Жәнібек Қасымқан
Талдықорғаннан келген ұлттық құрама мүшесі, өткен жылғы олимпиада жүлдегері
«Биыл дайындық әлдеқайда қарқынды. Дәріс оқитын мамандар көбейді, тақырыптар да кеңейді: Computer Vision, NLP, Machine Learning. Тапсырмалар да бұрынғыдан күрделірек болды». Жәнібек жасанды интеллект саласына математикаға деген қызығушылығының арқасында келген. Оның айтуынша, мектептегі ең сүйікті пәні – математика болған. «Жасанды интеллект математикамен тығыз байланысты. Әсіресе Deep Learning бағыты маған өте қызық. Осы саланың математикалық амалдарын зерттегенді ұнатамын», – деп түсіндіреді ол. Жәнібектің табысқа жету формуласы қарапайым: тек оқуды жалғастырып, тапсырмаларды тұрақты түрде орындау керек.