Altel TV сервисі – (
Android, iOS, Smart TV үшін) ұялы оператордың экожүйесінің негізгі элементтерінің бірі. Оның маңызды артықшылықтарының бірі – бұл сервис Altel және Tele2 желісінде тарифтелмейтінінде. Яғни, Altel TV-да жұмсалған мегабайттар пакеттің лимитін алмайды.
«Көптеген пайдаланушылардың басты қиындықтарының бірі - контенттің бөлшектенуі: фильм - бір жерде, сериал - басқа жерде, ал матч немесе концерт үшінші жерде орналасады. Көптеген жазылымдар мен шоттар жаңылыстыратыны сөзсіз. Оның үстіне адамдар жазылуды ұмытып, ақшасы босқа кетеді. Altel TV қосымшасындағы жаңа QINO жазылымы all in one, one for all идеологиясы бойынша істейді, яғни бір қызмет контентке деген қажеттілікті максимал әрі тиімді түрде жабады.
Бір күндік те (100 теңге), бір айлық та (2200 теңге) тариф болады. Кейбір адамдарға бір күндік тариф ыңғайлы – олар маңызды оқиға болып жатқанда ғана жазылады. Бұл – ақылды, бағаға мән беретін әрі тарифті ұтымды қолданатын аудитория. Біз бұл тарифті дәл осындай адамдарға арнап іске қостық. Оған қоса триал (тегін демоқолжемділік) бар: айлық тарифке жазылса, өнімді 30 күн тегін, бір күндік тарифке қосылса, өнімді 7 күн тегін қолдана алады», - дейді Tele2/Altel компаниясының Altel TV Product Owner Бақтыбек Айтбаев.
Altel телеком-операторының өнімдер желісінде
Altel TV қосымшасы 2019 жылдан бері істейді. Ол 200-ден астам қазақстандық, ресейлік және батыс телеарналарымен, сондай-ақ 4 онлайн-кинотеатрмен (MEGOGO, Start, Wink, Qazaqsha) лицензияланған контентке қолжетімді етеді.
Tele2/Altel компаниясының Altel TV Product Owner Бақтыбек Айтбаев сервистерінің артықшылықтарын және лицензияланған контент тұтынудың маңызын айтып берді.
QINO-да 200 арна және 4 онлайн кинотеатр бар: Amediateka (фильмдер мен телехикаялар, HBO-ның «Тақтар ойыны», «Айдаһар үйі», «Сопрано» сынды контенттер ұсынады), Viju (Голливуд блокбастерлерінен құралған кинотеатр), PlanB (фильмдер мен телехикаялар) және Octagon (ММА лигасының жекпе-жегі). Сондай-ақ жақын арада басқа ұялы байланыс операторларының тұтынушылары да бұл өнімді қолдана алатын болады.
Altel TV миссиясы – лицензияланған контентті қолжетімді ету
«Қазіргі уақытта Altel TV пайдаланушыларына лицензияланған контентті қолдануға мүмкіндік береді. Бұл контент авторларының авторлық құқықтары сақталады. Яғни, контент авторлары бізден қаралған фильмдер, бағдарламалар мен хабарлар арқылы ақша таба алады. Осылай, біздің қызмет контент дайындайтындарды ынталандырып, авторлардың дамуына көмектеседі. Altel TV миссиясы – лицензияланған контентті сұранысқа ие әрі әрбір қазақстандық азамат емін-еркін қолдана алатындай ету.
Біздің зерттеуіміз бойымызша, қазақстандық азаматтың 80%-ынан астамы пираттық контентті пайдаланады. Бұл бүкіл нарыққа зиян. Бұл жағдайдан жергілікті шағын фильмдер мен телехикая өндірушілері зардап шегеді. Өкінішке қарай, отандық бейнесервистердің басты бәсекелесі Netflix немесе Ivi сияқты сала алыптары емес, пираттық жүйелер. Қазақстанда күніне орта есеппен 400 000 адам пираттық ресурсты қолданады. Мұндай ресурстар, олардың көшірмесі өте көп. Миллиондаған қазақстандық азамат күн сайын пираттық контентті көреді. Ал бұл сала ай сайын миллиардтаған теңге жоғалтады», - дейді Tele2/Altel компаниясының Altel TV Product Owner Бақтыбек Айтбаев.
Tele2/Altel компаниясының Altel TV Product Owner
«Дегенмен пираттық ресурстармен жеке-жеке күресу мүмкін емес. Бұл «жаумен» күресте барлық экожүйе қатысушылары: контент жасайтындар, дистрибьюторлар, платформалар, байланыс операторлары мен реттеушілер бірігуі керек. Операторлардың пираттық ресурстарды бұғаттауы – жалпы шаралар кешенінің аз ғана бөлігі. Авторлық құқықтарды сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шараларға аса мән берген жөн. Себебі лицензияланбаған контентті тұтыну авторлар мен контент иелеріне және бүкіл ұлттық экономикаға зиян келтіреді. Адамдардың менталитеті өзгеруі керек. Олар "мен пираттық ресурстарды көрсем, керемет фильмдер түсіретін өзімнің көршіме және елімдегі жоғары сапалы контенттің дамуына кедергі келтіремін" дегенді түсінуге тиіс. Сондай-ақ пираттық экожүйенің басқа қатысушыларына – қарақша сайттарда жарнама тарататын жарнама желілерінен бастап, сол жерде жарнама арқылы осындай ресурстарды қоректендіретін компанияларға шара қолдану керек. Әрине, экожүйенің барлық қатысушының бірігуі маңызды. Бірақ ресурстарды жүйесіз блоктау тиімсіз», - дейді Tele2/Altel компаниясының Altel TV Product Owner Бақтыбек Айтбаев.