапқыда сабын, сіріңке сияқты күнделікті қажет ұсақ-түйек сатып, бірте-бірте көтерілгенін айтады.
Тағдырдың сынын сәттіліктің бастауы деп қабылдаған қызылордалық Жанар Олжабайқызы алған инсульттан кейін кәсіпкерлікке бет бұрған. Мектеп бітіргеннен кейін тауық базасында балапан баққан ол бүгінгі таңда іскер ханымға айналды, бірнеше жұмыс орнын ашып, сүйікті ісінен мол табыс тауып отыр.
«Саудаға кіріскен алғашқы кездері базарда картонды жайып тастап отырушы едік, кейін бутикті жалға алдым. Уақыт өте келе ыдыс-аяқ сатуға ауысып, саудам жақсы жүрді. Дәмханалар ашыла бастады да, оларға ыдыс-аяқ керек болды. Қасық, кішкентай дастархан, шәйнектерге сұраныс жоғары болатын. Дегенмен 2010 жылы екінші ұлымды өмірге әкелген соң инсульт алып, ауруханаға түстім. Кейін саудаға қайта шықтым, ол кездері супермаркеттер ашылып, біздің саудамыз құлдырай бастады. 250 мың теңгені жалға бергеннен гөрі сауда жасауды тоқтатайын деп шештім», – дейді ол.
«Базарда картон жайып отырушы едік...»
Дейін
Сауданы қойып, үйде отырған Жанар Олжабайқызы бір күні үш бәліш пісіріп, «көршілеріңе сатып берші» деп құрбысына апарады. Пісірген бәліштерінің дәмді болғаны соншалық бірден өтіп кетеді. Келесі күні тағы бесеуін пісірген ол біртіндеп тапсырыс қабылдағанын айтады.

«Кішкентайымнан асүйде жұмыс істеп, түрлі тәтті тағамдар пісірген ұнайтын. Өзім тәттіге аса құмармын. Бұл бүкіл әлемді коронавирус індеті жайлаған карантин кезі болатын. Дүкендердегі азық-түлікті ел талап алып кетті. Қолма-қол ақша тапшы. Не керек, бәлішім өтіп жатты, осылайша базарға шықтым. Базардағылардың қолдарынан тағамның түр-түрін пісіру келеді ғой, дегенмен жұмыстан шаршап шыққанда дүкенде тұрып қалған емес, жаңа піскен дәмді асты жегісі келеді. Базардағы өзім білетін келіншектерге бәліштерімді алып барып, сата бастадым. Олардың біразын бұрыннан танимын, тіпті үйіме қонаққа келіп, жақсы араласатынбыз. Олар менің үйде өз қолыммен осындай дәмді бәліштерді дайындайтынымды білетін», - дейді ол.

Базарға алғашында бәліш, самса апара бастаған Жанар Олжабайқызының клиенттері көбейіп, қонақ шақырса да түрлі тағамдарға тапсырыс беруді әдетке айналдырады.
Тапсырыстарын орындау үшін үйде үнемі тамақ пісірген Жанардан оның жолдасы күндердің күнінде бұл істі доғаруын өтінеді. Себебі үйдің іші майдың, тәттінің иісінен арылмайтын болған. Алайда сүйікті ісінен бас тартқысы келмеген ол ойланып, терезеге қарап отырып, жолдың арғы бетінен бос тұрған ғимаратты көреді. Карантинде жабылып қалған дәмхананың иесін бір күнде тауып, жалға алуға келісіп, пештерін көшіріп, кәсібін бастаған.

«Инсульттан кейін сол жақ қолым істемей қалған. Дәрігер қолымның жұмысын қалыпқа келтіру үшін оқтаумен үнемі жаттығу жасау керегімді айтты. Үстелдің үстіне оқтауды қойып, қамыр жайғандай, созылып, жаттығу жасау керек болдым. Осыдан кейін ойландым, күнде қамыр жаймаймын, ақыры сүйікті ісім тәттілер пісіру, ал оқтаумен жаттығуды үнемі жасауым керек, сол істі неліктен кәсіпке айналдырмасқа деген ой келді. Бір күнде ғимарат тауып, көшіп, кәсіпті бастап кеттім», - дейді ол.
Бір күнде басталған бизнес
Кейін
«Қазір тапсырыс жетеді. Адамдардың бәрі бірінен-бірі естіп, дәмді тағамдарымды алып жатыр. Біз дағдарысты дұрыс қабылдамайды екенбіз, дағдарыстың артында көркеюдің бір шеті тұрады. Инсульттің, карантиннің соңы мен үшін кәсіп болып кетті. Сүйікті ісің шаршауға жол бермейді. Себебі мен ертең не пісірсем екен деп, YouTube, Instagram қарап, ізденемін. Осылайша қазіргі таңда сүйікті кәсібіммен айналысып отырмын», – дейді іскер ханым.

Кәсіптің қаржысыз жүрмесі анық. Жанар Кушекбаеваның айтуынша, ол 15 жылдан бері KMF микроқаржы ұйымының тұрақты клиенті болып келеді.

«2007 жылы KMF-тен Жаңаберген деген жігіт келіп, жұмыс орнымды тексерді, заттарымды санады. Бізге топтық микрокредиттің тиімді екенін түсіндірді. Үш-төрт қыз-келіншек бірігіп алдық. Он бес жылдан бері KMF-тің клиентімін. Компания қанатының астына алып, бізді де қолдап келеді. Жастау кезімізде несие алып, тауарға салып, оны ұқсата алмай қиналған кездеріміз болды. Қазір несиені орынды пайдалануды білеміз. Күн ыстықта пісірген затыңды қайда тығарыңды білмей қаласың. Сол үшін KMF-тен тағы қаржы алып, екі тоңазытқыш пен мұздатқышқа қол жеткіздім. KMF ақшаны бірден береді, комиссия ұстамайды, бағалау да ақысыз. Біз үшін өте қолайлы», – дейді ол.
KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Нарыққа осыдан 25 жыл бұрын келген компания шағын және орта бизнеске, ауыл шаруашылығына, жеке мақсаттар үшін және автокөлік сатып алуға микрокредит өнімдерін ұсынады, толығырақ kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 байланыс орталығынан білуге болады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

Қолдауымен дайындалған материал