Қазақстанда кез келген тауарды жылдам жеткізетін Teez деген қазақстандық маркетплейс іске қосылды. Оның басқалардан ерекшелігі – әртүрлі дүкеннен түрлі тауар тапсырыс берсеңіз де, барлығын 1 күнде, бір бумаға орап, әкеліп беретінінде. Stan.kz ақпарат агенттігінің журналисі мұның қаншалықты рас екенін тексеріп көру үшін жаңа маркетплейсті сынап көрді.
Журналист бірнеше тауарды 1 күнде жеткізіп беретін маркетплейсті сынап көрді
Тез әкелетін Teez:
Көбі сияқты мен де коронавирусқа қатысты пандемия мен карантиннен кейін қашықтан жұмыс істеуге, кез келген қызмет түрін онлайн алуға әбден үйреніп алдым. Оның ішінде жеткізу қызметі де бар. Шыны керек, қазір супермаркетке барып азық-түлік алуға, дүкендерді аралап киім таңдауға ерінемін. Барлығын әлеуметтік желідегі дүкендер, онлайн қосымшалар арқылы алуға тырысамын. Оның орнына уақытымды үйде отбасыммен бірге өткізгенді жөн көремін. Teez маркетплейсі қосылғанын естігенде, бірден оны смартфоныма жүктеп алып, сынап көрдім.
Teez-ді қазақ тілінде қолдануға болады
Ең әуелі маған қосымшаны жүктеген соң өзіңе ыңғайлы тілді, яғни, қазақ немесе орыс тілінің бірін таңдауға болатыны ұнады. Бірден қазақ тілін таңдадым. Оған қоса, қосымшаға алғаш кіргенде ұзақ тіркелудің де қажеті жоқ. Нөміріңізді жазсаңыз болғаны.
Өзіңе қажет тауарды табу оңай
Қосымшаның ішінен өзіңе қажет тауарды табу оңай екен. Себебі, іздеу жүйесі бар, онда өзіңізге керек заттың атауын жазсаңыз жеткілікті. Оған қоса тауарларды әртүрлі айдарларға бөліп қойған. Соның ішіне кіріп, керегіңізді тез табуға болады.
Мен еден жууға арналған шелек пен швабра, әшекейлерімді салып қоюға арналған қобдиша, матадан жасалған органайзер, ноутбукқа арналған сөмке, құлаққап, ноутбукты көтеріп тұратын тіреуіш, жарма өнімдеріне арналған диспенсер, қызыма және өзіме киім, қызыма ойыншық тапсырыс бердім. Тауарлардың бағасы көңілімнен шықты. Барлығының құны – 44 мың теңге болды. Тауарларды таңдап болған соң, аты-жөнімді, поштамды жаздым, кейін картамды тіркеп, ақысын төледім. Төлем лезде қабылданды.
Үйіңе не кеңсеңе жақын жерден алып кетуге болады
Тауар беру пункттеріне жеткізіледі. Тауарға тапсырыс берген кезде, өзіңіздің үйіңізге не кеңсеңізге жақын жерге орналасқан беру пунктін таңдауыңызға болады. Мен өз кеңсеме жақынын, Жароков 186 мекенжайындағысын таңдадым. Себебі, кешке жұмыстан қайтқан соң жол-жөнекей алып кеткім келді. Беру пунктері 10:00-ден 21:00-ге дейін істейді екен. Яғни, жұмыстан 18:00-де шығып барсам да, заттарымды алып үлгеремін.
Teez арқылы тауарларға 24 қыркүйек түстен кейін тапсырыс бердім. Ертесіне тауардың беру пунктінде екені туралы хабарлама келді. Осыған ұқсас басқа маркетплейстермен салыстырып қарасам, мұншалықты көп тауарды бір мезетте жеткізген осылар екен. Жұмыстан шыға сала, беру пунктіне бардым. Онда Teez қызметкері жылы шыраймен қарсы алды. Тапсырыс нөмірімді көрсеттім, бір минут болмай тауарларымды қоймадан әкеліп берді.
Тауар өте жақсы оралған
Өзіме қажет заттар әртүрлі формада. Швабра сияқты үлкен, құлаққап сияқты техниканы, қобдиша сияқты ұсақ затты және адамдар сапасына аса мән беретін киім-кешекті қалай алып келеді екен деген ой болды. Дегенмен, олардың қызметі көңілімнен шықты. Барлығын өзінің брендімен түстес қағазға орап, мықтап бекітіп қойған екен. Ал шелек пен швабраны әбден ораған екен. Teez қызметкері тауарларды дәл осы жерде тексеріп алуыма болатынын айтты. Сонда тұрып, бәрін қарап шықтым: ештеңе сынбаған, бүлінбеген. Беру пунктінде техниканы тексеруге арналған орын бар екен. Ноутбук, смартфон сатып алғандар құрылғыны сол жерде қосып, істеп-істемейтінін тексере алады. Оған қоса, киімдерді киіп көруге арналған бөлме де бар. Ол жерде сатып алған киіміңізді киіп көруге болады.
Тауарлар 1 күнде келді
Тауар дәл суреттегідей болып шықты
Онлайн сауда-саттық жасағанда бәріміздің ойымызда «Тауар суреттегідей ме екен? Көңілімнен шыға ма?» деген сұрақ тұрады. Мені де бұл ой мазалағанын жасырмаймын. Teez қосымшасында әр тауардың тек аты емес, оның сипаттамасы, яғни түсі, өлшемі, неден жасалғаны жазылып тұрады. Сондықтан, сипаттамасына сай болды, әрі түрі де қалағанымдай, суреттегідей әдемі болып шықты. Оны фотолардан байқауыңызға болады.
Жұмысыма қажет тауардың бәрін бір жерден таптым
Әдетте, басқа маркетплейстен тауарға тапсырыс бергенде әр затты бөлек таңдап себетке саласың. Бірақ, олардың біреуі ертесіне келмейді, біреуі үш күннен соң, енді біреуі бес күннен соң келуі мүмкін. Мұндай кезде беру пунктін белгілесең, барлық тауардың келгенін күтіп қаласың. Себебі, әрбір тауарға бөлек-бөлек барып жүргің келмейді. Ал жеткізу қызметін таңдасаң, курьер де оны бірнешеге бөліп әкеледі және ол келген уақытта үйде болуың керек. Ал әдетте, курьерлер нақты келетін уақытын емес, шамамен төрт-бес сағаттық уақыт аралығын айтады. Осы уақытта үйден шықпай отыруың керек. Осы жағынан сәл ыңғайсыз еді. Ал Teez-де бәрі жеңіл.
Мәселен, мен журналист болған соң үнемі мақала жазамын, ноутбугымды арқалап жүремін. Сұхбатқа барып, смартфонның диктофонына оны жазып алып, оны жұмысқа келіп, тыңдап жазамын. Өзіме жаңа құлаққап пен ноутбукқа арналған сөмке керек болып жүрген. Соларды сатып алдым. Оның үстіне, ноутбук төмен орналасқан соң, еңкейіп отырып, мойным ауырып жүрді. Сондықтан ноутбукты көзіммен бірдей деңгейде биік етіп ұстайтын тіреуіш сатып алдым. Барлығын бір қосымшадан тауып, бірге тапсырып беріп, бәрін бір уақытта алып кеттім де, рахаттана жұмысымда қолдандым.
Мен тек журналист емес, әйел, әрі анамын. Мен де басқа аналар сияқты үйдің заттарына, бұйымдарға қатысты тауарларға қызығамын. Олардың әдемі, сапалы, әрі «минимализм» стилінде болғанын қалаймын. Teez арқылы алған тауарлардың сапасына ризамын. Teez-дің жақсы саудагерлермен жұмыс істейтіні көрініп тұр. Шелек және швабрамен үйді жинап шықтым. Әшекейлерімді қобдишаға салып қойдым. Жуынатын бөлмедегі заттарымды органайзерге салып, жип-жинақы болып қалды. Қызым да жатарда киетін жеңіл киімін киіп, сатып алған ойыншығымен ойнап, дән риза.
Teez-дің жақсы саудагерлермен жұмыс істейтіні көрініп тұр
Мен жейде алғанмын. Соны Teez-дің беру пунктінде киіп көруді шештім. Өкінішке қарай, жейде сәл тар болып қалды. Қызметкерлер қайтаруыма болатынын айтты. Бірден сол жерде бес минутта ресімдеп жіберді. Ал ақшам бір күннен соң шотыма қайта түсті.
Teez өкілдерінің айтуынша, тауарды үйге әкеткен соң да, қайта әкеліп, өткізуге болады. Дегенмен, кейбір тауарларды қайта қабылдамауы мүмкін. Мәселен, техниканы алмайды. Меніңше, орынды шешім.
Тауарды қайтарсаңыз, бірнеше күнде ақшаңызды қайтарып береді
Teez-дің үйге дейін жеткізу қызметі бар. Беру пунктіне бара алмайтын, үлгермей жатқан адамдар курьерді үйіне шақырта алады. Оның қызметі — тегін.
Teez маркетплейсінен курьер қызметі арқылы тағы да тапсырыс беріп көруді шештім. Бұл жолы маған жуынатын бөлмемнен хош иіс шығарып тұратын диффузор қажет болды. Өзі арзан әрі кішкентай зат. Мұндай бір ғана тауарды Teez курьері әкеліп беріп-бермейтінін білгім келді. Дегенмен кіп-кішкентай заттың өзін курьер жылдам, яғни ертесі-ақ әкелді. Оның үстіне, ол келмей тұрып, маған хабарласып, офистемін бе, жоқпын ба, тапсырысты қабылдап алуға мүмкіндігім бар-жоғын сұрап алды. Кейін Teez маркетплейсінің өте сыпайы курьері келді де, мықтап оралған сатып алған затымды қолыма тапсырды. Курьер қызметі өте ыңғайлы екен. Дәл осы қызмет түрін жиі қолданатын сияқтымын.
Teez курьері тауарыңызды үйге дейін тегін әкеп бере алады
Қорытындылай келе, Teez маркетплейсі шынымен-ақ 1 күнде тауарды жеткізіп бере алатынымен ерекшеленеді. Меніңше, ол — мұндай мүмкіндік ұсынатын ең алғашқы маркетплейс. Оны кез келген қазақстандыққа ұсынар едім. Себебі, ол уақыт үнемдеуге, өмірді жеңілдетуге көмектеседі. Қазір Teez-дің беру пункттері Алматыда, Астанада, Ақтөбеде, Қонаевта, Өскеменде, Шымкентте, Қостанайда бар. Олар алдағы уақытта Қазақстанның басқа өңірлерінен көптеген беру пунктерін ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, оларда еліміздің 31 қаласын қамтитын курьерлік жеткізілім де бар.
Ең басты артықшылығы – барлық тапсырысты бір күнде жеткізу
Маркетплейс төрт маңызды дүниені ұстанады. Олар төмен баға, премиум сервис, кең ассортимент пен Қазақстанда ешкім жасамаған, барлық тауарларды бір күнде бүкіл аумақ бойынша жеткізу
Қазақстандық маркетплейс Тeez 2024 жылы еліміздің 29 қаласында ашылады
Teez – бұл әлеуметтік медиа мен электрондық коммерцияның ең жақсы элементтерін біріктіретін бірегей платформа