Tele2/Altel компаниясының қауіпсіздік дирекциясының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі сарапшысы Данияр Оржановтың айтуынша, адам өзін алдап, ақшасын ұрлап алған алаяқтың нөмірін білсе, полицияға хабарласуы керек. Кейін полиция байланыс операторына сауал жолдайды. Осындан соң барып қана байланыс операторы нөмірге қатысты ақпаратты беріп, алаяқтық ісін ашуға көмегін бере алады.
Stan.kz Ақпарат Агенттігі
Барлық құқықтары қорғалған
Altel байланыс операторы алаяқтарды ұстау үшін құқық қорғау органдарына қалай көмектеседі?
"Біздің Қауіпсіздік дирекциясымыз корпоративтік қауіпсіздікті, соның ішінде ақпараттық, физикалық, кадрлық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Біз құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесіп, тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша абоненттер туралы қызметтік сипаттағы мәліметтерді сұраулар мен қаулылар негізінде (қоңыраулардың егжей-тегжейі және басқа да мәліметтер) ұсынамыз. Мұндай ақпарат қызметтік сипатқа ие, сотқа дейінгі тергеу құпиясымен қорғалған және тек құқық қорғау органдары мен соттың сұраулары бойынша беріледі, үшінші тұлғаларға берілмейді", - деп түсіндірді Данияр Оржанов.
Tele2/Altel компаниясының қауіпсіздік дирекциясының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі сарапшысы
Сарапшының сөзінше, 2023 жылдың ортасынан бастап олардың Қауіпсіздік дирекциясы байланыс операторлары арасында жаңа бағыт — киберқылмысқа қарсы іс-қимыл функциясын жүзеге асыра бастады. Мұндай бағыт басқа ешбір байланыс операторында жоқ. Жаңа бағыт ақпараттық қауіпсіздік жағдайларын, байланыс желілеріндегі алаяқтық әрекеттерді мүдделі қызметтермен бірлесе жинауға, өңдеуге және зерттеуге көмектеседі. Оған қоса күдікті әрекеттер туралы мәліметтерді құқық қорғау органдарына береді. Компания ресурстарын пайдалана отырып, күдікті жағдайларға себеп болған мәселені жою үшін алдын ала шара әзірлейді, киберқылмыс пен интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласында ҚР заңнамасын жетілдіруге ұсыныстар әзірлейді.
Tele2/Altel телекоммуникация саласындағы киберқылмыстың алдын алу және жолын кесу үшін ІІМ, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қатысатын жұмыс топтарының, заңнаманы жетілдіру және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша түрлі жұмыс топтарының құрамына кіреді. Мысалы, компания қызметкерлері сим-бокстарды анықтауға үнемі көмектесіп отырады. Мұндай құрылғылар бір сәтте мыңдаған абонентке хабарлама жіберуге қабілетті. Кейінгі уақытта оларды алаяқтар мен түрлі бот-ферма жиі қолдана бастады. Қазақстан Республикасының ІІМ-мен бірлесіп, осы жылдың жазында Қазақстанның аймақтарында сим-бокстарды пайдалану бойынша 4 нүкте анықталып, алаяқтық схемалардың ұйымдастырушылары ұсталды.
“Қаржы қауіпсіздігін сақтау үшін Қауіпсіздік дирекциясының атынан ақпараттық-коммуникациялық гигиенаны сақтауға кеңес беремін. Күмәнді сайттардан немесе мессенжерлер арқылы алынған фото және бейне ақпараттардағы сілтемелерді жүктемей, ашпаңыз. Ұялы байланыс операторларының, банктердің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атынан жеке деректерді, СМС арқылы активация кодтарын беруді талап ететін өтініштер түссе, әңгімені дереу тоқтату керек. Мұндай күмәнді абоненттерді тексеру және қоғамдық қосылу шартына қайшы келетін әрекеттерді бұғаттау үшін бұл туралы байланыс операторының колл-орталығына хабарлаған жөн. Тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді бетпе-бет кездеспей сатып алғанда сақтық танытқан, сенімді қосымша арқылы іске асырған жөн”, – дейді Данияр Оржанов.
Оған қоса Altel байланыс операторы өзінің
ресми сайтында алаятық іс-әрекетке қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп қойған. Мәселен, сізге біреу хабарласып, телефон нөміріңіздің жарамдылық мерзімі біткенін айтып, оны ұзартуыңыз қажет дейді. Altel байланыс операторының ақпараты бойынша, нөмірлер мен SIM-карталарда жарамдылық мерзімі деген болмайды. Біреу оны ұзарту керек немесе ауыстыру керек деп тұрса, ол алаяқ болғаны. Ондай қоңырауды ойланбастан өшіріңіз. Осындай күмәнді жағдайға тап болсаңыз, 611 нөміріне, +7 727 259 87 77 нөміріне хабарласуыңызға немесе + 7 (700) 800 08 80 WhatsApp нөміріне жазуыңызға болады. Оның үстіне, Altel байланыс операторы акциялары мен ұсыныстарын тек ресми парақшаларында ғана хабарлайды (
Instagram,
TikTok,
Vk,
Youtube.)
Қорытындыласақ, цифрлы технология дамыған уақытта қаржы қауіпсіздігі мәселесі де өзекті болып тұр. Себебі смартфонымыздағы әрбір қолданба, әлеуметтік желі мен интернетке жариялаған әрбір ақпаратымыз оған қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті киберсауатты болу маңызды. Мамандардың жоғарыда айтқан пікірлеріне сүйеніп, мынадай қорытындыға келуге болады.
Не істеу керек?
• әлеуметтік желідегі парақшаны жабық ұстаған жөн;
• әлеуметтік желідегі парақшаңыздың құпиясөзін жиі ауыстыру керек;
• екі факторлы аутентификация қою керек;
• смартфонды қажетсіз қолданбалардан тазарту керек;
• сенімді Wi-Fi желісін ғана қолданған дұрыс;
• онлайн сауда үшін виртуал карта қолдану керек;
• картаңыздағы қаражатқа қатысты күмәнді қоңырау не хабарлама алсаңыз,
тікелей банкке немесе байланыс операторына хабарласыңыз.
• сыни ойлау керек
Не істемеу керек?
• өзге адамға жеке деректеріңіз бен құпиясөзіңізді айтпаңыз;
• бейтаныс нөмірлердің хабарламасына жауап бермеңіз;
• барлық қолданба үшін бірдей құпиясөз қолданбаңыз.
• күмәнді сілтемелерді баспаңыз;
• “Ақша аудар” деп қоқан-лоқы көрсететін бейтаныс адамдардың сөзіне сенбеңіз.
• алаяқтар хабарласса, оларды мазақ етіп сөйлесуден аулақ болыңыз. Оның орнына банкке немесе байланыс операторына, құқыққорғау органына жүгініңіз.