Оқуға арналған ноутбук таңдағанда неге мән берген жөн?
Қазір студенттер мен оқушылар түрлі жоба, презентация, 3D модельдеу, дизайн және тағы басқамен айналысады. Сол себепті оларға қуатты ноутбук қажет. Ноутбук таңдағанда мына сипаттамаларына мән берген жөн:
  • Өнімділігі. Қазіргі заманғы оқу бағдарламалары мен қосымшалар жоғарғы қуатты талап етеді.
  • Экран. Көзді ауыртпайтын, анық көрсететін үлкен экран болғаны жөн.
  • Салмағы мен көлемі. Жұқа әрі жеңіл ноутбукты кітап-дәптермен бірге сөмкеге салып, оқу орнына, кітапханаға немесе коворкингке арқалап апарған ыңғайлы.
  • Төзімді. Оқу – бұл әрқашан қозғалыс пен белсенділік. Сондықтан құрылғының корпусы мықты, төзімді болуы керек.
Оқуға арналған ТОП-3 ноутбук
ASUS TUF GAMING A16
ROG ZEPHYRUS G16
ROG STRIX G 16
Оқуға арналған ASUS-тың ТОП-3 ноутбугы:
сенімді көмекшіні қателеспей қалай дұрыс таңдауға болады?
Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Мектепте, колледжде, университетте оқитын немесе жаңа білім алып, дағды қалыптастырып жүргендерге қандай ноутбук таңдау керек? Stan.kz ақпарат агенттігі ASUS-тың үздік 3 ноутбугынан тұратын топтама ұсынады.
ASUS TUF Gaming A16/ F16 (2025)
CPU AMD Ryzen™ 9 8940HX
Процессоры
NVIDIA® GeForce RTX™ 5070
Видеокартасы
65 ГБ-ға дейін
Оператив жады
сағатына 90 Вт
Қуаттағышының аккумуляторы
2,20 келі
Салмағы
Intel Core Ultra 9 275HX
Процессоры
NVIDIA® GeForce RTX™ 5070
Видеокартасы
65 ГБ-ға дейін
Оператив жады
сағатына 90 Вт
Қуаттағышының аккумуляторы
2,20 келі
Салмағы
ASUS TUF сериясының модельдері — оқушылар мен студенттер үшін бағасы мен сапасы тиімді үйлескен, көп мүмкіндікке ие, қуатты, функционалды әрі дизайны ерекше ноутбуктар. Мұндай құрылғылар оқуын шығармашылық тапсырмалармен ұштастыратын, бағдарламалау, информатика және робототехникаға қызығатын, ал бос уақытында ойын ойнағанды ұнататын білім алушылар үшін таптырмас көмекші болады. Мұның бәрі ноутбуктың жасанды интеллектіге негізделген қуатты процессор мен видеокартасының арқасында.

Мысалы, ASUS TUF Gaming A16 / F16 ноутбуктарымен Word немесе Google Docs-та реферат жазып, PowerPoint-та презентациялар жасау ғана емес, Blender, Adobe Premiere, Photoshop, Tinkercad, CapCut және басқа да бағдарламаларда толыққанды жобалар әзірлеуге де болады.

Сонымен қатар, оқу жылы барысында оқушылар үйірмелер мен секцияларға қатысып, кешкісін сүйікті ойындарын үйде ыңғайлы жерде ойнай алады.
Intel® Core™ Ultra 9 285H
Процессоры
NVIDIA® GeForce RTX™ RTX 5090 дейін
Видеокартасы
16 дюйм, дисплейі - ROG Nebula OLED
Экраны
240 Гц
Жилігі
100% DCI-P3
Түс гаммасы
3 желдеткіші бар
Салқындату
8 порт
Порттар мен қосылымдар
Ноутбукте тек жоғары өнімділікті ғана емес, сонымен бірге портативтілікті, жеңіл салмақты, стильді және экран сапасын бағалайтындар үшін Zephyrus G16 тамаша таңдау болады. Оның салмағы небәрі - 1,95 келі, қалыңдығы - 1,49 сантиметр. Корпусы берік алюминийден жасалған. Мұндай жеңіл құрылғыны оқушылар мен студенттер де кітап-дәптерге толы сөмкесіне салып алып, күнде емін-еркін арқалап жүре алады.
Жаңа оқу жылында әдетте оқушылар сөмкесінің, киімінің, тіпті қалам салатын пеналының да ерекше болғанын қалайды. Соның ішінде ерекше ноутбукқа да қызығады. Zephyrus G16 дизайнымен бірден көз тартады: минимализм стилінде жасалған, ал корпустың артқы қақпағында — жарық шығаратын диагональды Flash Lighting сызығы бар. Пернетақта жарығын өз талғамыңызға қарай баптауға болады — ол түрлі түстермен құбылып жанып тұрады.
Жеңіл әрі стильді көрінісіне қарамастан, Zephyrus G16 өнімділігі жоғары деңгейде. Онда жасанды интеллектті қолдайтын қуатты процессор мен видеокарта орнатылған, бұл оқудағы тапсырмаларды да, шығармашылық жұмыстарды да тиімді орындауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, ноутбукта OLED-экран бар, соның арқасында экрандағы ақпарат, мәтін, фото, бейне және кез келген басқа контент анық, жарқын, қанық және шынайы көрінеді.
ROG Strix G16/ G18 (2025)
ROG Strix
3 желдеткіші бар
Салқындату
240 Гц
Жилігі
65 ГБ-ға дейін
Оператив жады
Intel® Core™ Ultra 9 процессоры 275HX 2.7 ГГц
Процессоры
NVIDIA® GeForce RTX™ 5080 Laptop GPU
Видеокартасы
ROG Strix сериясының басты артықшылығы — ноутбуктар өте қуатты, тіпті ойын ноутбуктерінің арасында ең жоғары өнімділікке ие. Бұл модельдерде қуатты процессор мен NVIDIA GeForce RTX 5080 Laptop видеокартасына дейін бар. Ал ойластырылған салқындату жүйесі Zephyrus сериясының жұқа модельдеріне қарағанда тиімдірек жұмыс істейді. Бұл ROG Strix-ті үйде жұмыс істеу және ойын-сауық үшін толыққанды стационарлық компьютердің орнына қоюға мүмкіндік береді.
ROG Strix G18 моделі 18 дюймдік үлкен экранмен ерекшеленеді, оның ажыратымдылығы 2.5K, жаңарту жиілігі 240 Гц, IPS технологиясы және көзге зиян келтірмейтін арнайы қабатпен жабылған— бұл ұзақ уақыт жұмыс істеу және ойын кезінде көзге түсетін жүктемені азайтады. Ал G16 моделі 16 дюймдік ықшам форм-фактор ұсынады, сонымен бірге ресурстық бағдарламалармен және заманауи ойындармен жұмыс істеу үшін жоғары өнімділік пен функционалдығын сақтайды.
Кейде оқу барысында бір уақытта AutoCAD-та сызба жасау, браузерде ақпарат іздеу, Zoom арқылы онлайн-сабаққа қатысу және фондық режимде Spotify тыңдау қажет болады. ROG Strix G16 және G18 барлық осы тапсырмаларды қиындықсыз орындайды, сонымен қатар пайдаланушыларға сапалы камерамен онлайн-курстарға қатысуға, кескінді анық көрсетуге, тапсырмаларды орындау кезінде іліп қалмауға және баяуламай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бұл ноутбуктардың барлығының қуатты қуаттағышы бар және Type-C жалғағышы арқылы да қуаттауға болады. Оған қоса бірқатар жалғағыштары бар. Білім алушылар жобасын, тапсырмасын қорғағанда құрылғысын басқа компьютерге, проектор, құрылғыға қоса алады.
Сонымен қатар мұның барлығы ойын ноутбугы екенін де ұмытпаңыз. Дәл осы тізімдегі құрылғылар арқылы ААА деңгейіндегі сүйікті ойындарын, мәселен Grand Theft Auto V, Cyberpunk 2077, Red Dead Redemption 2, Elden Ring, Call of Duty немесе Battlefield 6 және тағы басқа ойындарды ойнай алады.
Бір ноутбук – бүкіл отбасыға
Бұл ноутбуктар оқушылар мен студенттер ғана емес, ересектер үшін де өте тиімді. Сіз фрилансер болсаңыз, қашықтан жұмыс істесеңіз немесе жиі жол жүріп, ноутбукты әрдайым қасыңызда алып жүру қажет болса, дәл осы құрылғылар сіздің күнделікті жұмысыңызды жеңілдетеді. Себебі жоғарыда аталған барлық модель ауыр графикамен, видеомонтажбен, фото өңдеумен немесе 3D модельдеумен айналысатын мамандар үшін де қолайлы. Қорыта айтқанда, бұл ноутбукты отбасы мүшесінің барлығы өз мақсатына қолдана алады.
ASUS осы мәселені ескеріп, кәдімгі кепілдіктен бөлек, Perfect Warranty деген қосымша кепілдік бағдарламасын жасап шығарды. Бұл кепілдік қолданушының өз кінәсінен болған зақымдарды да тегін жөндеуге мүмкіндік береді. Мысалы, мына жағдайларда ноутбукты Perfect Warranty арқылы тегін жөндеуге болады:
Бұл қосымша кепілдік Қазақстанда 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолжетімді. Ол ASUS, TUF және ROG сериялы ноутбуктарын ресми дүкеннен сатып алғандарға да беріледі.
Құлап қалса да, су төгілсе де — ASUS бәрін жөндейді!
Оқушы, студент, тіпті ересек ата-ана абайсызда құрылғысын бұзып алуы мүмкін. Ноутбукты асығып сөмкеге сала салып, партадан құлатып алуы, үстіне су төгіп жіберуі немесе қуаттағышын дұрыс қоспай, тоғы күйіп кетуі әбден мүмкін. Мұндай жағдайда ойға бірінші келетіні – «енді жөндетуге қанша қаражат керек?» деген сұрақ.
жобаны бөлісу
Не істеу керек?
Ноутбук құлап кетіп,
сынды
ASUS компаниясының ресми сайтынан аккаунт ашып, ноутбугыңызды сатып алғаннан кейін 90 күн ішінде тіркеу керек. Сол кезде бұл кепілдік автомат түрде күшіне енеді.
Қорыта айтқанда, ASUS ноутбугын сатып алу – тек қуатты әрі сенімді техника таңдау емес, сонымен қатар байқамай құлатып алуы сияқты жағдайлар үшін де алаңдамау, жан тыныштығын да қамтамасыз ету. Бұл – шынымен де тиімді әрі ұзақ мерзімді инвестиция.
Электр тоқтары салдарынан, құрылғы күйіп кетті
Шай, су немесе шырын төгіліп кетті
Барлық құқықтары қорғалған
ASUS TUF GAMING A16
ROG ZEPHYRUS G16
ROG STRIX G 16