Үстіміздегі жылдың қазан айының 4 күні Жезқазған мыс балқыту зауытының шихтасын дайындау цехында инвестициялық жоба шеңберінде орнатылған «Dalamatic» жаңа жүйесі сәтті іске қосылды. Жүйенің алғашқы іске қосылуына «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов, Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов және ІАF компаниясының өкілдері қатысты.
«Біздің компанияда жергілікті типтегі «Donaldson Dalamatic» аспирациялық жүйелер орнатылды, олар тікелей құю қондырғыларында орнатылып, шаң жинайды. Мұнда шаңды жинап, кейін оны конвейерге төгетін сүзгілер орнатылып, тазартылған ауа цехқа жіберіледі», - деді жүйенің тиімділігі туралы баяндаған «ІАF» ЖШС техникалық директоры Андрей Галата.