Кәсіпорын қызметкерлерін әлеуметтік қолдау Ұжымдық шарт және атаулы әлеуметтік қолдау бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. 2023 жылдың 8 айы ішінде 2,3 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді. Ол аз қамтылған жұмысшыларға, мүгедектерге, өндірісте қаза болған жұмысшылардың отбасыларына, ардагерлерге, зейнеткерлерге, балаларға (мектепке дайындық, демалыс және сауықтыру) қолдау кіреді.
Жиын барысында соңғы үш жылда компанияда жалпы жалақы 82,3 пайызға өскені айтылды. Бұл ретте инфляция индексі осы кезеңдегі жиынтықта 43,1%-ды құрады. Осылайша, «Қазақмыс» қызметкерлерінің жалақысының өсімі елдегі инфляция индексінен айтарлықтай асып түсті. Егер 2020 жылы орташа жалақы 326 196 теңге болса, 2023 жылы ол қазірдің өзінде 646 215 теңгені құрайды. Негізгі кәсіптер бойынша еңбекақы мөлшері бойынша «Қазақмыс» өнеркәсіптің басқа кәсіпорындары арасында жетекші орын алады.