ТЕКСТ ТЕКСТ ТЕКСТ
inDrive компаниясы елімізде спорт саласын дамытуға зор үлес қосып келеді. Осы мақсатта компания «Supernovas» халықаралық әлеуметтік жобасын бастады. Бүгінгі таңда жоба аясында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі балалар тегін футбол үйірмесіне қатыса алады. «Supernovas» Қазақстанның 10 аймағында жұмыс істейді. Бұдан бөлек, Африка мен Латын Америкасы аумағында да балалар спортының дамуына өз үлесін қосып келеді. Stan.kz тілшісі inDrive ұсынған мүмкіндікті пайдаланып, футбол әлеміне аяқ басқан балалар және олардың ата-аналарымен, сондай-ақ жобаның Қазақстан бойынша координаторымен тілдесіп көрді.
«Supernovas» жобасының Қазақстан бойынша орналасқан жері
Жәнібек
Форт-Шевченко
Шалқар
Ұлытау
Зеренді
Благовещенка
алтай
Атакент
Ынтымақ
Талғар
Жаттықтырушы
Координатор
Бала
Тоқтар Ескендіров
«Supernovas» жобасының Қазақстан бойынша координаторымен сұхбат
Алматы облысындағы Талғар қаласында 50-ге жуық бала тегін футбол үйірмесіне қатысады. Олардың ең кішкентайы 6 жаста. Жаттығу өтетін зал «Ковчег» балалар үйінің аумағында орналасқан.

«Supernovas» талай баланың асқақ арманын орындап, ерекше мүмкіндік сыйлап отыр. Халықаралық жобаның Қазақстан бойынша координаторы Тоқтар Ескендіровтің айтуынша, еліміздің 10 аймағында балаларды спортқа баулу үшін 10 жаттықтырушы іріктеп алынған.
«Supernovas» – адамның қызығушылығы мен сүйікті ісі тоғысатын керемет орта. Өзім де бала күнімнен футболға қызығып, Қарағанды қаласындағы академияларда білім алдым. Аулада доп теуіп өстік. Мен негізі химия саласын оқып, «Болашақ» бағдарламасымен Чехияда білім алып келдім. Елге оралған соң мамандық бойынша, уақыт өте банк саласында да қызмет еттім, бірақ әлеуметтік жобаларды қолға алғым келді. Көп ұзамай ғаламтор арқылы «Supernovas» туралы біліп, іріктеуден өттім. Дәл осындай іріктеу арқылы 10 жаттықтырушы қатарымызға қосылды», – деп сөзін бастады ол.
Тоқтар Ескендіров «Supernovas» жобасын бастауға не түрткі болғанын да айтып өтті. Сөзінше, балаларды кішкентай кезінен спортқа баулау идеясын компания басшысы Арсен Томский көтерген екен.
Себебі қалада мұндай үйірмелер жеткілікті, түрлі академиялар да бар. Сондықтан жоба тұрғындар саны 50 мыңға жетпейтін елді мекендерде ғана жұмыс істейді. Ең шалғайы – Орал қаласынан 500 шақырым жерде орналасқан Жәнібек ауылы», – деді Тоқтар Ескендіров.
Жоба координаторының сөзінше, қазір барлығы 600-ге жуық бала тегін үйірмелерге қатысады. Оның ішінде қыздар да бар екен.
Тоқтар Ескендіровтің айтуынша, жаттығу өткізу үшін көбіне мектептің спорт залдарын жалға алады. Кейбіріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған дейді ол.
«Supernovas» жобасы алдағы уақытта да жалғаса береді. Қызығушылық танытқан балалардың барлығын қабылдағымыз келеді. Қазірдің өзінде 600-ге жуық бала тегін жаттығады. Футболға қатысқысы келетін қыздар да көп, бірақ көбіне олардың ата-анасы ұлдармен бірге жаттығуға қатысуына қарсы болып жатады. Дегенмен 40 шақты қыз жаттығуларға тұрақты келеді. Айта кетері, жаттығу барысында балалар бір-бірімен қарым-қатынас орнатады. Келешекте кәсіпқой футболшы атанбаса да, спортқа жақын болып өседі. Жобамыздың маңызы да осында», – деп қосты координатор.
«Қазір біз тұрған «Ковчег» балалар үйінің залы жөндеуді қажет етеді. Мұның барлығы балалардың жарақат алмауы үшін керек. Бірақ біз мемлекет емеспіз, сондықтан инфрақұрылымды толығымен сала алмаймыз. Осыны да түсіну керек», – деді жоба координаторы.
Тоқтар Ескендіров «Supernovas» жобасының тек балаларға ғана емес, өзіне және жаттықтырушылардың да жеке дамуы үшін үлкен мүмкіндік сыйлап отыр екен.
«Мәселен, бұл жобаның арқасында мен Қазақстанның әр аймағында болдым. inDrive компаниясы біздің тұлға және маман ретінде дамуымызға да үлкен үлесін қосады. Ал жаттықтырушыларға арнап біліктілікті арттыруға бағытталған тренингтер өткізеді. Біздегі жаттықтырушылардың көбі жобаға қосылғанға дейін спорт салаларында еңбек еткен. Тек бір жаттықтырушы физика мұғалімі болған. Оларға балалармен дұрыс жұмыс істеуді де үйретеміз. Сондықтан «Supernovas» тек балаларға емес, ересектерге де оң әсер етеді», – деді ол.
«Жобаның басты мақсаты – шалғай аймақтағы балалар үшін тегін үйірмелер ұйымдастыру.
Сұлтанали Аманбай
Талғар қаласындағы «Supernovas» жаттықтырушысы Сұлтанали Аманбай – іріктеу негізінде жобаға қосылған жандардың бірі. Негізгі мамандығы электр энергетик екен.
«Өзім Талғар қаласының тумасымын. Instagram парақшасынан «Supernovas» жобасы туралы ақпаратты көріп, өтініш қалдырдым. Іріктеуден өтіп, жаттықтырушылар қатарына қосылдым. Бұған дейін футболмен шұғылданғанмын, бірақ жарақат алуыма байланысты мансабымды әрі қарай жалғастыра алмадым. Қазір inDrive компаниясы ұйымдастырған тренингтердің арқасында жаттықтырушы ретінде дамудамын деп есептеймін», – дейді Сұлтанали Аманбай.
Тоқтар Ескендіров «Supernovas» жобасын бастауға не түрткі болғанын да айтып өтті. Айтуынша, балаларды кішкентай кезінен спортқа баулау идеясын компания басшысы Арсен Томский көтерген екен.
Жаттықтырушының сөзінше, топтағы балалардың ең кішкентайы 6 жаста. Сондай-ақ ұлдармен бірге қыздар да жаттығады екен. Солардың бірі – Дамели.
«Есімім – Дамели, 5-сыныпта оқимын. Менің ағаларым мен әпкелерім де футболмен шұғылданған. Сондықтан ата-анам футбол үйірмесіне қатысуыма қарсы болмады. Бізге жаттықтырушы футбол ережелерін, допты тура тебуді және гол салуды үйретеді», - дейді Дамели.
Ал 6 жасар Руслан тек футболмен емес, каратэмен де шұғылданады. Футболға қатысып, жаңа достар тапқанын айтады.
inDrivе-тің PR-менеджері Қанат Ногойбаев компанияның басқа салаларда да әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жатқанын айтады.
«Supernovas» Біз жұмыс істейтін жалғыз сала емес. Мәселен, inVision секілді әлеуметтік жобалар да бар. Соның ішінде спорт, ІТ, креативті индустрия да бар. Бұдан бөлек білім беруге бағытталған Begin It жобасы арқылы аймақтардағы жастарды да қамтығымыз келеді. Барлық жобалар inDrive компаниясының қаржысына жүзеге асырылады. Компания СЕО-сының табысының 90%-ы мен кірістің басым бөлігі әлеуметтік жобаларға жұмсалады. Бір қызығы, мұның бәрі компания ішінде жүзеге асады, яғни бізде тек осы жобалармен шұғылданатын топ бар", - деді Қанат Ногойбаев.
Барлық жобалар inDrive компаниясының қаржысына жүзеге асырылады.
Сағынышбек Бұхарбайұлы
«Supernovas» жобасы бойынша Баутино ауылындағы жаттықтырушымен сұхбат
«Supernovas» жобасы бастау алған келесі елді мекен – Маңғыстаудағы Баутино ауылы. Форт-Шевченконың қаласының жанындағы бұл ауылда бүгінде 52 бала тегін футбол үйірмесіне қатысып жүр.

Бүлдіршіндерді жастайынан спортқа баулып, теңбіл топ тебудің қыр-сырын үйретіп жүрген бапкер – Сағынышбек Бұхарбайұлы. Футболмен кәсіби түрде шұғылданатын ол аудандық, қалалық және облыстық турнирлерде көш бастаған екен. Ал inDrive компаниясы бастаған «Supernovas» жобасы туралы естіген соң ойланбастан өтініш қалдырып, жаттықтырушылар қатарына қосылыпты.
«Өзім осы Форт-Шевченконың тумасымын. Кішкентай кезімізден спортпен шұғылданған соң өскелең ұрпақты да спортқа баулу азаматтық борышым деп білемін. Бір бүйрегіміз де спортқа бұрып тұрады. Сондықтан «Supernovas» туралы ести салысымен өтініш қалдырдым. Іріктеу кезеңінде онлайн қабылдаулар, кездесулерге қатысып, өзіміздің еңбек өтіліміз жайлы айттық. Осылайша қыркүйектен бастап бапкер қызметіне кірістім», - дейді ол.
Сағынышбек Бұхарбайұлының айтуынша, «Supernovas» ауыл балаларын қолдау тұрғысынан таптырмас жобаға айналған.
«Ауыл балаларын қолдап, қажетті жабдықтар берді. Бүгін ғана балаларымыз жаңа футбол формасын алды. Мұнда әр бала формаға жазылатын сан мен есімді өзі таңдайды. Бүлдіршіндеріміз қазір танымал футболшыларға қарап бой түзейді. Бұрынғыдай шетелдік спортшыларды емес, Қазақстан құрамасының ойыншылары, Нұрәлі Әліп пен Асхат Тағыбергенді өздерінің кумирі деп біледі. Бұл елімізде футболдың дамып жатқанын, болашағы жарқын екенін көрсетеді», - деп қосты бапкер.
Бүгінгі таңда спорт залына балаларын алып келетін ата-аналардың саны да өсіпті. Солардың бірі – Нұрлан Махмудов.
Үйірмеге қатысатын балалардың ең кішкентайы 6 жаста екен. Олар қазіргі таңда футболдың ережесінен бастап, айла-тәсілдерді де үйреніпті.
«Балалардың достары көбейеді. Олар футболдың не екенін тек теледидардан көріп біледі. Ал үйірмеге келген соң футболға деген көзқарастары өзгереді, өздеріне деген сенімі артады. Басында балалар жаттығу жасағысы келмейді, бірақ қазір өздері жаттығуды сұрайды. Меніңше, мұндай жобалардың көп болуы ауыл жастары үшін маңызды. Себебі талай белгілі спортшылар ауылдан шықты ғой», - деп түсіндірді ол.
«Біз футболда финт жасауды, алдауды, тура соққы жасауды үйрендік. Ағайымыз бізге жаттығу жасатады, соңғы 30 минутта бәріміз бірге ойнаймыз. Өскенде футболшы болғым келеді. Маған испаниялық футболшы Рамостың ойыны ұнайды, себебі мен де ол секілді қорғаушымын», - деді жобаның ең кішкентай қатысушысы Жасұлан.
Жаттықтырушы Сағынышбек Бұхарбайұлы үйірме аясында балаларға тек футбол ойнауды ғана емес, адами құндылықты да бойларына сіңіруге тырысады екен.
«6 жасар ұлым Әбілмансұрды қазірден футболға бердім. Футбол үйірмесіне келгелі көңіл-күйі де жақсы. Бұрын өзім де футболдан бапкер болғанмын, сондықтан спорттың пайдасын білемін. Ұлыма да футбол ұнайды. Үнемі жаттығудан қалдырмауын сұрайды, спортқа деген ынтасы бар. Басында үлкен балалармен ойнаған соң қорқақтайтын, қазір бұл қорқынышын жеңді», - дейді ауыл тұрғыны.
«Жаттығу кезінде де осы туралы жиі айтамын. Бұдан бөлек, спортпен шұғылданған адамдар тәртіпті қатаң ұстанады. Менің қарамағымдағы балалардың да тәртіпті, үлгілі болғанын қалаймын. Әрине, қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету керек. Бұл – ата-ана мен бапкердің ең бірінші жұмысы. Сондай-ақ әр баланың ойын тыңдау да маңызды. Себебі олар да жеке тұлға, өз ойын ашық айтып үйренуі қажет», - деп түйіндеді бапкер.
Бапкердің сөзінше, футболға қадам басқан балалар, ең алдымен, команда мүшелерімен қарым-қатынас орнатуды, топта жұмыс істеуді үйренеді екен.
Балаларға бір-бірін сыйлауды, адамгершілік, үлкенге құрмет көрсету секілді қасиеттерді бойларына сіңіргім келеді.
Ернар Елікбай

inDrive компаниясының бастамасымен тегін футбол үйірмесі ашылған елді мекендердің бірі – Благовещенка ауылы. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында орналасқан бұл ауылда балалар бірнеше топқа бөлініп жаттығу өткізеді екен. «Supernovas» жобасының дәл Благовещенкаға аяқ тірегеніне ауыл тұрғындары да дән риза.
«Мен осы ауылдың тумасымын, 4 жылдан бері жергілікті өрт сөндіру бөлімін басқарамын. Кішкентай кезімізден барлығымыз доп теуіп өстік. Бірақ арнайы алаң болмайтын. Қазір жағдай жақсара түсті. «Supernovas» жобасы басталған соң балаларымыз спорт залында жаттығып, доп және формамен қамтамасыз етілді. Бір жағынан, балалардың бос уақыты зая кетпейді. Бұған дейін үйде телефонмен жата беретін еді. Қазір жаттығуға асығып тұрады. Өзімнің екі балам бар, қызым 6 жастағ ал ұлым 9 жаста. Екеуі де футбол үйірмесіне барады. Аулада да доп теуіп жаттығады. Үнемі жаттығуға апаруымызды сұрайды», - дейді азаматтық қорғаныс капитаны Руслан Шонаев.
«Supernovas» жобасы аясында футбол үйірмесіне қатысып жүрген көп баланың бірі – Ернар Елікбай.
Оқушының сөзінше, «Supernovas» қыркүйекте басталған. Содан бері жаттықтырушы доп тебудің қыр-сырын үйретіпті.
«Аптасына үш күн жаттығуға келеміз. Мұнда барлығы ұнайды, жаттықтырушы да, достарым да бауырмал. Бірге ойнап, бірге жаттығу өткіземіз. Түрлі финттер үйрендік, допты дұрыс тебуді меңгердік. Маған футбол қатты ұнайды, себебі мұнда топпен жұмыс істейміз. Жаттықтырушы да біздің үлкен жетістіктерге жеткенімізді қалайды және бұл үшін барын салады», - деп қосты оқушы.

«7 жасымнан бері күреспен шұғылданамын. Әкем де талай жыл спортпен айналысып келеді. Күрестен бірқатар жарыстарға қатыстым. Мысалы, дзюдодан өз салмағым бойынша облыс чемпионымын. Жақында ұлттық спорт түрлері, оның ішінде асық ату, аударыспақ секілді ойындарға қатыса бастадым. Футболға да қызыққан соң «Supernovas» жобасы туралы ести сала үйірмеге жазылдым», - деді Ернар Елікбай.
Благовещенка ауылы бойынша үйірмеге қатысатын бала және әкесімен сұхбат
«Біздің ауылда футбол дамып жатқан еді. Балалар тек сабақ кезінде футбол ойнайтын. Ал «Supernovas» жобасы басталған соң футболға арнайы уақыт бөлінді. Қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті. Сондықтан жобаның республика бойынша тарап, дамып жатқанына қуаныштымын. Апта сайын жаттығудың кестесі құрылды, белгілі уақыт бар. Талай жарыстар, жолдастық кездесулер өтті. Аудандық жарыста балам футболдан жүлдегер атанды. Жаттықтырушылары да спортқа жақын. Өзі физика-математика пәнінің мұғалімі болса да, футболдың дамуына үлес қосып жүр», - деп қосты Сәлімбай Садуов.

Ол Благовещенкада inDrive ұсынған жобаға іріктеу басталғанын естіген соң ойланбастан баласын тізімге қосқан екен.
Ернар Елікбайдың әкесі Сәлімбай Садуов ұлының бала күнінен спортқа бейім болып өскенін қалайды. Сондықтан жан-жақты тәрбие алуы үшін толықтай қолдау көрсететінін айтады.

«Өзім физика-математика пәнінің мұғалімімін. «Supernovas»-қа қосылған соң бізге бапкерлік жайлы тренингтер өтті. Балалармен жұмыс істеуді үйрендік. Қазір футболға деген қызығушылық жоғары деңгейде деп айта аламын. Футболмен тек ұлдар емес, қыздар да айналысады. Топтарда 10 қыз бар, ұлдармен бірге жаттығады, керемет нәтижелерге қол жеткізді. Келешекте балаларымның арасынан футбол жұлдыздары шығады деп сенемін. Қазақстан ұлттық құрамасында ойнап, ауылды мемлекетке танытса, менен бақытты жан болмас», - деп сөзін аяқтады бапкер Жанат Әшімов.

«Қазір елімізде де елді мекендерді дамыту, соның ішінде ауыл халқының спортпен шұғылдануына үлкен мүмкіндіктер беріліп жатыр. Ауылдарда спорт кешендерін де ашты. Сондай кешеннің бірі біздің Благовещенкада да бой көтерді. Мен де баламның белгілі спортшы атанып, еліміздің атын шығарса деймін. Бұрыннан күреспен шұғылданады. Тек бір бағытта қалмасын деген оймен ұлттық спортқа да бейімдеп жүрмін. Мұның барлығы Ернарымның тұлға болып қалыптасуына септігін тигізбей қоймайды», - деді Сәлімбай Садуов.

Благовещенка ауылында бүлдіршіндерді Жанат Әшімов жаттықтырады. Бала кезінен футболға қызыққан бапкер «Supernovas» жобасына өтініш қалдырып, үйірменің осы ауылда ашылуына септігін тигізген.