Ал Айгүл Чаяхметова Ozon тапсырыстарын беру пункттерін басқарады. Бүгінде оның иелігінде үш пункт бар.
Озон арқылы кәсібін дөңгелетіп отырғандардың бірі - Сагиля Байшурина. «Baby Room» дүкеніне иелік етеді. Негізгі бағыты - балаларға арналған тауарлар сату.
Кәсіпкер алдағы уақытта желіні кеңейтіп, жаңа нүктелер ашуды, сондай-ақ сервисті жақсартып, процестерді автоматтандыруды жалғастырмақ.
Кәсіпкер пункттерді адам көп жүретін жерден ашқан. Басқару нақты процестер мен стандарттарға негізделген, бір бөлігі автоматтандырылған.
«Компанияда 2000 -нан астам тауар бар, бірақ ассортименттің 20–30%-ы негізгі сатылымды құрайды. Бизнес омниканалды модельмен, яғни клиентке керек түрлі каналды біріктіре жұмыс істейді: офлайн дүкендер, онлайн сату және маркетпейлстер, соның ішінде Ozon арқылы істейді. Соңғылары жаңа аудиторияға шығуға және сатылым географиясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Дамудың бір кезеңінде нарық арзан аналогтармен толды, бірақ баға арқылы емес, сапа мен түпнұсқа өнімге басымдық беруді таңдадық. Бұл стратегия өзін ақтады. Бүгінде басты құндылық – клиент сенімі. Компания ата-аналарға жай тауар емес, комфорт, қауіпсіздік және үлкен таңдау ұсынады. Кәсіп менің ойлау тәсілімді өзгертіп, икемділікке, жылдам шешім қабылдауға және клиентпен адал болуға үйретті», – деп түйіндеді кәсіпкер.
«Қызметкерлерді таңдауда жауапкершілік, мұқияттылық және клиентке бағытталу басты рөл атқарады. Жұмыста аналитика, операциялық құралдар мен платформаның ұсыныстары белсенді қолданылады. Бұл процестерді оңтайландырып, жүктемені болжауға және сервис сапасын арттыруға көмектеседі. Ozon-мен жұмыс істеген уақытта бизнес айтарлықтай өсті: клиенттер саны мен тапсырыс көлемі артты. Ең маңыздысы – дұрыс локация мен сапалы сервис болған жағдайда өсім өте жылдам болады. Сонымен қатар операциялық тиімділіктің маңызы жоғары: тіпті шағын өзгерістердің өзі үлкен нәтиже береді», – деп қосты ол.
«Бизнес тұрақты клиент ағыны бар әрі түсінікті сервис құру идеясынан басталды. Бұл алғашқы тәжірибем емес, бірақ дәл тапсырыс беру пункті форматы өте перспективалы болып көрінді. Онлайн сауданың өсуі мен адамдардың интернет арқылы жиі тапсырыс беруі де үлкен мотивация болды. Ozon платформасы – сенімді бренд, Қазақстанда белсенді дамып жатыр және түсінікті серіктестік моделін ұсынады. Бұл бизнесті кеңейтуге мүмкіндік беретініне сенім берді», – дейді Айгүл Чаяхметова.
Кәсіпкер бастапқыда күмән көп болғанын жасырмады. Кейін күйеуі негізгі серіктесіне айналып, бизнесті бірге дамытты. Қазір Baby Room – әлемдік үздік брендтер ұсынылатын кеңістік: арбалар, балалар жиһазы, күтім және тамақтандыру тауарлары.
«Бизнес жеке қажеттіліктен басталды: жүкті кезімде ыңғайлы әрі эстетикалық арба табу қиын болды. Stokke өнімін көргенде, сапалы әрі ойластырылған балалар тауарларына сұраныс бар екенін түсініп, осы бағытты таңдадым. Брендтің негізгі аудиториясы – бала үшін комфортты, қауіпсіздік пен сапаны таңдайтын саналы ата-аналар», – дейді ол.