"Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі": Лайк, пікір, репост үшін жауапқа тартылып кетуіңіз мүмкін бе?
Интернет – кәдімгі өмірдегідей этикет пен қауіпсіздікті талап ететін кеңістік. Дегенмен адамдар кейде әлеуметтік желідегі не сайттағы контентке лайк басқанда, пікір жазғанда не оны бөліскенде, оның салдары болуы мүмкін екенін ойламай жатады. Тіпті осы әрекеті үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін де ескермейді. Сіздің басқан лайк нені білдіруі мүмкін? Қандай контентті бөлісуге болмайды? Адамдар қандай пікірі үшін сот алдында жауап беруі мүмкін? Желіде контентті бөліскенде нені ескеру керек? Бүгінгі материалда Stan.kz ақпарат агенттігі мен Altel байланыс операторы мамандардың сөзіне сүйеніп, осы тақырыпты тарқатып жазады. 
Айта кетері, Stan.kz ақпарат агенттігі мен Altel байланыс операторының цифрлық қауіпсіздікке қатысты жобасы аясында шығып жатқан материалдарын #Желідеқауіпсізбол хэштегі бойынша оқи аласыздар.
28 жастағы алматылық мұғалім Ерке әлеуметтік желіде белсенді. Ол қайырымдылықпен айналысатын, тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін еліміздегі танымал бір қордың контентін көретін. Ол үнемі сол қорға азын-аулық ақша аударып, оларды қолдап, контентін, мәлімдемелерін өзінің парақшасында бөлісіп жүрген. Бірақ бірде ол күтпеген жағдай болды. Оған құқық қорғау органдары хабарласып, тергеуге шақырған. Құқық қорғау органдары әлгі қор басшысының үстінен іс қозғалып жатқанын, олардың жалған ақпарат таратқанын айтқан. Полиция Еркеден “Қорға қандай қатысың бар?”, “Не үшін ақша аудардың?”, “Не себепті олардың контентін бөлістің? Сен де жалған ақпарат тараттың” деп сұраған. Дегенмен Еркенің іске тікелей қатысы болмаған соң, аман-есен үйіне оралды. Бірақ Ерке осы жағдайдан соң, әлеуметтік желіде контент тұтынғанда аса қырағы болуы керек екенін түсінген. 
Желіде қалай қауіпсіз боламыз? Арнайы жобамыз жайлы және жарияланған мақалаларды оқып, біліңіз!
ӨТУ
ЕРКЕ
Мұғалім
"Осы жағдайдан кейін әлеуметтік желідегі контентті мұқият сүзгіден өткізіп қараймын. Енді бұрынғыдай кез келген жазбаға лайк басып, репост жасай бермеймін. Қандай да бір бастаманы қолдамай тұрып, оның қызметі туралы көбірек білуге тырысамын, сенімді ақпарат көздерін тексеремін. Қарапайым лайк немесе репосттың өзі белгілі бір ұйымды, ойды қолдағаным болып саналатынын түсіндім. Ал бұл үлкен жауапкершілікті жүктейді. Менің анам да желіде белсенді. Блогерлердің постына өз ойын жазып отырады. Кейде басқа үлкен кісілер сияқты ашуланып, ұрсып пікір жазып жібереді. Анам да менің басымнан өткен жағдайдан соң аса қырағы бола бастады", – дейді Ерке.
Лайк басу, пікір жазу, контент бөлісу -
коммуникацияның бір түрі. Кейде адамдардың осы әрекетіне қарап-ақ, оларды азын-аулық танып білуге болады. Мәселен, адамдар көбіне өзіне ұнаған контентке лайк басады. Ал өзінің белгілі бір әлеуметтік, саяси немесе басқа тақырыпқа қатысты жеке көзқарасын, позициясын білдіру үшін жазбалардың, сурет не видеоның астына пікір жазады. Кейде контент авторын қолдау үшін де жазады. Ал өзіне қызық болған немесе талқылағысы келген контентті бөлісуді жөн көреді. Заңгер Бауыржан Закидің айтуынша, қазіргі қоғамда мұндай коммуникация түрінің болғаны маңызды.
Бауыржан Заки
Заңгер
“Қазір адамдар, әсіресе жастар офлайн қарым-қатынас құрмақ түгілі онлайн қарым-қатынас кезінде хат жазудың өзіне ерініп жатады. Тіпті бір-бірімен видео байланыс арқылы хабарласады, аудио хабарлама жолдайды. Әрине, бұл өмірді жеңілдетеді. Десе де, адамдар жазу сауатын, қатесіз жазуды да ұмытпағаны жөн. Осы жағынан қарағанда әлеуметтік желіде лайк басу, пікірін жазу, жазба бөлісу – өте маңызды фактордың бірі. Адамдар осылай жазбаша коммуникацияны дамытады, жазбаша сауаты артады, пікір алмасады”, – дейді заңгер Бауыржан Заки.
Дегенмен маман кез келген контентке лайк баспай, пікір жазбай, оны бөліспей тұрып, ойлану керек екенін айтты. “Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі” демекші, интернеттегі бұл қарым-қатынас түрі – эмоциялық тұрғыдан да, заң тұрғысынан да жауапты іс.
Лайк: бір ғана лүпіл жеке позицияңызды көрсетуі мүмкін
Лайк – интернеттегі ең қарапайым әрі оңай әрекет. Адам лүпілді бір рет басып қана суреттің, видеоның не жазбаның өзіне ұнап тұрғанын жеткізе алады. Әрине, кез келген адам өзіне не ұнап-ұнамайтынын, қандай контентке лайк басатанын өзі шешеді. Десе де, лайкты да оңды-солды баспаған жөн. Себебі ол сол контенттің мазмұнына келісетініңізді білдіруі мүмкін. Мәселен, кейінгі кезде Қазнетте тұрмыстағы зорлық-зомбылық тақырыбы қызу талқыланып жатыр. Әлдекім “Әйел адам – тілінен табады. Оларды ұрып тұру керек” деп пікір айтты делік. Сіз осы жазбаға лайк басып өтіп кетсеңіз, өзгелерге осы пікірді – мизогонияны, виктимблеймингті қолдайтын адам болып көрінуіңіз мүмкін. Осылай, сіз таныстарыңыздың, әріптестеріңіздің арасында беделіңізді түсіріп аласыз.

Сонымен қатар адам құқығын, шекарасын, заңды, тәртіпті бұзатын, моральға қайшы контентке лайк басып, оның көпшілік арасында көптеп тарауына ықпал етесіз.
Пікір жазғанда нені ескеру керек?
Қазақстанның әр азаматы кез келген мәселеге қатысты өз ойын ашық білдіруге, пікірін айтуға, жазуға бөлісуге құқылы. Тіпті, сыни көзқарасымызды да айтуға болады. Дегенмен ол мораль және заң тұрғысынан асып кетпеуі керек. Мәселен, шамамен бір жыл бұрын блогер Ырысбала Икрамбай өз оқырманының үстінен арыз жазбақ екенін айтты. Бұған оқырманының Ырысбаланың видеосы астына жазған пікірі себеп болды. Оқырман блогерді балағаттап пікір жазған. Нәтижесінде Ырысбала Икрамбай оқырманның оған жала жапқанын, пікірі жалған ақпарат екенін айтып, ар-намысына, беделіне нұқсан келтірді деп айыптады. Бірақ соңында оқырман кінәсін түсініп, кешірім сұраған соң блогер сот ісін қозғамады.
Өкінішке қарай, елде әнші-әртістердің жеке парақшаларында пікір ретінде кемсітіп, балағат сөз жазатын адам көп. Ол әртістер істі бей-жай қалдырмай, сотқа жүгінсе, ондай пікір жазған адам жауапқа тартылуы мүмкін. Міне, осындай жағдайларға тап болып қалмас үшін жеке пікірді де саралап жеткізу керек. Заңгер Бауыржан Закидің айтуынша, пікір жазғанда мыналардан аулақ болу керек:
  1. жалған ақпарат таратпаған жөн;
  2. адамның жеке шекарасын бұзбаған жөн;
  3. адамның ар-намысына, беделіне нұқсан келтірмеген жөн;
  4. балағаттауға, буллинг жасауға, қорлауға болмайды;
  5. заңға қайшы заттарды, әрекеттерді насихаттамаған дұрыс.
“Пікіріңізді контент авторы мен басқа оқырмандар дұрыс түсінбей қалуы мүмкін екенін түсінсеңіз, бірақ ойыңызды білдіргіңіз келіп тұрса, авторға жеке хабарлама етіп жазыңыз. Оған сыпайы түрде пікіріңізді жеткізіңіз”, – дейді заңгер.
Репост: қандай жазбаларды бөлісуге болмайды?
“Қазір әлеуметтік желіде түрлі паблик бар. Олардың барлығы дұрыс, шынайы ақпарат тарата бермейді. Кейбірі заңға қайшы жазбалар салып жіберуі мүмкін. Әрине, ең әуелі алғашқы дереккөз ретінде олар жауапқа тартылады. Дегенмен интернет қолданушысы контентті сүзгіден өткізіңіз. Одан кейін оған қатысты пікір жазғанда да абай болыңыз. Мәселен, рұқсат етілмеген, қауіпті жиындарға шақырмаңыз. Ресми дерекке сүйенбей, адамға жала жаппаңыз. “Пәленше ауылының әкімі Пәленшиев парамен ұсталыпты” деген ақпаратты таратқыңыз келсе, ресми дереккөздерден қарап, тексеріп, шынайы болса ғана бөлісіңіз, пікір жазыңыз. Оның өзінде де адамның жеке шекарасын аттамай, ойыңызды білдіріңіз”, – дейді заңгер.
Жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне қарай өшпенділік көрсететін, араздық тудыратын, адамның қадір-қасиетін қорлайтын мәтіндерді, мемдерді, видеоларды бөліспеген дұрыс.
Заң не дейді?
Қазақстанда лайк басуға, пікір жазуға, жазба бөлісуге тыйым салатын заң жоқ. Бұл – адамның өз еркі әрі қалауы. Бірақ адам бұл әрекеті арқылы жалған ақпарат таратса, біреуді балағаттаса, қауіпті іске шақырса және тағы басқа тыйым салынған әрекеттер істесе, заңның басқа баптары бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Мәселен, зорлықты насихаттайтын, ұлтараздық тудыратын, діни араздық тудыратын контентке, интим, терроризм, саяси төңкеріс сияқты тыйым салынған контенттерге лайк басып, пікір жазып, оны бөліспеген жөн.
Мәселен, адам әлдебір адам туралы жалған ақпарат таратса, Әкімшілік кодекстің 456-2-бабы бойынша айыппұл алуы мүмкін. Ал әлеуметтік желіні қолданып, басқа адамның ар-намысын қорласа, Қылмыстық кодекстің 131-бабы бойынша жазаланады. Адамның ар-намысына, беделіне нұқсан келтіру үшін жала жапса, Әкімшілік кодекстің 73-3-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Қылмыстың ауырлығына байланысты айыппұл төлейді не түзеу жұмысына тартылады не бас бостандығынан айырылады.
Желідегі белсенділіктің астарында не бар?
Психоаналитик Мейіргүл Бимағамбетова желіде белсенді түрде пікір қалдырып, ойын білдіретін жандардың табиғатында өзгелерден қолдау күту, көпке жағыну, оны мақтағанын қалау сезімі бар дейді. Яғни басқалардың мақұлдауына мұқтаж.
Мейіргүл Бимағамбетова
Психоаналитик
“Әлеуметтік желілердегі репосттар мен жарияланымдар көбіне басқа адамдардан қолдау алып, сол арқылы адамның өзін-өзі бағалауын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ ерекшелену, қошеметке ие болу сынды қалау да бар. Көптің назарында болғысы келеді”, – деді ол.
Белгілі бір проблеманы көтеретін немесе резонанс тудыратын посттарға репост жасау арқылы адамдар өзін пайдалы сезінгісі келетінін айтады.
“Жалғыз өзі шешуге қауқары келмейтін тақырыптармен кезіккен кезде желі қолданушылары репост жасайды. Осы тұста олар өз пікірлерін жария ету арқылы мәселені шешуге үлес қосып жатқандай, қоғамдық пікірге немесе әлемдік оқиғаларға әсер ететіндей сезіне алады. Репост жасау арқылы өз құндылығын көтеру қалауы бар”, – деді ол.
Айтуынша, желіде өзіне назар аудартқысы келетіндердің тағы бір типі – жағымсыз пікір қалдырушылар. Улы, ыза мен ашуға толы пікір жазып кетудің басты себебі – агрессияның сыртқа шықпай, жиналып қалуы.
“Шынайы өмірде ұнамаған нәрсесін, наразылығын өмірде көрсетуге батылы жетпейді де, виртуалды әлемде сол буды шығарады. Себебі желідегі адамды табу қиын, сол үшін жазасыз қалатынын біледі. Әсіресе, өзін желіде “бақытты ана” деп жазып қойғанымен, көпке қарғыс айтып, жаман сөз жазатындар бар. Олар “бақытты, мінсіз ана” болып көрінгісі келеді. Сондықтан өзін шектеп, қысым жасайды. Қысымнан жағымсыз энергия толып, ақырында ол желіде төгіледі”, – деді ол.
Желіні қалай ұтымды пайдаланамыз?
Stan.kz тілшісі Қырмызы Скендір қоғамдағы жайттардан хабардар болу үшін үнемі әлеуметтік желілерді бақылап, қолданушылар арасында не өзекті болып жатқанын анықтауға тырысады. Мәселен, жақында Instagram-парақшасында 4 жасар қызының мәселесін баяндап, көмек сұраған алматылық Сарбиназдың оқиғасын байқапты.

Алматыдағы фотостудияда 4 жасар қыздың үстіне 80 келілік үлкен айна құлаған. Соның кесірінен кішкентай Алаяның беті мен қабағы қатты кесілген, миы шайқалған. Сарбиназ фотостудия иелерінің қауіпсіздікті қамтамасыз етпегеніне және істің тергеуі созылып жатқаны үшін желі арқылы қоғамның назарын аударуға тырысты.
Қырмызы Скендір
Stan.kz тілшісі
“Сарбиназдың оқиғасы туралы біліп, соны зерттеуге бел будым, полиция департаментіне қоңырау шалдым. Осылайша мәселе БАҚ беттерінде көрінді. Сол үшін іс полицияның, жалпы қоғамның назарында болады. Ана желіде оқиғасын баяндамаса, көптеген істің бірі болып, назарға ілікпес еді. Желіде позициясын нық білдіргеннің арқасында жан-жақты көмек алып, басқа фотостудиялар мен аналарға сабақ бола алды”, – деді тілші.
Тағы бір оқиғаны астаналық тұрғын Facebook-парақшасында жариялаған еді. Ол әлеуметтік мәселелерді көтеретін арнайы топта тұрғын үйде болған жағдайды баяндаған. Онда тұрғындардың рұқсатынсыз үйдің жертөлесінен ашылған мейрамхана жайлы мәселе көтеріледі. Онымен қоса санитарлық талаптар бұзылып, тұрғындар жағымсыз иістің ортасында қалғанына шағымданады.

Қырмызы бұл мәселеге де назар аударып, мақаласында көтеруді жөн көріпті. Осы себепті Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне жүгінген.
“Тұрғындардың жан-айқайы ақырында құзырлы органдардың құлағына жетті, оларға мән берілді. Яғни тұрғындар уақытын да үнемдей алды, жеке қабылдауға шақырылғанының арқасында толық мәселені баяндауға мүмкіндік алды”, – деді Қырмызы.
Желіні ұрыс алаңына айналдырмаңыз
Stan.kz тілшісі Қырмызы Скендір желіде мәселені көтеру кезінде бірнеше қағидаға сүйенуге кеңес берді.
Сөзінше, артық эмоциясыз, қорлау немесе жалпылаусыз нақты проблемаға фокус қойылғаны абзал. Әсіресе ондай жағдаймен кез келген адам кезігуі мүмкін екенін айтып дабыл қақса болады.
Нақтылық;
Оқиға қай жерде болды, кім істеді, бәрі түсіндірілуі керек. Жалпылама жазу мәселенің шешілуіне септігін тигізбейді, жай негативке айналады.

Фактілер;
Экспрессивті-эмоциялы сөздерден гөрі нақты сандары мен дерегі бар пікір назар аудартады. Сөзіңіз жай ұраннан тұрмауы тиіс. Сіздің мақсатыңыз – оқырмандарды шошыту емес, нақты ойды жеткізу.

Үндеуді бағыттау:
Мәселені шеше алатын құзырлы орган немесе компанияны, нақты адамды атап өту керек. Біреуден нақты талап еткенде, олар қоғам алдындағы жауапкершілікті көбірек сезеді.

Этиканы сақтау;
Желіні ұрыс алаңына айналдырмаған жөн. Өзгеге зиян тигізбей, өз сауалыңызды сауатты жеткізіңіз.
Біріншіден, жоғарыда айтқанымыздай, сіз басқан лайк, жазған пікір, бөліскен пост қылмысқа айналып кетуі мүмкін. Терроризм, дін, интим бейне, рұқсат етілмеген саяси жиын сияқты тыйым салынған әрекеттер жазылған контентті бөліссеңіз не оны қолдап пікір жазсаңыз, заң алдында жауап беруіңіз мүмкін.

Екіншіден, бұл нәрселерге жіті мән берсеңіз, цифрлық сауатыңыз артады. Ақпаратты тексеріп, алғашқы дереккөзді тексерсеңіз, жалған не манипуляцияға толы мағлұматты таратқанның бірі болмайсыз.

Үшіншіден, лайк, пікір, репост – цифрлық әлемдегі ізіңіз екенін түсініңіз. Сіздің әрбір әрекетіңіз интернетте сақталып қалады және оған қарап өзгелер сізді бағалайды.

Төртіншіден, цифрлы әлемдегі сауатты ортаны құрасыз. Әрбір адам ойына келгенін жазса, ешқандай мораль мен норманы сақтамай, контент бөліссе, хаос болары анық. Интернет кеңістігінде өмірдегідей тәртіптің болғанын қаласақ, ол жақтың ережесі мен этикетін сақтаған жөн.

Бесіншіден, адамның өзгеге зияны онлайн өмірде де тимеуі керек. Басқа адамның жеке, құпия дерегі тарап кетуі мүмкін. Келесі жолы сіз де оның орнында болып қалуыңыз да ықтимал. Сондықтан мұндай контентке лайк басып, пікір жазбай, бөліспей тұрып, әбден ойланған жөн.
Лайкқа, пікірге, репостқа қатысты жауапкершілікті не себепті сезіну керек?
Әлеуметтік желіні қалай қауіпсіз қолдану керек?
IT маманы Меруерт Мұқанованың айтуынша, өзгенің парақшасына лайк басқанда, пікір жазғанда, бөліскенде жоғарыда айтылған кеңестерді орындау керек. Сонымен қатар өзі жағымсыз әрекеттің құрбаны болып қалмасы үшін жеке парақшасын жабық ұстағаны жөн. Желіде жеке ақпаратты көп жарияламаған дұрыс. Оған қоса желідегі достары мен ақпараттарды сүзгіден өткізіп отырғаны жөн.

Қорытындай келе, әлеуметтік желідегі қарапайым амалдардың үлкен әрі адамның офлайн өміріне елеулі әсер ететінінін түсінген жөн. Офлайн мен онлайн өмір тығыз байланысты. Сондықтан адамдар пайдалы, өзіне қызық, бірақ өзіне де, өзгеге де зиян тигізбейтін, тыйым салынбаған контентті тұтынғаны дұрыс.
Өкінішке қарай, қазақстандық азаматтың көбі ЭЦҚ-ны қаланың кез келген жеріндегі копи-орталықтардан ашқызып алады да, құпиясөзін ауыстырмайды. Пиғылы жаман адамның қолына ЭЦҚ түссе, ол сол адамның мемлекеттік құжаттарына ие бола алады, оның атынан маңызды, күмәнді құжаттарға қол қоюы мүмкін. Басы бәлеге қалған адам кейін оған қатысы жоқ екенін дәлелдей алмайды. Сондықтан ЭЦҚ қолданғанда мына ережелерді ескерген жөн:
“Мысалы, Meta (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистері Tele2/Altel компаниясының деректер орталығында орналасқан. Егер сіз бұл контентке АҚШ арқылы қол жеткізсеңіз, ақпарат жүктеу айтарлықтай баяу болар еді. Физика заңдарын алдау мүмкін емес: трафик көлемін, пакетті жүктеп, содан кейін оның жеткізілгенін растау керек.

Ал бізбен бірге сіз контентті жылдам әрі еш кідіріссіз тұтына бересіз, қызықты ақпаратты барынша жылдам жүктей аласыз. Біз сервер иелерімен байланыстамыз, олармен орналастыру жұмыстары бойынша келісеміз, серверлерді сатып алып, орнатамыз және қызмет көрсетеміз. Электр қуатын және қызметкерлердің жалақысын төлейміз. Осы қызмет клиенттерге барынша жайлы болуы үшін жасалады. Біздің компанияның техникалық мамандары сондай-ақ тікелей арналар жүргізеді. Себебі кейбір серверлер кэш жасамайды. Мысалы, Telegram арналар. Дегенмен барлығы бұл қызметтің жақсы жұмыс істейтінін сезеді. Өйткені біз ең тиімді маршруттарды ойластырып қойдық. Ол үшін біз шетелде орналасқан жоғары деңгейдегі провайдерлермен арнайы келісімдер жасаймыз”, – деп қосты ол.
Әсіресе, танымал әлеуметтік желілер мен видеосервистерді қолданғанда, контенттің тез әрі үзіліссіз жүктелуі клиенттердің тәжірибесін айтарлықтай жақсартады. Владимир Рядинский осыған да тоқталады.
Мобильді операторлар үздіксіз скроллинг жасауды қалай қамтамасыз етеді?
Контентті үзіліссіз ұсыну үшін смартфон не басқа құрылғының басты бетінде барлық деректер алдын ала жүктеледі. YouTube-те бірден 30 видео алдын ала жүктеліп, көруге дайын болып тұрады. Instagram-да оқуға және көруге болатын пікірлер мен лайктармен бірге бірден 100 пост жүктеледі. Яғни сіз бір секундта желіні ашқан кезде, сіздің сессияңыз кезінде көре алатын барлық трафик алдын ала жүктеліп қояды”, – дейді ол.
"Жүктеме жоғары уақытта Altel операторының мобильді интернетті тұтынуы 2,5 есеге артады. Ең белсінді уақыт кешкі 18:00-ден 21:00-ге дейінгі аралық. Желіні қолдану таңертеңнен бастап қарқынды өседі, кешке дейін артады, ал 22:00-ден кейін төмендей бастайды. График бойынша елестетсек, шамамен кардиограмма секілді көрінеді. Сонымен қатар, желі тұрақты жұмыс істеуі тиіс – бұл оператордың жауапкершілігі. Осы ретте желі тұрақты түрде жұмыс істейді.

Желінің өткізу мүмкіндігі, яғни тұтынылатын трафик көлемі, жыл сайын 30%-ға өсуде. Altel компаниясының техникалық мамандары бұл процесті трафиктің коммерциялық құраушысы тұрғысынан қарайды. Осының негізінде біз абоненттер үшін тиімді ұсыныстар қалыптастырамыз. Сондай-ақ тұтынылатын трафикті талдау Facebook, ВКонтакте, Google және басқа платформалар үшін қосымша кэш-серверлер орнатуға мүмкіндік береді. Бұл клиенттердің тәжірибесін жақсартып, олар үшін барынша жайлы жағдай жасауға бағытталған. Клиент көбінесе бұл айырмашылықты байқамайды, өйткені уақыт өлшемі миллисекундтармен өлшенеді, атап айтқанда, 10-15 миллисекунд. Осылайша тұтынушы ең жоғары сапалы клиенттік тәжірибе алады”, – дейді маман.
“Бір сәтте пайдаланушы жүктелген контенттің соңына жетеді. Сонда жаңарту қажет болады. Кейде пайдаланушылар осы сәтте: "Интернет баяулайды, ұялы оператордың қауқары жетпей жатыр" деп айтады. Бірақ мәселе олай емес. Біз барлық қолжетімді контентті ең басында жүктейміз, ал одан кейін сервис бір сәтте, егер сіз оған дейін жетсеңіз, жаңа контенттің бөлігін жүктеуді ұсынады. Ал үлкен көлемдегі ақпаратты жүктеуге уақыт қажет болуы мүмкін”, – деп түсіндірді Владимир Рядинский.
Владимир Рядинский
Tele2/Altel компаниясының ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы
Көптеген адам ұзақ және қызу жұмыс күнінен кейін асықпай, шалқасынан жатып, әлеуметтік желілерді қарап, күні бойы мазалаған ойлардан арылғысы келеді. Ал сол уақытта оператор желісі жүктемелерге төтеп беріп, жұмысын жалғастыра береді. Мобильді интернетті тұтынудың әдеттегі деңгейін және желі жұмысының ерекшеліктерін білу үшін біз Tele2/Altel компаниясының ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Владимир Рядинскийге жүгіндік. Сарапшы лайк басып, репост жасап, пікір жазуға мүмкіндік беретін желінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін техникалық мамандардың қандай үлкен еңбек атқаратынын айтып берді.
Сондай-ақ сервистерде әрбір пайдаланушы бойынша аналитика барын ескеру қажет. Олар сіздің қызығушылығыңызға жақын контентті болжау механизмін қолданады. Осылайша, үздіксіз скроллинг және желіні шексіз ақтару жүзеге асырылады. Мұндағы мақсат - сіздің көп ақпарат тұтынуыңызға және сәйкесінше көп жарнама көруіңізге мүмкіндік беру.
Видеосервистердің, әлеуметтік желілер мен басқа платформалардың жұмысындағы ерекшеліктер туралы былай дейді.
Әлеуметтік желіде репостты қалай дұрыс жасау керек?
Репост – бұл жай ғана батырманы басу емес, бұл сіздің пікіріңіз, ұстанымыңызды білдіреді. Оның орынды әрі этикаға сай болуын қаласаңыз, мына ережелерді сақтаған жөн:
Ұстанымыңызды нақты білдіріңіз. Әдетте, репост контентпен келісетініңізді білдіреді, демек аудитория оны солай қабылдайды. Егер сіз мәселені сынға алғыңыз немесе оған аудитория назарын аудартқыңыз келсе, бұл туралы қосымша жазу керек.

Артық эмоциядан аулақ болған дұрыс. Сіздің мақсатыңыз – оқырмандарды шошыту емес, нақты ойды жеткізу.

Фактілерді тексеріңіз. Репост жасамас бұрын ақпараттың шынайылығына көз жеткізіңіз. Егер күмәндансаңыз – жарияламаңыз. Бұл сізді жалған ақпараттың таралуына себепкер болудан сақтайды.

Маңызды нәрсеге назар аударыңыз. Аудитория санды емес, сапаны бағалайды. Оқырмандарыңыздың назарын маңызды мәселелерге бағыттаңыз.

Этика мен заң барын қаперіңізде ұстаңыз. Интернеттегі анонимдік жойылып барады, ал жауапкершілік барған сайын артуда. Репост жасамас бұрын, бұл әрекет сізге немесе басқаларға зиян келтірмейтініне сенімді болған дұрыс.
Барлық құқықтары қорғалған