Бала тәй-тәй басып, аяғына нық тұрғанша талай кезеңнен өтеді. Тіпті қазақта баланың әр белесіне арналған жөн-жоралғы бар. Алғаш қадам басқанда тұсауын кесіп, атқа мінер жасқа келгенде ашамайға мінгізген.
Ozon-ның 5 жылдық жолы
Қазақы дәстүрмен:
Ozon Қазақстан нарығына енді келгенде компанияда небәрі үш адам жұмыс істеді.
Бес жыл ішінде команда бүкіл ел бойынша логистикасы мен тапсырыс беру пункттері қалыптасқан ірі компанияға айналды.
Кәсіптің де шарықтап, қалыптасатын өз жолы бар. Әуелі жаңа нарыққа қадам басып, сатып алушыларымен, серіктестерімен танысады.
Кейін жұмысын кеңейтіп, өз логистикалық желісін құрды, жаңа бағыттарға бет бұрады. Ozon-ның Қазақстандағы бес жылдық жолы да осындай кезеңдерден тұрады.
Ozon да 2021 жылғы шілдеде Қазақстан нарығына шығып, алғашқы қадамын жасады. Бастапқыда тапсырыстарды елдің әр өңіріне жеткізу үшін Қазпоштамен бірге жұмыс істеді
01
2021 жыл
Тұсаукесер. Алғашқы қадамдар. Нарыққа шығу
Тұсаукесер – бала тәй-тәй басып, жүре бастағанда жасалатын дәстүр. Баланың аяғына тұсау байлап, жүрісі ширақ, елге сыйлы адамға кестірген. Тұсауға көбіне ала жіп, көк шөп немесе ішек пайдаланған. Мұндағы ниет – бала сүрінбей, қадамы нық, жолы ашық болып өссін деген тілек.
2025
Сатушыларға арналған шарттар толықтай жергілікті ерекшеліктерге бейімделді
2026
“Қазақстанда жасалған” витринасын іске қосуы
2024
Логистикалық инфрақұрылымды кеңейтуі
2023
Алғашқы фулфилмент орталығын іске қосуы
2022
Компанияның дамуы
2021
Нарыққа шығу
Жаңа белестер
Ашамайға мінгізу
Таңдау көбейді
Аяғын нық басу
Жаңа кезең
Қаз-қаз қадам
Сеніммен алға жылжу
Тұсаукесер
Алғашқы қадамдар
5 жылда салынған даңғыл жол
Қазір Ozon Қазақстанда мыңдаған қызметкер еңбек етеді, ал елдің бірнеше қаласында компанияның үлкен кеңселері мен 40 мың шаршы метр болатын ауқымды инфрақұрылымы бар. Бүгінде олар қазақстандық сатып алушыларға 300 миллионнан астам тауар ұсынып отыр. Бес жыл бұрын елімізде барлығын нөлден бастауға тура келген бренд бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі сатып алушыларға, кәсіпкерлер мен іскерлік серіктестерге жақсы таныс.
“Алғашқы есепшоттарды ашып, кездесулер өткізіп, Қазақстан нарығына енді ғана шыққан компанияны әлеуетті серіктестерге таныстырдық. Ол кезде елімізде Ozon-ды көпшілігі біле бермейтін. Қай жерде жұмыс істейтінімді айтсам, Ozon-ның не екенін түсіндіруге тура келетін. Банк саласындағы тәжірибе алғашқы кездесулерді ұйымдастырып, серіктестік орнатуға көмектесті. Біртіндеп жаңа серіктестер, жұмыс процестері мен қызметкерлер қатарға қосыла бастады”, – деп еске алды ол.
Сәуле Қосшығұлова,
Ozon Қазақстан қазынашысы
Ozon Қазақстан нарығына келгеннен бастап командамен бірге өскендердің бірі – Сәуле Қосшығұлова. Алғашқыда командада бас директор, бас есепші мен қазынашы Сәуле ғана болған. Олар компанияны тіркеп, құжаттарын рәсімдер, бизнестің елдегі іргесін бірге қалады.
Сауле Косшыгулова
Қазынашы
Үш қызметкерден мыңға жуық қызметкерге дейін. Бес жыл бұрын Сауле Ozon-ның Қазақстан нарығына енді ғана кіріп жатқанын біліп, компанияға қазынашы болып жұмысқа келеді. Оны дайын жүйеге қосылмай, бизнесті нөлден бастап құру мүмкіндігі қызықтырады. Ол кезде Қазақстандағы алғашқы командада небәрі үш адам болған. Бес жыл ішінде компания айтарлықтай өзгерді. Бүгінде Қазақстандағы Ozon-да мыңға жуық адам жұмыс істейді. Сауле осы жолдың басынан бері компанияда жұмыс істеп келеді. Оның көз алдында үш адамнан құралған шағын команда мыңға жуық қызметкері бар үлкен компанияға айналды. Бес жыл ішінде Сауле компаниямен бірге өсе отырып, осы үлкен өзгерістің маңызды бөлігіне айналды.
2022 жылы Алматыда Ozon-ның алғашқы кеңсесі ашылды.
02
2022 жыл
Қаз-қаз қадам. Сеніммен алға жылжу. Компанияның дамуы
Тұсауы кесілген баланы үлкендер екі жағынан қолтықтап:
«Қаз-қаз, балам, қаз, балам
Қадамыңды бас, балам.
Бір, екі, үш.
Қадамыңды түз.
Тұсауыңды кесейік.
Күрмеуіңді шешейік» деп дем берген.
Оzon-ның Қазақстандағы жолында да алғашқы қадамнан кейін өз аяғымен тұрып, жұмысын жолға қоятын кезең келді. Сөйтіп 2023 жылы Астанада алғашқы фулфилмент орталығын ашты. 20 мың шаршы метрден асатын қоймада тауар қабылдап, оны сақтап, кейін тапсырысты жинап, сатып алушыға жөнелтетін.
03
2023 жыл
Аяғын нық басу.
Жаңа кезең. Алғашқы фулфилмент орталығын іске қосуы
Бала алғашқы қадамдарын жасап үйренген соң, аяғын нық басып, біртіндеп алға қарай талпынады.
Мамырда қазақстандық сатып алушыларға бейімделген Ozon.kz аймақтық витриналары қосылды. Мұнда ресейлік және жергілікті сатушылардың тауарлары ұсынылған, баға теңгемен көрсетілген, клиентті қолдау қызметі екі тілде жұмыс істейді.
Евгений Моисеев
Тауарды соңғы нүктеге жеткізу бағытының жетекшісі
Ozon-да жұмыс істеп келе жатқаныма 1,5 жыл болды. Маған ең ұнайтыны – командам. Мұнда адамдар әрқашан бір-біріне көмектесуге дайын. Қиындықтар болса, бірге шешімін табуға тырысамыз. Ozon-да мәселелердің тез шешілетіні де ұнайды. Өз жұмысыма жауап беріп қана қоймай, оның нәтижесіне тікелей әсер ете алатыным мені шабыттандырады. Соңғы уақытта Қазақстандағы Ozon тапсырыс беру пункттерінен Қытайдан келетін Global тауарларды да алуға болады. Бұған қоса, Алматыда брендтелген көліктерімізбен өзіміздің жеткізу қызметін іске қостық. Қазан айында Астанада да іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осындай өзгерістерге қарап, Ozon-ның Қазақстанда қарқынды дамып жатқанына және осы жұмысқа өз үлесімді қосып жатқаныма ризамын.
2024 жылғы маусымда төрт сұрыптау орталығы Қостанайда, Ақтөбеде, Атырауда және Шымкентте ашылды. Бұған дейін мұндай орталықтар тек Алматы мен Астанада ғана болатын.
04
2024 жыл
Таңдау көбейді.
Логистикалық инфрақұрылымды кеңейтуі
Қазір тұсаукесер кезінде баланың алдына түрлі зат қойып, алғаш қайсысын қолға алатынына қарап, болашағын болжайтын жоралғыны да кездестіреміз.
Мысалы, домбыраға ұмтылса – өнерге, кітапты таңдаса – білімге жақын болады деп ырымдайды. Алайда бұл – қазақтың байырғы дәстүрі емес. Корей халқында мұндай жоралғы «дольджаби» деп аталады.

1937 жылы корейлер Қазақстанға жаппай қоныс аударғаннан кейін олардың кейбір салт-дәстүрі жергілікті ортаға да сіңді.
Мұндай орталықтардың жұмысы қарапайым: тауар әкелінеді, тапсырыстар сұрыпталады, әрі қарай сатып алушыға жөнелтіледі. Қайтарылған тауарлар да осы жерде қабылданады. Нарық логистика саласында өз үлесін арттырып, әр орталық тәулігіне 11 мыңға жуық тапсырысты өңдейтін деңгейге жетті. Мұның бір пайдасы – тауардың жолын қысқарту. Бұрын алыстан келетін өнім енді сатып алушыға жақынырақ жерде жасалады. Жергілікті кәсіпкерлер де тауарларын жақын жердегі орталыққа тапсыра алады.
Төрт қалаға курьер де жетті
Сұрыптау орталықтары ашылған соң, Ozon курьерлік жеткізуді де төрт өңірге арттырды. 2024 жылғы шілдеден бастап Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент тұрғындары тапсырысын үйіне дейін алдыра бастады. Бұған дейін Ozon-ның курьерлері Астана мен Алматыда ғана жұмыс істейтін.
Оған қоса 2024 жылы Алматыда екінші фулфилмент орталығы ашылды.
450 шақырым
Бұл – Ozon курьері бір бағытта жүріп, тапсырысты алушыға жеткізе алатын қашықтығы. Яғни курьерлік қызмет тек қала ішіндегі тасымалдаумен шектелмей, қала маңындағы елдімекенге де жеткізуге мүмкіндік береді.

Мысалы, курьер Астанадағы фулфилмент орталығынан шығып, Павлодарға дейін барып, тапсырыстарды тапсырыс беру пункттеріне жеткізеді. Мұндай бағыт жалпы 450 шақырымға дейін жетуі мүмкін.
Даниил Балковой
Қала ішіндегі логистика тобының жетекшісі
Ozon-ға 2024 жылы логистика маманы болып келдім. Алғашқы күннен-ақ жұмысқа белсенді кірісіп кеттім. Компания ұсынған оқу мүмкіндіктерін пайдаланып, кәсіби және soft skills дағдыларымды дамытуға тырыстым. Еңбегім еленіп, сынақ мерзімінен кейін қызметім жоғарылады. Желтоқсаннан маусымға дейін магистральды логистика операцияларының аналитигі болып жұмыс істеп, кейін топ жетекшісі қызметіне көтерілдім. Осы уақыт ішінде компания үшін маңызды жобаларға қатысып, жауапкершілігі жоғары міндеттерді атқардым. Екі жылда Ozon-ның да, өзімнің де айтарлықтай өскенімді көріп отырмын.
Дәл сол жылы Ozon Қазақстан жергілікті ұсынысты іске қосып, кәсіпкерлерге қазақстандық заңды тұлғамен шарт жасасып, Қазақстан нарығына бейімделген талаптармен жұмыс істеуге мүмкіндік берді.
05
2025 жыл
Ашамайға мінгізу. Жергілікті ұсынысты іске қосуы
Қазақ дәстүрінде бала есейіп, атқа мінуге дайын болған кезде оны алғаш рет ашамайға яғни балаларға арналған арнайы ер тұрманға отырғызған. Бұл жоралғы әдетте бала 4-6 жасқа толғанда жасалған. Баланы ашамайға отырғызып, атқа үйренуі үшін үлкендер жетектеп жүрген. Ашамайға мінгізу баланың есейіп, өмірінің жаңа кезеңіне қадам басқанын білдірген.
06
2026 жыл
“Қазақстанда жасалған” витринасын іске қосуы
2026 жылы компанияның Қазақстанда екі кеңсесі жұмыс істеп тұр. Маусым айында Ozon жергілікті брендтердің тауарларын сатып алушыларға оңай табуға, ал қазақстандық кәсіпкерлерге аудиториясын кеңейтіп, клиент санын арттыруға және өнімдерін көбірек танытуға көмектесетін «Қазақстанда жасалған» арнайы сөресін іске қосты.

Сатып алушылар үшін танымал әрі сұранысқа ие брендтердің түпнұсқа тауарлары ұсынылатын Ozon Селект сервисі де іске қосылды. Оның каталогында 2 миллионнан астам тауар бар.

Компанияның логистикалық желісі де кеңейіп келеді. Бүгінде қойма нысандарының жалпы аумағы 40 мың шаршы метрден асады. Қазір Ozon-ның Қазақстанда Астана мен Алматыда екі фулфилмент орталығы, жеті қалада сұрыптау орталықтары және Қарағандыда тапсырыс қабылдау орны бар. Курьерлік жеткізу де бірнеше қалада қолжетімді.

Ашамайға алғаш отырған бала үшін бұл жолдың соңы емес, жаңа кезеңнің бастауы. Ozon үшін де Қазақстандағы бес жылдық даму жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жаңа кезеңге ұласты.
Логистикалық инфрақұрылым 40 мың шаршы метрден астам алаңға дейін кеңейді, соның арқасында ел бойынша жеткізу мерзімі айтарлықтай қысқарды
300 миллионнан астам тауары бар және жылдың 365 күні жеңілдік беріп отыратын Ozon.kz витринасы қазақ тіліне аударылды
Сатушылар платформада жұмыс істеудің барлық артықшылығын пайдалана алуы үшін олардың жұмыс жағдайы жақсартылды
Сатып алушы отандық тауарды оңай тауып, ал сатушы қосымша трафик ала алуы үшін «Қазақстанда жасалған» витринасы іске қосылды
Бес жылда не өзгерді?
Біздің Instagram парақшамыз
Жобаны бөлісу
Барлық құқықтары қорғалған