Еске салайық, бұған дейін
Freedom Bank-пен бірге
“Жұмса да, жина” жобасы аясында бірнеше қаржы кеңестерін ұсынған едік.
Толығырақ сілтемеден оқи аласыз.
1. Қаржы сауатын үнемі арттырып отырыңыз
Ақшаны басқару тек табысқа емес, білімге де байланысты. Пайыз, инфляция, салық, депозит шарттарын түсінген адам қаржылық қателіктерді сирек жібереді және дұрыс шешім қабылдайды.
2. Салықтың өсетінін ескеріп, табысты алдын ала жоспарлаңыз
2026 жылы елде енгізілетін салық өзгерістері әр қазақстандыққа әсер етпей қоймасы анық. Сондықтан табысты тек «қағаз жүзінде» емес, барлық салықтар мен міндетті төлемдерден кейінгі нақты сомамен жоспарлау қажет. Бұл - күтпеген қаржылық қиындықтан сақтайтын алғашқы қадам.
3. Инфляциядан қорғану үшін ақшаны “жастықтың астында қалдырмаңыз”
Инфляция жыл сайын ақшаның сатып алу қабілетін төмендетеді. Қаражат картада немесе қолма-қол жатса, ол көзге көрінбей арзандай береді. Сол себепті кем дегенде инфляцияны жабатын қаржы құралдарын пайдалану маңызды.
Депозит ақшаны сақтап, тәртіпке үйретеді. Ай сайын автоматты түрде ақша аударылатын депозит қаржылық тұрақтылықтың негізін қалайды.
4. Кірістің кемінде 10%-ын “қауіпсіздік жастығын” құруға жинаңыз, мұндағы ақша 3–6 айлық шығынға жетуі керек
Ақша жинаудың басты ережесі - жоспар. Алдымен кірістің 10%-ын жинаққа бөліп қою, кейін қалғанын керек нәрсеге жұмсау ең дұрыс тәсіл. Уақыт өте бұл сома өсіп, қаржылық еркіндікке негіз болады.
Өмірде барлығы тұрақты болмауы мүмкін: жұмыс ауысуы, денсаулыққа байланысты шығын, табыстың азаюы және т.б. Осындай сәттерде қарызға кірмей, сабырмен шешім қабылдау үшін қауіпсіздік жастығы қажет.
5. Кешбэк жинап, шығынның бір бөлігін қайтарып алыңыз
Кешбэкті дұрыс қолдансаңыз, ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі. Оны күнделікті шығынға араластырмай, бөлек жинау арқылы жыл соңында айтарлықтай сомаға қол жеткізуге болады.
6. Шығынды азайту емес, саналы бақылауды үйреніңіз
Бар мәселе үнемдеуде емес, бейберекет жұмсауда. Шығынды жазып, айына кемінде бір рет талдау арқылы қажетсіз төлемдер өздігінен көріне бастайды.
Ақша - көңіл күйге тәуелді болмауы керек. Жүйелі жоспар, нақты мақсат және тәртіп бар жерде қаржы да тұрақты болады.
7. «Ақылды жазылуларды» пайдаланыңыз
Жазылуларды тоқсан сайын бір рет тексеріп, айына кемінде екі рет қолданатын қызметтерді ғана қалдырыңыз. Себебі ұсақ әрі тұрақты төлемдер байқалмай жүріп, бюджеттің едәуір бөлігін алып қояды.
8. Несие - әдет емес, құрал болуы керек
Несиені тек мына мақсаттарда ғана алыңыз:
- табыс әкелетін активтерге;
- жеке немесе кәсіби дамуға;
- эмоцияға емес, өмір сапасын жақсартуға.
Артық төлемсіз бөліп төлеу жүйелері және мөлшерлемесі төмен несиелер қаржылай көмек болуы мүмкін.