Испания патшайымымен кездесуге көйлек тіккен шебердің оқиғасы
ДЕЙІН ЖӘНЕ КЕЙІН ЖОБАСЫ
Декреттен кәсіпкерлікке.
Алматы облысы Көкөзек ауылының тұрғыны Дәмегүл Абиханованың кәсіпкерлік жолындағы оқиғасы ерекше. Жолдасының сұрауы бойынша бала тәрбиесімен үйде отырып, медицина саласындағы жұмысынан кеткен тігінші бүгінде ірі кәсіпкерге айналған.
Дәмегүл Алшынбайқызы бала кезден тігін тігуге әуес болған. Медицина саласы бойынша оқуын тәмамдап, жұмыс істеп, тұрмысқа шықты. Қолы босай қалса перде, көкпар шабатын аттарға жабу тікті. Әуелі Германиядан бір кісі осындай жабуды 200 долларға тігіп беруін өтінген. Сырты су өткізбейтін брезент мата болса, іші жып-жылы нәресте көрпешесі. Бұл көкпар шауып, терлеп келген аттарға жақсы жабу болды. Теңгенің енді айналымға еніп жатқан кезінде 200 доллар айтарлықтай қомақты ақша болатын.
«Кейіннен автокөліктерге тысқап, құрақ, ою көрпе, жастық, 90-жылдары сұранысқа сай қазақи киімдер тіге бастадым. Бұл кезде отбасыммен Түркістан облысының Жетісай қаласында тұрдық. 1996 жылы кіші ұлымды өмірге әкеліп, бала күтіміне байланысты демалыста болдым. Жұмысқа шығатын уақыт келгенде отағасы үйде болып, балалардың тәрбиесімен айналысқанымды қалады. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған үлкен ұлдардың жағдайын ойлап, өзім де осы шешімге келдім. Жолдасым төрт тігін машинасын сатып алып берді де, қасыма көмекші қыздар алып, өзімнің сүйікті ісіммен айналысуды бастап кеттім. Біз тіккен қазақша киім мен көрпеге елдер қызығып, сұраныс арта бастады. Жетісайдың базарынан «сіздің заттарыңызды сатайық» деген екі ұсыныс түсті. «Іздегенге – сұраған» дегендей, бұл ұсыныс менің көкейіме дөп қонды. Дайын тауарларды базардағылар өздері алып кетеді. Тағы қандай затқа ұсыныс түсіп жатқанын айтады. Отағасы қажет матамен қамтамасыз етіп отырды», – дейді кәсіпкер.
Осылайша өзінің кішігірім кәсібін бастап кеткен ол ұлдары оқуға түсіп, 2009 жылы Алматы қаласына көшіп келеді. Шаһардағы бәсекелестікті байқап, оңай берілмеуге бел буады.
Төрт тігін машинасынан басталған кәсіп
Дейін
«Бұл жақта «Сымбат», «Еркенұр» сияқты тігін саласындағы үлкен компаниялар көп, біздің тауарларға сұраныс болар ма екен?» деген оймен қолдағы бар тауарды Жетісайда арзан бағаға сатып кеттік. Сөйтіп, Алматыда кәсіпті қайтадан нөлден бастауға тура келді, қаржы да керек. Алғашында несиені екінші деңгейлі банктен алғанбыз. Оның пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары болды. Тағы да несие алуға жүрексініп жүргенмін. «Сайран» автобекетінде шағын дүкенім бар еді. Құрбым Гуля Қызайбековадан KMF-тен несие алу тиімді екенін естіп, осы қаржы ұйымымен жұмыс істей бастадық. Алғашында киім қысқартатын, жөндейтін орын аштым. Кейін материал алып, киім тіге бастадым. Бір киімді тігіп, оны сатып, екі киімнің матасын алдым. Екі киімді тігіп, сатып, оның ақшасына төрт киімнің матасын алдым. Ол кезде несиеге 80-100 мың теңге көлемінде ғана беретін. Несиені үш айға алып, тез-тез жауып тастап отырдым. Ай сайын бір бутиктен ашып, біртіндеп 250 шаршы метр жерде отыратын жағдайға жеттім. Несиені мақсатты түрде алып, оны орнымен жұмсай білсең, пайдасын көресің. Менде еш уақытта несиені төлей алмай қалған жағдай болған жоқ. Қазір, міне, өсіп-өркендеп, осы дәрежеге жетіп отырмыз», – дейді ол.
Шебердің медицина саласындағы жұмысын тастап, кәсіпкерлікке бет бұрғанына да 25 жылдай уақыт болып қалды. Айтуынша, бұл шешімі үшін еш өкінген емес. Медицина саласындағылар қазір 300-400 мың теңге көлемінде айлық алса, бұл қаражатты іскер ханым бір аптада табатынын айтады. Сүйікті ісімен айналыса отырып, отбасына көңіл бөле алады.
«Карантин кезінде де қиындық көрмедім. Себебі киімдерімізді сатып, жалға беріп отырдық. Киімді жалға беру – кәсібіміздің бір бағыты. Мысалы, тіккен бір көйлекті 100 мың теңгеге сатып жіберуің мүмкін, ал жалға беретін болсаң, 25-30 мың теңгеден кем емес және ол зат маған қайтып келеді. Сондықтан көйлекті сатқаннан гөрі жалға берумен көбірек айналысамын. Оның үстіне киімді жалға алушылар өте көп. Күтіп ұстасаң, жалға беретін киімдер ұзақ жылдар бойы табыс әкеледі. Бізде 15-20 жыл болған киімдер жап-жаңа күйінде сақталған. Тұрақты тапсырыс беруші танымал клиенттеріміз бар. Испания патшайымымен екі күндік кездесуге барғандар да біздің киімді киіп шықты. Қытай мен Делиде елшілікте істейтін қыздар, Корей еліндегі қазақ диаспорасы, ресейліктер, Қытай салондары бізге тапсырыс береді. Клиент келіп, қалауы бойынша ұсыныс жасаған кезде мен оны көзбен «киіндіріп» тұрамын. Сосын өз идеяларымды қосып, нәтижесінде өте керемет дүние шығады», – дейді шебер.
«Келген клиентті көзбен «киіндіріп» тұрамын»
Кейін
Әр қиындықты мүмкіндік деп қарастыруды үйренген Дәмегүл Алшынбайқызы кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жандарға кеңес беруден жалықпайды.
«Менің бірінші жетістігім – үйде бала күтімімен отыратын көптеген қыз-келіншекке кәсіппен айналысуды үйреттім. Екіншіден, қалаған уақытымда бала-шағама, немерелеріме, келіндеріме, жолдасыма көңіл бөле аламын, ешкімге тәуелді емеспін. Қазіргі қыз-келіншектерге «қандай бақытты жансыңдар» дегім келеді. Үйде отырып, бір жағынан, жұмысын істеп, екінші жағынан, бала-шағасына қарауға мүмкіндік бар. Өзім тәуекелшіл адаммын. Кешегі карантин кезі адамдарды онлайн бизнеске үйретті. Кеңес Одағының тарауы да мені бизнеске әкелді. Сол сияқты әр болып жатқан жағдайды мүмкіндік ретінде қарастыру қажет. Мысалы, мен карантин уақытында видео түсіріп, 5-10 мың теңгеге онлайн сабақтар өткіздім. Адамдар үйінде отырып үйреніп алды. Алла тағала сынақ арқылы тағы да бір керемет нәрсеге маған жол ашып тұр деп қабылдау керек. Сол сияқты қиыншылық болған кезде «мынау не болды, ақшаны қайдан табамын, бәрі жабылды» деген адам отыра береді. Шешімін тапсаң, мүмкіндік көп. Бір жылдары мемлекеттік тапсырыс алып, әлі есімде пойызға отырамын да, таңертең түсемін, тапсырыс берушілер мені күтіп алады. Адамдардың өлшемін алып, кешке қайтадан пойызға отырып, Алматыға кері қайтатынмын. Таңертең жұмысқа кірісемін. Жалпы, адам сүйікті ісімен айналысқанда шаршамайтынына көзім жетті», - дейді кәсіпкер.
«KMF жетістікке жетелейді»
Дәмегүл Алшынбайқызы ұл-қыздарының бүгінде өсіп, өмірден өз жолдарын тапқанын айтады. Ұлдары ұнатқан кәсіптерін бастап, қызы анасының ізін басып келеді.
«Өзің үлгі болсаң, балаларың да артыңнан ілеседі. Үлкен ұлым монша, азық-түлік дүкенін, ТҚКО салды. Фазенда ашып жатырмыз, немерелеріміз бар. Қызым Салтанат биыл диплом алды, ізімді жалғастырып жатыр, екі немерем бізден көргенін үйреніп жүр. Шәкірттерім де тігін дүкенін ашып, бизнесін дөңгелетіп жатыр. Бүгінде клиенттерім киімді Көкөзек ауылындағы дүкенімнен алып жүр», – дейді іскер ханым.
Ол кәсібінің осындай деңгейге жетуіне сеп болып, ұзақ жылдар бойы демеу болып келе жатқан KMF компаниясына да ризашылығын білдірді.
«Кәсібімді бастап, дамытуыма, бүгінгі жетістігіме жетуге жетелеп келе жатқан KMF компаниясының ұжымына табыс тілеймін. Басшылары да, қызметкерлері де өте қарапайым, өте сыпайы. Адамдармен қалай тіл табысу керегін жақсы біледі, өте мәдениетті қарым-қатынас жасайды. KMF микроқаржы ұйымының банктерге қарағанда пайыздық үстемеақысы мен талап ететін құжаттары аз. Сол үшін де тұтынушыға ыңғайлы. Несие берердің алдында кәсіпкердің бизнесін өздері келіп тексереді. Кәсібінің дамып жатқанын көріп, сенім білдіреді. Еш нәрсеге жүгіртіп, әурелемейді. Компанияға тек ақшасын төлеуге барамыз. KMF-тің қолдауы мен сияқты үйде отырған қыз-келіншектерге көп көмегін тигізіп жатыр. Сіздерден несие алып, жұмысын жүргізіп отырған – нан, көкөніс сататын, тігін тігетін қыздарды білемін. Бәрі де дән риза. Істеріңізге сәттілік тілеймін!» – дейді тігінші.
KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы.Нарыққа осыдан 25 жыл бұрын келген компания шағын және орта бизнеске, ауыл шаруашылығына, жеке мақсаттар үшін және автокөлік сатып алуға микрокредит өнімдерін ұсынады, толығырақ kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 байланыс орталығынан білуге болады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы