Жер бетіндегі ең көне мереке: Наурызға Ozon.kz-пен бірге дайындалайық
Наурыз – отбасылық басқосулар мен ерекше қонақжайлыққа толы жаңару уақыты. Жыл сайын бұл айда Қазақстан ерекше кейіпке бөленеді. Қалаларда дәстүрлі музыка ойнап, үстел дәмді тағамдарға толып, көшеде киіз үйлер құрылады. Мерекенің тамаша өтуі үшін дәстүрді сақтау ғана емес, сонымен қатар жайлы атмосфера құру да маңызды. Олай болса, мерекеге үйді дайындап, дастархан жая отырып, Ozon.kz-тен қандай сыйлықтар таңдауға болатынын айтайық.
Үйді жайлы етеміз
Наурыз алдында әр үйде толықтай тазалық жұмысы өтеді. Бұл – керемет өзгерістерге дайындықты білдіретін әрі жаңаратын маңызды істің бірі. Қажетсіз заттардан құтылу кеңістікті көбейтсе, үйдегі тазалық пен балғындық сәттілік шақырады. Үйді қиналмай, жеңіл тазалау үшін қажет құралдарды Ozon.kz-тен іздеп көруге болады. Сымсыз жуғыш шаңсорғыш еденді тез жууға көмектеседі. Ал жиһаздарды жылтыратқыш өнім ағаш пен лакталған бөліктерге әр береді. Хош иісті диффузорлар мен шамдар бөлмелерге көктемнің лебін береді. Бастысы – тазалық пен жайлылық. Өйткені мереке күндері үй есігі қонақтар үшін айқара ашық. Кімде-кім болса да келушілерді жайлы жағдайда қарсы алғысы келеді.
Дастархан жаямыз
Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі ғана емес, сонымен қатар қонақжайлық танытатын уақыт. Дәстүр бойынша мерекелік дастархан ерекше қадағаланып, ықыласпен жайылады. Себебі ол – үйдегі ырыс-берекенің көрінісі. Ал үстел сән-салтанатқа толы болып көрінуі үшін алдын ала жаңа дастархан сатып алып, әдемі ыдыс-аяқтарды дайындаған жөн. Тіпті олардың әр бөлігіне назар аудару ерекше мерекелік әсер береді. Дәстүрлі керамикалық табақ, тостағандар ұлттық талғамды айрықша көрсетсе, жиынтықтар үстелге ерекше сүйкім береді. Ал дәмдеуіштер сүйікті тағамдардың дәмін келтіріп, атмосфераны толықтырады.
Жақындарымызды қуантамыз
Наурыз – отбасылық отырыс, мерекелік дастарханмен қатар, ізгі тілектер білдіріп, сыйластық белгісі ретінде сыйлық табыстайтын уақыт. Осы тұста әсіресе үйге арналған заттар жақсы бағаланады. Өйткені бұл жақын жандардың өміріне әр кіргізіп, отбасының тұрмысына қамқорлық жасау болып саналады. Әдемі жиынтық пен ыдыс-аяқтар, үйге арналған жұмсақ текстиль, интерьер заттары керемет сыйлық бола алады. Бастысы қамқор болу арқылы мерекені ерекше ете түсу.
Дәстүрлі ойын-сауық құратын уақыт
Наурыз – көңілді музыка мен кездесулерге толы күндер. Халық сыртқа шығып серуендейді, ал елде спорттық жарыстар, концерттер мен театр қойылымдары өтеді. Отбасы мен достардың ортасында үстел ойындарын ойнап, жайлы кеш ұйымдастыра аласыз. Мерекені одан да қызық ету үшін қолайлы музыка мен ойындарды таңдап, қонақтарға арнайы бағдарламаны алдын ала ойластырып көріңіз. Мұндай атмосфера келушілерді қуантады әрі уақытты жақсы өткізуге себеп болады.
Мереке әр үйге жылу, береке мен молшылық әкелсін! Бұл кезең өзіңізді жайлы сезініп, отбасы, достарыңыздың жанында болып, мол дастархан жайып, жақындарыңызды жағымды сыйлықтармен қуантуға тамаша себеп. Ozon.kz-пен бірге Наурызға дайындалған өте оңай. Бұл жерден мерекені жарқын әрі ұмытылмастай өткізу үшін қажет нәрсенің бәрін таба аласыз. Бүгінде маркетплейсте 20+ санаттағы 370 миллионнан астам тауар ұсынылған. Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша белсенді сатып алушылар саны 56,5 миллионнан асты. Тапсырысыңызды өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен ала аласыз. Атап айтқанда, курьерлік жеткізуді рәсімдеу, сәлемдемені Ozon.kz пунктінен немесе Қазпошта бөлімшесінен алуға болады.
Барлық құқықтары қорғалған