Есту аппаратына ие болған қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді
Заманауи қоғамда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әр уақыт жіті көңіл бөліне бермейді. Есту қабілеті бұзылған адамдар үшін қоғамда орнын табу, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау мәселесі қиындық тудыратыны да рас. Алайда бүгінгі күні есту қабілетінің бұзылуы – шешімі бар мәселе. Есту аппаратын дұрыс таңдап, оны қолдану саңыраулыққа қатысты үлкен проблемадан шығудың жолы. Осы бағытта Lay’s компаниясы есту қабілетінде ақауы бар қазақстандықтарға таптырмас мүмкіндік сыйлады, сапалы есту аппараттарын тегін табыстады.
Stan.kz тілшісі есту аппараттарына ие болған "Үміт" саңырау мүгедектерді қолдау орталығындағы азаматтармен тілдесіп, жаңа құрылғыны қолданғаннан кейін өмірлерінің қалай өзгергенін сұрады.
Lay’s Қазақстанның Қызыл айы ұйымымен бірігіп есту қабілетінде ақауы бар тұрғындарға көмек ретінде "Күлкіңмен бөліс" атты әлеуметтік жобасын бастаған еді. Компания өзінің алғашқы қайырымдылыққа бағытталған жобасында 30 миллион теңге жинаған, оған барлығы 71 есту аппараттары мұқтаж азаматтарға табысталды.
Қазақстандықтар Lay's қаптамасын сатып алып, қаптама сыртындағы күлкі бейнесін пайдаланып, суретке немесе видеоға түсіп, Instagram желісінде Stories-ке жүктеді. Әрбір Stories-тен түскен 5 теңге Қазақстанның Қызыл Айына есту аппараттарына сатып алуға аударылды.
Бұл кампанияның мақсаты– ел бойынша адамдарды біріктіру. Осылайша, ынтымақ, бірлігі жарасқан азаматтардың, яғни біздің, қаншалықты мықты екенімізді көрсетіп, осы арқылы өзгеге көмек бере алатынымызды дәлелдеу еді. “Қарапайым ғана ишара – күлімсіреу арқылы бір-бірімізге үлкен жақсылық әкеле алатынымызды көрсеттік. Осы жолы есту қабілеті бұзылған адамдардың арманын орындауға күлімсіреу арқылы әсер етіп отырмыз. Аудитория тарапынан да, нашар еститін тұлғалар тарапынан да жақсы пікірлерге ие болдық. Бұл кампанияның өте ауқымды болғанына сенімдіміз”, – дейді компания өкілдері.
Статистикаға сүйенсек, әлемде 430 миллионнан астам адамның есту қабілетіне зақым келген. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 150 мыңға жетеді. Осындай дертке ұшыраған, естуде қиындықтары болған, алайда қазір есту аппаратының көмегімен өмірлері өзгерген азаматтармен тілдестік. Олар өз кезегінде бастан өткен оқиғасын баяндап, ең алғаш рет аппаратты орнатқан кездегі сөзбен айтып жеткізуге мүмкін емес эмоцияларымен бөлісті.
Зульфия
“Құстардың даусы, мысықтың тырмалауына дейін естимін”
Зульфия, 47 жаста
Алматыға 21 жыл бұрын келдім, қазір осында тұрып жатырмын. Отбасым, қызым бар. Қызығушылықтарыма келсек, музыка сүйемелдеуімен би билегенді жақсы көремін, түрлі ритмдерді тыңдағанды ұнатамын. Үйде өзіме-өзім ән айтып беремін.
Бала кезден саңыраулар мектебінде оқитынмын, ол кезде аппараттар жоқ еді. Жақындарым: “Сенің сөйлеу қабілетің жақсы, нашар еститіндер мектебіне барсаң қайтеді” деген ұсыныстар айтып жатта. Алайда шын мәнінде мен мүлде естімейтінмін. Сондықтан мұндай мектепке бара алмадым.
Атам менің есту қабілетімнің бұзылғанына қатты алаңдайтын. Сондықтан алғашқы есту аппаратын осы кісі алып берді. Есіме алсам, бұл өте ескі, сымға байланған аппарат еді. Туыстарым алғашқы аппарат алған кезде менімен сөйлесуге тырысып, қайта-қайта шақыра беретін болды. Алайда маған олармен қарым-қатынасқа түсу қиын еді. Дыбыстардың шашыраңқы болуынан қиналып, аппаратты шешіп тастайтынмын.
“
Әртүрлі дыбыстарды естіп, оларды ажырата алатын болдым
Алматыға келген соң ұзақ уақыт бойы ешқандай құрылғы тақпай жүрдім. Тұрмысқа шыққаннан кейін ғана күйеуім есту аппаратын тағып көруімді ұсынды. Тағым көріп едім, әртүрлі дыбыстарды еститін болдым. Барахолка сияқты жерлерде жүрген кезде, әсіресе, ештеңе естімесең өте қиын, біреу қағып кетуі де мүмкін. Осы уақытқа дейін көп құрылғыны қолданып көрдім. Аппараттың сапасы нашар болған кезде барлық дыбыс араласып кететін. Алайда адамдармен сөйлесуді үйрену үшін оны тағу қажеттілігі туды.
Ал енді аппарат ауадай қажет болған кез – қызым туған уақыт. Себебі оның жылағанын естуім керек еді. Кейін қызым өсіп қалғанда ол “мама, тамақ ішкім келіп тұр” деп айтатын болды. Сол кезде оның даусын еститін болдым. Онымен сөйлесіп үйрендім.
Lay’s компаниясы ұсынған аппараттарды алғанда бәрі өзгерді. Әртүрлі дыбыстарды естіп, оларды ажырата алатын болдым. Бұрынғыдай бір құлақтан естімейтін, екі құлақтан да еститін болдым. Қазір аппаратсыз жүре алмаймын. Жедел жәрдемнің сиренасы, құстардың даусы, мысықтың тырмалауына дейін естимін. Осы дыбыстарды бірінен бірін ажырата алатын жағдайға жеттім. Есту аппараттарын ұсынған демеушілерге үлкен алғыс білдіремін.
Алина
“Баламның сөйлегенін түсінетін болдым”
Алина, 25 жаста
Колледжде IT мамандығында оқимын, “Үміт” орталығында әлеуметтік қызметкер ретінде жұмыс істеймін. 5 жасар ұлым бар. Ол балабақшаға барады. Бос уақытымызда біз әртүрлі кітап, ертегі оқимыз. Бірге қыдырып, қоршаған ортаны зерттегенді ұнатамыз.
Аппаратты алған соң менің өмірім өзгерді. Себебі мен жақсы ести алатын болдым, дыбысты, сөздерді жақсы түсінетін болдым. Маған қарап сөйлеген адамдарды түсіне бастадым. Әсіресе, бетперде таққан адамдардың сөйлегені түсініксіз болатын. Енді оларды да ұғамын. Қоршаған ортадағы дыбыстарды жақсы ести түстім. Музыканы анық еститін болдым. Баламның сөйлегенін түсінетін болдым.
Бұрын басқа аппаратпен қолданған кезде әндердің тек дыбысын, музыкасын еститінмін. Ал сөздерін, әншінің даусын ести алмайтынмын. Аппараттың арқасында әндердің сөздерін, әншінің даусын ажырата алатын болдым. Не туралы айтып жатқанын түсінемін.Ұйымдастырушларға үлкен алғыс айтқым келеді. Өте қуаныштымыз, себебі олар біздің әлемімізді кеңейтіп, бақыт сыйлады. Осындай есту қабілетін жақсартатын аппараттар үшін үлкен алғыс білдіремін.
Бота
"Қажетсіз, артық дыбыстарды естімейтін болдым"
Бота, 25 жаста
Былтыр “Спорт және туризм академиясын” бітірдім, диплом алдым. Қазір “Үміт” орталығында жұмыс істеймін. Достарыммен бірге қыдырғанды, саяхаттауды жақсы көремін. Қазір көлік айдауды үйреніп алдым, өз көлігім бар.
Жақында аппараттар туралы білдім. Оларды алған соң өмірім түбегейлі өзгерді. Ескі аппараттардың талайын тағып көрдім. Музыка өте нашар естілетін. Адамдардың сөйлегенін түсінбейтінмін.
Ең бірінші рет жаңа аппараттар тағып көрген кезде артық дыбыстардың бәрі жоғалып кетті. Бастапқыда не үшін бәрі тынышталып қалды деп түсінбейтінмін. Бәлкім аппарат жұмыс істемейтін шығар деп ойладым. Уақыт өте келе құрылғының артық қажетсіз дыбыстарды басып тастайтынын түсіндім. Бізге қажетті деген дыбыстарға басымдық беріледі. Бұл өте керемет. Ауыз екі тіл өте жақсы естілетін болды, бұрынғыдай емес.
Ескі құрылғыларда артық дыбыстар өте көп болды, сондықтан басым қатты ауыратын. Осындай сапалы аппараттарды ұсынған демеушілерге үлкен алғыс айтамын.
Оля
"Дыбыстар әлеміне тап болдым"
Оля, 62 жаста
Зейнеткермін, ұлым мен немереммен бірге Алматыда тұрамын. Хоббиім тігін тігу. Есту аппараттары туралы орталықтан білдім.
Естуге арналған аппарат болмаған кезде өте қиын болды. Адамдардың сөйлегенін мүлдем естімеймін. Олардың еріндері арқылы не айтып жатқанын түсінуге тырысамын. Алайда бұл әрдайым дұрыс бола бермейді. Ең бірінші рет аппаратты қолданған кезде үлкен қуаныш сыйлады. Бәрін анық естіп тұрмын. Басында қиын болды. Үйрену процесі жүреді. Одан кейін үйреніп кеткен соң енді аппаратсыз жүре алмайтын болдым. Аппаратсыз тып-тыныш, өмірің бос сияқты көрінеді.
Осындай құрылғыларды сатып алып жатқан адамдардың барына алғыс білдіреміз. Өміріміз әлдеқайда жақсарды. Аппаратсыз жүру мүмкін емес. Бұл – саңыраулық, кереңдік. Осы құрылғы арқылы дыбыстар әлеміне тап боламыз. Оларды бізге ұсынған адамдарға алғыс айтамын.
Lay’s компаниясы қазақстандықтарға ұсынған есту аппараты брендтің өте құнды сыйы болып қана қоймай, адамдар өміріне жаңа леп әкелген, әлемнің барлық қызығын сезінуге, жақындарымен сөйлесуге, білім алуға, қоғаммен тығыз байланысқа түсуге берілген мүмкіндік болды.
Айта кетейік, акцияны қолдап, әлеуметтік желіде бөліскендер арасынан блогерлер де табылды. Олардың қатарында қазақстандық Арман Юсупов, Біржан Ашим, Айым Сейтметова, Нагима, Айна, Аружан Джазильбекова, Нұсұлтан Аманов бар. Сондай-ақ, Айгерім Аяпбергенова өз оқиғасымен басқаларды шабыттандыру мақсатында, өзгелерге үлгі болу үшін акцияға қатысты.