2010 жылы лотереядан 10 миллион доллар ұтқан америкалық әйел Джоан Гинтердің есімі бір сәтте бүкіл әлемде танылды: 60 жастан асқан шағында ол төртінші рет лотереяда жеңіске жеткен. Әйел алғашқы рет 5,4 миллион доллар, екі жылдан кейін 2 миллион доллар, үшінші рет 3 миллион доллар және 2010 жылы 10 миллион долларлық ұтысқа кенелген.
Оның рекордты түрде осынша рет лотереядан жеңіске жетуі көптің күдігін тудырды. Әйелдің статистика ғылымдарының докторы атағының болуы да бұл күдікті күшейте түсті. Дегенмен біреулер Джоанның бұл жеңісін қарапайым сәттілікке балап жатты.
Бір айта кетерлігі әйел 8 жыл ішінде 100 000-нан астам лотерея билеттерін сатып алып, оған 3,3 миллион доллар жұмсаған көрінеді. Сәттілік төрт рет серік болған Джоан Гинтер – Невада штатындағы Лас-Вегас қаласының тұрғыны. Алайда әйел лотереяны төрт рет те Техас штатында ұтқан. Жалпы оның ұтқан жүлдесі 20,4 миллион долларға жеткен.